Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің  бастамасы

0
2779
Ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттаудың тәрбиелік мәні.

Адам капиталының теориясы – білімнің әлеуметтік қызметіне принципті,  сапалық жаңа көзқарас.

Сансыз көп теорияларда білім не тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің  қозғаушысы  ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді.

 

Жоспар

 

  • Кіріспе
  • Адам капиталы теориясы – білім роліне деген сапалық жаңа тәсілдің  бастамасы.
  • Адам дамуы тұжырымдамасындағы  білім.
  • Әлемдік білім  беру  прогресінің  үрдерістері  және білім  саласында  адам  дамуы  принциптерін  іске  асыру  бойынша дүниежүзілік  қоғамдастықтың  күш-жігерлері.
  • Қортынды.
  • Қолданылған әдебиет.

 

 

Кіріспе

Адам дамуы тұжырымдамасының мәні мен мағынасын анықтайтын өзекті элементтердің бірі мемлекет, қоғам және тұлға үшін білімді жоғары басымдық дәрежесіне көтеру болып табылады. Бір аңғарта кететін жәйт, халықаралық қабылданған адам дамуы индексінің (АДИ) төрт көрсеткішінің екеуі – ересек  халықтың арасындағы сауаттылық пен 6-24 жастағы оқушылардың жиынтық үлесі елдің  білім деңгейін сипаттайды.

Білімнің аса көрнекті ролін тануға кп ғасыр жұмысады. Шынтуайтқа  келгенде, білімнің маңыздылығы жайында әр заманның ойшылдары сан қайтара  айтқан. Оны бұқара халық та түйсікпен сенінген. Алайда білімнің ролін көбіне рухани-парасаттылық тұрғыдан пайымдады. Білімді жалпы, ең алдымен  қоғамның  және әр адамның материалдық игілігінің аса маңызды компоненті ретінде ұғыну  қоғамдық-ғылыми пікірде тек ХVІІІ ғасырда  ғана қалытаста бастады, бірақ осы  уақытқа дейін мемлекеттік саясат пен көптеген елдердің жаппай санасына  өзіндік жол таба алмады.

Бірақ, сонда да балса, адам дамуы тұжырымдамасын халықаралық  қоғамдастықтың қабылдауы, әлемнің бүгінгі таңда әр елді ең алдымен оның  білімдегі  жетістіктеріне қарай бағалайтынын білдіреді. Осы тарауда адам дамуы тұжырымдамасын жасаудағы білім беру компонентінің  ролі қаралады, БҰҰ оның құрылымдары мен әлемдік білім беру үдерісіндегі бағдарламаларының қызметі айтылады. Согдай-ақ  білімнің  халықаралық   жіктелімінің  мәні  таратылады және ұлттық  білім беру  жүйелеріне  салыстырмалы  талдау жасалады. Адам  дамуы тұжырымдамасы  тұрғысында  Қазақстандағы  білім беру  реформалары  талқыланды.

Адам капиталы теориясы – білім роліне  деген сапалық жаңа тәсілдің бастамасы.

Білімнің  қоғам мен адам дамуындағы айқындауыш ролін тану адам капиталы  теориясының негізін құрды, ол бір мезгілде адам дамуы тұжырымдамасының пайда болуының  теориялық алғышарты және маңызды құрамдас бөлігі болып табылады.

Адам капиталының теориясы – білімнің әлеуметтік қызметіне принципті,  сапалық жаңа көзқарас.

Сансыз көп теорияларда білім не тиімділігін арттырудың факторы, немесе ғылым және техникалық прогрестің  қозғаушысы  ретінде қаралып келді, бірақ барлық жағдайда да оған қосалқы, көмекші роль берілетін еді.

Қоғамға білімді шындап бағалауға оған тек капитал ретінде қарау ғана көмектесеті,  әрі ол құнды және ең сенімді капитал болады.

