Ағаш өңдеу шеберлігі және оның түрлері

0
2530
Freepik.com

Ағаштардың ішіндегі ең «шешені, сөйлегіші»  қарағай саналады. Қарағайдан домбыраны тұтас шауып та жасайды немесе басқа ағаштан шабылған домбыраның қақпағын міндетті түрде қарағайдан салады.

Шеберлер сан жылдаған тәжірибенің нәтижесінде қарағайдың тербелу арқылы дыбыс шығару қабілеті өте жоғары екендігін дөп басып таба білген. Әдетте, халық шеберлері домбыра жасау үшін таудың теріскей беткейіне ( қапталына )  өскен қарағай діңінің солтүстікке қараған жағындағы жартысын пайдаланады. Өйткені ағаш діңінің солтүстік бағыттағы жартысында шайыры аз, бұтақ өспейді, жылдық сақиналары жиі орналасады. Сондықтан оның дыбыс шығару қасиеті жоғары болады.

Үйеңкі — қатты әрі тығыз ағаш. Сүрегі біртекті ақ сарғыш түсті болып келеді. Домбыраны үйеңкіден тұтас шауып немесе құрап әзірлеуге де болады. Үйеңкі — музыка аспаптарын әзірлеуге қолайлы ағашү

Емен — өте қатты, тығыз, берік ағаш. Ағаш сүрегінің түсі сарғыш қоңыр болып келеді. Емен ағашынан бұйымдар жасағанда өте абай болу керек. Себебі емен өте жарылғыш келеді. Сақтықпен кептірмесе, өзегін қуалай шытынап, жарылып, кетеді. Еменнен жасалған музыка аспабы өте әдемі болады. Ұстала келе табиғи өрнектері ашылып, жылтырай береді.

Қайың — сүрегі біркелді ақ түсті, қатты ағаш. Қайыңның безінен жасалған бұйым әдемілігімен, беріктігімен ұтымды. Ол күнге қаңсымайды, ыстық-суыққа төзімді болады. Қайыңның тозын  музыка аспаптарына қап жасау үшін пайдаланады.

Терек — сүрегі ақ түсті, жұмсақ ағаш. Бабымен кепкен терек көп жарылмайды. Кепкен сайын киізденіп қатая түседі. теректі зімпарамен өңдесе түгі шығып тұрады. Сондықтан шеберлер теректен бұйым жасағанда өткір сайманмен өңдеп қана қояды.

Тал — иілгіш, сүрегі а түсті, жұмсақ ағаш. Кебе келе қатайып кетеді, кепкен тал өте жеңіл болады. Домбыра құрапжасағанда талды домбыраның иін болып келетін жерлеріне қолданады.

Сонымен қатар түрлі бұйымдар жасауға жеміс ағаштары да пайдаланылады. Олар: алма, алмұрт, алхоры, жиде, шие, доланы, өрік, т.б. Барлық жеміс ағаштарына тән қасиет: олар қатты, тығыз, жылтыр болып келеді.

Пайдаланылған әдебиет:
«Сен білесің бе?» энциклопедиясы. Құрастырған: Райымбеков Қ.Ж, Байғабылова Қ.Т

Басқа да ақпараттар:

  1. Тері өңдеу шеберлігі. Аң мен мал терісін илеу

  2. Адамның іс-қимылына байланысты тыйымдар

  3. Бойтұмар, базарлық байғазы ырымы туралы

  4. Қазақ халқының ырымдары. Ақсарбас, көз тию, тізе бүгу туралы
  5. Ырым мен тыйымдар туралы. Ұшықтау, үшкіру, айдар қою тағы басқа


ПІКІР ҚАЛДЫРУ