Абай – қазақ халқының мақтанышы

0
4618

Тамыры тереңге тартылып, өрісі кеңейіп келе жатқан тарихымыз бен мәдениетіміздің ең басты қайнар көзі – әдебиет деп білемін.  Осы бір күрделі ғылым саласында аянбай еңбек етіп, өз үлестерін қосқан қаншама ұлы түлғалар көпке өнеге.  Соның бірі, дана, дара тұлғамыз —  Абай Құнанбайұлы.

Көкірегі ояу, санасы жоғары ұрпақ тәрбиелеуде ақынның қосқан үлесі орасан зор.  Биыл дана бабамыздың өмірге келегеніне тура 175жыл. «Жақсының аты өлмейді», — деп халқымыз тектен-текке айтпаған.

Ғасырлар бойы халқымызбен бірге жасап келе жатқан кемеңгеріміздің  жұртына тиізген пайдасы мен игі істері әдебиетіміздің дамуына ғана емес,  өзгеде салалардың дамуына зор ықпалын тигізді.  Абайдың қайратты сөздері  қай жанға болмасын күш-қайрат беріп, жігерлендіреді. Тек қазақ халқы үшін ғана емес, аты әлемге мәшһүр Абай Құнанбайұлы  еліміздің – мақтанышы.

Абай поэзиясы – қазақ халқының ұлттық мақтанышы.  Қазақ елінің табиғатын, өмірі мен өнерін, өмір шындығы мен сана-сезімін, арман-тілегі мен салт-дәстүрін кеңінен насихаттаған бірегей тұлға. Оның  кіршіксіз, таза адами құндылыққа жетелейтін өлеңдері  тұлға болып қалыптасып, өмірге деген көзқарасыңды түбегейлі өзгеруіне септігін тигізеді. Тек ғылым салсында ғана емес, ел басқару ісіне де ат салысқан ақынның бойынан нағыз қазақ ер-азаматына лайықты мінез-құлық пен іс-әрекетті аңғарамыз.

Жеті қырлы, бір сырлы өнер иесінің 175 жылдығы жоғары деңгейде өтеді деген сенімдеміз.Осы іс-шараның  негізінде келешек ұрпаққа Абай мұрасын кеңінен таныстыру мақсатында алар орны ерекше деп білемін. Халқымыздың ұлы перзенті – Абай Құнанбайұлындай тұлға өмірге бір-ақ рет келеді. Сол дара тұлғаның рухын асқақтату мақсатында өмірі мен өнегесін барша қазақ халқы біліп жүруі шарт.

Абай – дара тұлға, дана тұлға.

 

Амантай Жұлдыз Ағыбайқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