Осындай ұғымды біз сонау ХVІІІ ғасырдан кездестіреміз. Әйгілі Ағарту  заманында Вольтер, Руссо; Дидро және Гельвенций  білім  мен ғылымның  қоғам  дамуындағы  нағыз құдіретті күші туралы айтты. Одан кейінірек уақытта Бенджамин Франклин бүкіл даналық пікірлерге тән қарапайым ой айтты: «Егер әмиянның ішіндегісін басыңызға құйсаңыз,  оны сізден ешкім де тартып ала алмайды.

Адам капиталы тұжырымдамасының кейбір алғышарттары классикалық  саяси экономияда, марксизмде, әлемдік экономикалық пікірдің өзге де ағымдарында  қаланған еді, бірақ ол үйлесімді және тиянақты теория болып тек ХХ  ғасырда ғана  ресімделді.

Адам  капиталының теориасы өзінің  қазіргі  заманғы  қалпында  алғаш рет  «чикаголық мектептің» өкілдері, американдық екі ғалым Т.Шульц пен Г.Бекердің  еңбектерінде жүйелі түрде мазмұндалды. Т.Шульц  1960-1961 жж. «білім капиталын  жасау» және «Адам капиталына инвестициялар» мақалаларын жариялады,  мақалаларда жаңа теорияның негіз қалаушы қағидалары тұжырымдалды. Г.Беккер  1964 жылы «Адам капиталы: теориялық  және эмпирикалдық талдау» іргелі еңбегін  шығарды. Кейіннен екі ғалым да өз еңбектері үшін Нобель сыйлығын алды.

Адам капиталы теориясының ғылыми және қоғамдық тұрғыдан танылуына, осы  теорияны әзірлеуге ХХ ғасырдағы экономикалық, басқарушылық және  әлеуметтік  ілімнің аса көрнекті өкілі Питер  Друкердің қатысуы өз септігін тигізді. Оның «Білім революциясы»  мақаласы ғылыми және саяси тұрғыда кең резонанс туғызды. Автор осы мақадасында была жазады: «Білім – бүгінгі таңдағы жеке-дара нақты  капитал. Халық білімін дамыту – капитал жасаудың ең маңызды құралы, ал білімді адамдардың  саны, олардың білім сапалары мен осы білімдерді пайдалану – байлық  өндірудегі ел  қабілетінің ең  қабілетінің ең маңызды көрсеткіші .

Адам капиталы теориясының  тағдыры бақытты болды. Оның практикалық  құндылығын озық елдердің үкіметтері тез арада мойындады. өткен ғасырдың 60-шы  жылдары білімге арналған инвестициялардың күрт өсуінің, білім беру қызеттері  ауқымдарының таң қаларлық ұлғайюының, жаппайлығы мен мүмкіндігінің заманы болды.

Енді  адам  капиталы  теориясының  өзекті  тармақтары  туралы  әігіме  қозғайық. Ең алдымен мынаны атап  көрсетелік, ол – бірден-бір  экономикалық  ілім, осы ілім  дәстүрлі экономикалық  санаттарға  сүйенуге  ұмытылып, соның ішінде  рухани, зиялы бағыттылықтағы  институттарды да қарайды.

Адам капиталы, өзге капиталдың кез келген түріне  белгілерге ие, сонымен  қатар оның  елеулі  айрықшалығы бар. Адма капиталы теориясы  жөніндегі  ресейлік  жетекші   маман С.А. Дятлов  біз талқылап отырған құбылыстың  мынадай  өзіндік  ерекшеліктерін  екшеп берді.

