Қабдеш Жұмаділов «Ұзынсары» шығармасы (Сабақ жоспары)

0
1770
Freepik.com

Сабақтың мақсаты:

 1.Білімділік

Қ.Жұмаділовтың «Ұзынсары» әңгімесімен таныстырып, «ұзынсары» сөзінің мағынасын түсіндіру. Әңгімедегі негізгі ойды анықтап, талдау.

2.Дамытушылық

Оқушылардың  танымдық, шығармашылық  қабілетін  дамыту ,өз бетімен  жұмыс жасауына   жағдай туғызу.Тұлғаның  өзін – өзі  көрсете білуі  мен дамуы, өмірде  қажетті  мақсаттарға  жету  үшін  біліктер  мен  дағдыларды дамыту.

3.Тәрбиелік

Өз халқының салт-дәстүрін құрметтеуге,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап,талдау,әңгімелеу,топтық жұмыс,ой қозғау.

Стратегиялар: болжам жасап оқыту,5 жолды өлең,кіші дөңгелек стол.

Көрнекілігі: түрлі түсті суреттер,интербелсенді тақта,шұжық,маркер

Типі:жаңа сабақ

Түрі: аралас сабақ

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.Сабаққа әзірлік

Оқушыларды ана тілі сабағына даярлау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Еркін атасымен қайда барды?

-Еркін қандай  бала?

-Атасы Еркінге қандай ақыл айтты?

-«Еңбектің наны тәтті» дегенді қалай түсінесіңдер?

ІІІ. Жаңа сабаққа даярлық кезеңі:

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Ендеше біз бүгін сендермен осы көктем айларына байланысты топқа бөлініп жұмыс жасаймыз.Оқушылар «Наурыз», «Сәуір», «Мамыр» топтарына бөлініп отырады.

I.Қызығушылықты ояту кезеңі

ІҮ. Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі:-Қазір оқитын әңгіме  не туралы болуы мүмкін?

Бүгін біз сендермен Қабдеш Жұмаділовтің «Ұзынсары» атты мәтінін оқып танысамыз.

II.Мағынаны тану кезеңі

1)Автор туралы қысқаша түсінік беру,шығармаларын айтып өту.

2/Оқулықпен жұмыс.Сөздік жұмыс.Тошала – қыста ет сақтайтын жеке үй.

Атағаш-ат байлау үшін орнатылған түбірік.

Мәтіннің бірінші бөлігі оқылады.Осы бөлік бойынша сұрақтар қойылады.

-Апасы балааларына қандай тағам түрін жасап берді?

-Келесі бөлік не туралы болуы мүмкін?

Мәтіннің екінші бөлігі оқылады.Осы бөлік бойынша сұрақтар қойылады.

-Бала неге қуанды?

-Келесі бөлік не туралы болуы мүмкін?

Осы әңгімені қалай аяқтар едің?

Әркім өзі жеке жазады.5 минут уақыт беріледі.Топ алдында оқылады.Автордың аяқталуын оқып тыңдайды.Екеуін салыстырамыз.Қорытып,бірлесіп түйін шығарамыз.

III.Ой-толғаныс кезеңі

Түйін. «Ұзынсары»-көктем мезгілі. «Ұзынсары»-көктемгі күн мен түннің теңелуінен кейінгі күннің ұзара бастайтын уақыты.Үш ай бойғы қыстың суық ызғары кетіп,жер-дүние жаңарады.Халық арасында жылдың бұл мезгілін көкөзек шақ деп те атайды.Әжелеріміз бен аналарымыз «ұзынсарыға» деп,сүрленген соғымның етін сақтап қояды

Ү.Жаңа сабақты бекіту кезеңі: Осы әңгімеде шұжық туралы айттық.Шұжықты көрсету.Жасалуы туралы айтып өту.Тағы қандай ұлттық тағам түрлерін білесіңдер?Жақсы ендеше «Мамыр» тобы ұлттық тағамдардың суретін салсын. «Сәуір» тобы көктем туралы әңгіме жазады. «Наурыз» тобы шұжық және құрт сөздеріне 5 жол өлең құрастырсын.Топ басшысы топ алдында қорғайды.Тооп басшысы топ алдында ө

ҮІ.Қорытынды.

— Сонымен ұзынсары деген не екен?
— Балалардың ұзынсары деп күтіп жүргені қонақ па екен?
— Мәтінде қандай тағам түрі айтылған?
— Оның қалай жасалатынын білесің бе?
— Қазақтың қандай ұлттық тағамдарын білесіңдер?

ҮІІ. Үйге тапсырма:169,170 бет оқу,мазмұндау.Дүкенде сатылатын шұжықтар мен қолдан жасалған шұжық туралы біліп,дәптерлеріне жазып келу

ҮІІ.Бағалау. Әр топ басшысы смайлик арқылы бағалайды.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. Қ.Жұмаділовтің «Тағдыр» романындағы: «Бәріміз де пендеміз ғой… Бір-бірімізді сөге-жамандамай, жақсы көңілмен еске алатын болайық» — деген түйін сөзге әкелген қандай құндылық?
  2. Шәкәрім Құдайбердіұлы шағармашылығындағы дүниетанымдық мәселелер.
  3. «Шәкәрім ақын шалқарынан» атты танымдық кештің сценарийі
  4. Ғасырлық туынды. Мұхтар Әуезовтың өмірі мен шығармашылығы туралы
  5. «Абай жо­лы» ро­ман-эпо­пея­сы туралы түсінік (І том)
  6. Абай жолының ІV томы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