Абайтану — рухани жаңғыру негізі

0
1109

Абайтану ғылымының қалыптасқанына ғасырға жуық уақыт өтсе де, Абай әлемі күн өткен сайын бізді өзіне баурап, тереңдігімен таңдандыра түсуде. Абай айтқан, Абай көтерген саяси — әлеуметтік, рухани мәселелер ешқашан ескірмек емес. Керісінше, күн озған сайын, дәуір өзгерген сайын оның сөздерінің құпиясы тамсандырып, болашақты болжаған көзқарастары бізбен біте қайнасып келеді. Бүгінгі өркениетті заманда Абай көзқарасы — ұлттық рухани құндылыққа негізделген білім.

Қазіргі жаһандану заманында ұлттық бірегейлікті сақтап қалу, өркениеттің жақсысын алып, жаманынан жирену жөнінде өте құнды пікірлер бүгінгі рухани жаңғырумен өз сабақтастығын тауып жатыр. Ендігі міндет – осы айтылғандарды іске асыру жолында тарихы зерделеніп, тәуелсіз қазақстан үшін маңыздылығы жан-жақты сараланып ұсынылуы болашақ жастар үшін қажеттілігінде. Абай және бүгінгі рухани жаңғырудағы сабақтастық — ұлттық болмысымызды нығайтып, оны ұрпақтан-ұрпаққа мұра ету деген сөз. Ұлттық болмыстың өзі біздің ежелден келе жатқан қазақи салт-дәстүрлерімізден, мәдениетімізден, барлық рухани құндылықтарымыздан бастау алады десек, мына өзгермелі дүниеде сол құндылықтарымызды заманға сай одан әрі байытып, дамытып, оны бүгінгі ұрпақтың санасы мен тұрмысына сіңіру арқылы жаңа ғасырдың жаңа ұрпағын қалыптастыру деген сөз.

Абай шығармашылығы, біріншіден, қоршаған ортаңда, өміріңде және жер шарының өзіңе қатысты аймағында сондай-ақ өз еліңнің айналасында не болып жатқанын түсінуге мүмкіндік береді. Екіншіден, Абайдың пәлсапалық ойлары арқылы адами қатынас тәсілдері, әлеуметтік-тұрмыстық қарым-қатынасы түбегейлі өзгереді.Үшіншіден, бұл – өзгелердің тәжірибесін алып, ең озық жетістіктерін бойға сіңіру мүмкіндігі. Төртіншіден, болашақ рухани жаңғырудың – табысты ел болуымыздың кепілі екенін Абай арқылы сабақтастығына түйінді идея жасап, рухани жаңғыру болашаққа бағдар екеніне көз жеткізеді. Сондай-ақ өз қарасөздерінде де осы рухани жаңғыру мен ұлттық идеяны тілге тиек етеді.

Рухани жаңғырудың негізінде жеке адамның, халықтың тұлғаға айналатындығын Абай жете түсінген. Батырлықтың, шешендіктің, тума талант иесі болып ұлт өнерінің тарихта терең арнасын қалдырудың өзі қазақ баласының тарихтағы жасампаздық рухының биіктігін көрсетеді. Абай сынды аса ірі тарихи тұлғаның күрделі қырын аша түсуде бүгінгі рухани жаңғыру кезеңімен сабақтастық маңызы бар. Бiрiншiден , бүгінгі өркениетті заманда
Абай философиясының мәні зор. Екіншіден, оның тұлғасын терең зерттеудің кең ауқымды ілім екендігі және рухани жаңғыруға тигізетін ізгі әсері мен алатын орны өлшеусіз мол.

Жұмабек Аяулым

«Тұран» университеті

3 курс студенті


ПІКІР ҚАЛДЫРУ