  1. Инвестициялардың адам капталына  қайтарымы оның иесінің  өмір  сүру мерзіміне  тікелей  қатысты  болады.  Адамға  жұмсалымдар  неғұрлым  ертерек жасалса, соғұрлым ол тезірек  қайтарым  жасай бастайды. Бірақ мынаны ескеру  керек, неғұрлым сапалы және  ұзақ мерзімді  инвестициялар анағұрлым жоғары және  анағұрлым  ұзақ уақыттық нәтиже  береді.
  2. Адам капиталы тек табиғи және моральдық тозуға  ғана душар  болмайды, сонымен бірге ол  жинақталу мен көбеюге  де қабілетті. Адам капиталының тозуы, біріншіден, адам  организмі мен оған тән психофизиологиялық қызметтердің  табиғи тозу  дәрежесімен, ал екіншіден, білімнің  ескеруінің  немесе  алған  білім құндылығының  өзгеруінің салдарынан  болатынан болатын моральдық тозу дәрежесімен  анықталады. Адма капиталының  толықтырылуы қызметкердің мезгіл-мезгіл қайта  оқу және өндірістік тәжірибе жинақтау үдерісінде  жүзеге асырылады. Егер осы  үдеріс үздіксіз жүретін болса, онда адам капиталын пайдалану шамасына  қарай  оның  сапа және  сан  жөніндегі  сипаттамалары жақсара түседі және өседі.
  3. Адам капиталының қорлану шамасына қарай оның табыстылығы белсенді еңбек қызметінің  жоғарғы  шегімен  шектелеін  белгілі бір  межеге  дейін жоғарылайды да,   сондан соң күрт төмендейді.
  4. капиталды жасау кезінде «екі жақсы көбейткіш нәтиже» орын алады. Оның мәні былай, оқу үдерісінде тек оқитын адамның ғана емес, сонымен бірге оқытушының  да мінездемесі мен қабілеті жетіле, өсе түседі, ол кейіншісінің де, сондай-ақ екіншісінің де табыстарын өсіреді.
  5. Адамға жасалатын  инвестициялардың барлығы  бірдей адам  капиталының  жұмсалымдары болып таныла бермейді, тек қоғамдық мақсатқа сай және  экономикалық  қажеттілері ғана осындай  жұмсалымға  жатады. Мәселен, қылмыстық  әрекетке байланысты шығынар адам капиталына  жасалатын инвестициялар болып  саналмайды, өйткені олар қоғамдық тұрғыда  мақсатқа  сай  және қоғам үшін  зиянды.
  6. Адамға  жасалатын жұмсалымдардың  сипаты мен түрлері  тарихиғ ұлттық,  мәдени ерекшеліктерден және дәстүрлерден тарайды. Мәселен, білім деңгейі мен балалардың мамандық таңдауы  едәуір шамада отбасылық  дәстүрлерге  және олардың  ата-аналарының  білім деңгейіне  байланысты болады.
  7. Капиталдың өзге әр түрлі нысандарына жасалатын инвестициялармен салыстырғанда адам капиталына жұмсалатын инвестициялар жеке адам тұрғысынан  да, сондай-ақ бүкіл қоғам тұрғысынан да анағұқрлым пайдалы.

Мынаған ерекше назар аударғанды  жөн көреміз, адам капиталы дегеніміз – бір мезгілде жеке де және қоғамдық та капитал. Ол жеке адамның  мәртебесіне де, сондай-ақ бүкіл қоғамның  даму деңгейіне де айқындауыш ықпал жасайды.

Адам капиталы теориясы пайда болғанға  дейін білімді экономикалық тұрғыда  тек  жұмыс күшін  құрау, кадрларды даярлау мен біліктіліктерін көтеру ретінде ғана қарап келді. Адам капиталы теориясы тұңғыш рет білімнің  жалпы эконоимкалық  қайтарымы туралы мәселені қойды. Теорияның  авторлары  білім мен эконмикалық  өсудің  байланыстылығын белгілейтін  математикалық есептеулердің  бірқатар  әдістемелерін әзірледі.

Адам  дамуы  тұжырымдамасындағы  білім.

Адам капиталы теориясы әлемдік  білім беру  прогресінде  аса көрнекті роль атқарды. Білімге  жұмсалатын  инвестициялардың  тиімділігі  мен айрықша  пайдалылығы,  білім  жүйесін  қаржыландырудағы «қалдық қағидасының»  дәрменсіздігі дәлелденді. Білім әйтеуір теория мен  мемлекет  мағлұмдайтын саясатта,  қалай болғанда да, бұрынғыдай  өндірістік  саланың  қарауындағы сала, қағам зейінінің  қосалқы  дәреежелі  объектісі  ретінде  ұғынылмайтын болды.

Алайда адам капиталы теориясының «экономикалық ауытқуы» тосын ашылған қарама-қайшылықтар және білім мен экономикалық  дамудың  өзара  қатынастарындағы  нағыз озаштықтарды түсіндіруде оны дәрменсіз етті.

Соңғыларына, мәселен, «білім беру шиыршығының  оғаштығы» аталатын көзқарас жатады. Оның  тұжырымы былай,  білімнің  экономикалық  құндылығы  неғұрлым көп  төмендесе, білімді жұмыс күшінің арасында  жұмыссыздық неғұрлым көп болса, соғұрлым аттестат алудың маңызы арта  түседі, өйткені тек аттестаттың болуы ғана әйтеуір бір жұмысқа орналасуды кепілдейді. Яғни білімнің экономикалық құндылығы неғұрлым аз  болса, соғұрлым оған сұраныс көп болады.

Адам капиталы теориясын қолдануда посттоталитарлық елдердің транзиттік  экономикасында проблемалар бар. Соның ішінде жаңа әлеуметтік жүйегее өту  кезінде  қорланған адам капиталы құнсызданатыны  анықталды. Бұл жалақының, ал  одан кеңірек тұрғыда адамдар мәртебесінің білімге  байланыстылығын бұзады.

Дегенмен, адам капиталы теориясына қиыспайтын осындай үйлесімсіздік  кеңес қоғамында орын алды. Мұнда ол еңбек рыногының  жоқтығымен, көбіне «қоймаға» жұмыс істейтін кәсіпорындардағы қоғамға керек емес қыруар жұмыс орындарының болуымен, сондай-ақ жұмысшы табын  идеологиялық тұрғыда асыра дәріптеумен байланысты болды.

Адам капиталы теориясына тән білімнің экономикаға ықпалына өлшеу және математекалық сипаттау әрекеттері әр елдердегі білімділік деңгейін  формалистік  бағалауға апарып соқтырды. Өлшеулер шегінің сыртында американдық мектептер  түлектерінің арасында кең  тараған  функционалды сауатсыздық,  бұрынғы КСРО  жоғары оқу орындарында шын оқу  емес, ал «дипломға кезекке тұру» және қазіргі Қазақстандағы көптеген  жеке оқу орындарының  кадрлар  даярлаудың  орнына  дипломмен  нақты  сауда  жасауы  сияқты  құбылыстар болды.

Экономикалық  тәсілдер жиынтығында  білім сапасын  өлшеудің  тиімді  тәсілдері  осы уақытқа  дейін табылған жоқ.

Адам капиталы шектеулілігінің басты факторының  мәні  былай, осы теория даму логикасы мен постиндустриялық өркениеттің іргелі әлеуметтік  мақсаттарына  сәйкес келе бермейді. Күн тәртібіне білімнің тар экономикалық  мәселері ғана емес, сонымен бірге оның әлеуметтік кең тиімділігі, қоғам және адам үшн өзіндік құндылығы, адам құқықтарының  қамтамасыздығы  контексіндегі білім туралы  мәселелер көбірек ұсынылатын болды.

Жаңа үрдірстер мен талаптарға адам дамуы тұжрымдамасының контексіндегі білімге тәсіл жауап қайтарды.

Адам дамуының аса маңызды факторы ретінде білім  эконоимкалық, саяси, әлеуметтік және гуманитарлық проблемалардың тұтас  жиынтығын  шешуге  айқындаушы немесе  біршама елеулі  көрсетуге  лайықты. Ондай проблемаларға  мыналар жатады: әр елдегі  халақтың қазіргі  заманғы өркениет деңгейі мен тұрмыс сапасына  қол  жеткізу,  кедейшілікті  бағындыру мүмкіндігі, тиімді жұмыспен  қамтылуды  қамтамасыздандыру, әлеуметтік  теңсіздіктің  деңгейін  төмендету,  гендерлік және  этникалық  теңсіздіктен  арылу, қылмыстылықты азайту, АИВ/ЖИТС ауруының таралуына  қарсы  күрес  жүргізу,  саяси  және  ұлысаралық  жанжалдардан  арылу  және   сақтандыру,  орнықты  дамуды  қамтамасыз ету,  азаматтық  қоғамның  құрылымдарын  күшейту,  адам құқықтарын  сақтау  және  тиімді іске асыру, тұлғаның  өз мүмкіндіктерін    толық  және  жан-жақты іске  асыруы  үшін  жағдайлар жасау.

Сонымен,  білімді  аса  маңызды  адам  капиталы  ретінде  қарай отырып,  адам  дамуының  тұжырымдамасы  білімнің  кең  ауқымды  және көп  қырлы  әлеуметтік  қызметьтерін  бекітіп,  оған  осы  заманғы социумның  іргелі  проблемаларын  шешуде  басты роль береді.

Әлемдік білім беру прогресінің  үрдістері және білім  саласында адам  дамуы  принциптерін  іске  асыру  бойынша  дүниежүзілік      қоғамдастықтың  күшжігірлері.

ХХ – ғасырдың соңғы ширегінде  әлемде  білім  революциясы  құлаш  жайды. Алғашқыда  оған  жанама  құбылыс, ғылыми-техникалық ревалюцияның  «әлеуметтік салдарларының» бірі ретінде қарап келді. Ол бастапқыда  да осындай еді, бірақ одан әрі салдар себепке  дейін  өсті. Білім тек экономикалық және ғылыми-техникалық прогресте ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік  құрылымды  жасауда,  әлеуметтік мәртебелерді бөлуде де шешуші факторға айналды.

Білім  беру  революциясындағы бірінші көрініс  білімді  түбегелі  демократияландыру  болды. Осы, шүбәсіз, прогерссивті  үрдіс  жаңа индустриялық, және белгілі  бір  дәрежеде, дамушы  елдерді  қамтыды.

Анағұрлым дамыған мемлекеттерде  жоғары  білімнің  барған сайын кеңейе  түскен мүмкіндігін жалпыға бірдей  мүмкіндікке дейін  өсіру  туралы  мәселе қойылды.

Осылардың  барлығы  қоғамдық  сана  мен  мемлекет  саясатына  соны,  нағыз  революциялық принципті  енгізуді  дайфындап  берді: білім – маман.дар  даярлаудың  ғана емес,  сонымен бірге  ол қоғамның  жалпы  парасаттылық,  технологиялық  және мәдени  деңгейін арттырудың, қоғамның  инновацияларға және  прогреске  қабілетін  демеудің,  тұрмыстың  осы  заманғы  стилін  қалыптастырудың  құралы. Осыдан  экономикалық  қажеттіліктерге  қатаң  қазықтаусыз  білімді  дамыту  мүмкіндігі  туралы тұжырым жасалады.

50 – ші  жылдардың  аяғанда 60 – шы  жылдардың  басында  үздіксіз  білім алу  идеясы  туындады да, содан соң ол  лезде  күш  алып  кетті.  Біздіңше, Батыста оны «Lifelong Learning» — «өмір бойы оқу» деп  дәл  атаған.

Үздіксіз білімнің мәні – ғылыми-техникалық  ревалюция  жағдайларында  білімнің  тез  арада  ескіруіне  байланысты  кәсіптік  жинақылықты  көтеруде  емес.  Әңгіме білімнің  өзіндік  құндылығы туралы болып отыр.

Сонымен  бірге  білім  ревалюциясы,  бұрын  құлаш  жайған  ғылыми-техникалық  ревалюция сияқты түрлі елдер мен  аймақтарды  тым  әркелкі  қозғады.  Ол  дамыған  және  дамушы елдердің  арасындағы алшақтықты  одан  сайын  ұлғайта  түсті.  Егер  дамыған елдерде  жоғары білімнің  жалпыға  бірдейлігі  мен  жаппай  үздіксіз  білім  нақтылыққа  айналса,  ал  дамушы  елдердің  көпшілігінде  жалпыға  бірдей  сауаттылық  жөніндегі  мәселе  күн  тәртібінен  әлі  түскен  жоқ.

Халықаралық  қоғамдастық  білімнің  адам  дамуындағы  лайықты  ролін  қамтамасыз  ету  жолымен  осы  проблемаларды  шешу  стратегиясын  жасады.  Ол – «Баршаға бірдей білім» стратегиясы. Оның  негізгі  принциптері БҰҰ 1990 жылы Джомтьенде  ұйымдастрған  конференцияда  тұжырымдалды. Конференция  баршаға  бірдій  туралы Дүниежүзілік  декларация қабылдады,  декларация, адам құқықтарының  Жалпыға  бірдей  декларациясы  мен  бала құқықтары  туралы Конвенцияға  сүйене  отырып, мынаны  жариялады, кез келген бала,  бозбала  және ересек адам  осы ұғымның  ең  жоғары және  толық  мағынасында  өзінің  базалық  білім қажеттіліктерін  қанағаттандыратын білім алуға құқылы, яғни  ол танып-білуді,  әрекет  жасауды,  өзгелермен бірге  өмір  сүруді және  тіршілік  етуді  үйренуге  мүмкіндік  беретін  білім  алуға  құқылы.  Әңгіме дарындарды,  әр  адамның  мүмкіндігін  ашу  мен  оқитыдардың  тұлға  ретінде  дамуына  бағытталған  білім  туралы  қозғалып отыр,  оның  мақсаты  адамдардың  жеке  тұрмыстарын  жаұсартуға  және  өз   қоғамдарын  жаңартуға  қолдарын  жеткізу.

Білім жөнінде  Декарда 2000 жылғы  сәуір  айында  өткен  Дүниежүзілік  форумда  баршаға  бірдей  білім  стратегиясын  іске  асырудағы онжылжықтың  қортындылары жасалды. Дакар форумы адам  дамуының  аса  маңызды  компоненті  ретінде  білімге  берілген  екпінді  одан  сайын  күшейте  түсті. Форумның  «Іс-әрекеттің Дакарлық  шеңберлері. Баршаға бірдей білім: біздің міндеттемелерімізді орындау»  негізгі  құжатында, білімнің  адам  құқықтарының  негізгілерінің  бірі  екендігі атап көрсетіледі. Ол орнықты  дамудың, бейбітшілік пен  ел ішіндегі  тұрақтылықтың  және елдер арасындағы  қатынастардың  кілті  болып  табылады  және  осы  тұрғыда  ол қоғам өміріне  және ХХІ – ғасырдың экономикасына  белсенді  қатысу  үшін  қажетті құралы  болып  қызмет  жасайды, олар жеделдетілген  жаһандануда  қозғалады. БББ мақсаттарының  жетістіктерін  одан әрі кейінге болмайды.  Баршаның базалық білім қажетіліктері  қанағаттандырыла  алады  және  тоқтаусыз  қанағаттандырылулары тиіс.

Декар  форумы  БББ  стратегиясын  одан әрі  жылжытудың  6  мақсатын  белгіледі:

  • Жас балаларға күтім  көрсету мен  оларды  тәрбиелеу,  әсіресе  ең осал  және  үлетен  құр  қалған  балалар  жөніндегі  кешенді  шараларды  ұлғайту  және  жетілдіру;
  • 2015 жылға қарай  барлық  балалар,  әсіресе  қыз  балалвр,  берекесіз  отбасылар мен  этникалық  азшылықтан  шыққан  балалар  тегін  және  міндетті  жоғары сапалы  бастауыш  білімді  емін-еркін  алулары үшін  жағдай жасау;
  • Жас және ересек адамдардың  білім алу  қажеттіліктерінің  оқудың  тиісті  бағдарламаларына  және  тұрмыстық  машықтарға  қол  жеткізудің  бірдей  мүмкіндігі  негізінде  қанағаттандырылуын  қамтамасыз ету;
  • 2015 жылға қарай  ересектердің,  әсіресе  әйелдердің сауаттылық  деңгейін  50 %-ға  көтеру,  және  барынша  бірдей  базлық  және  үздіксіз  білім  алу  мүмкіндігін беру;
  • 2005 жылға қарай бастауыш және  орта  білімде  гендерлік  айырмашылықтарды  жою және 2015 жылға  қарай  білім саласында жыныстар теңдігіне  қол жеткізу,  бұл орайда  қыз  балаларға  жоғары сапалы  базалық  білімге  және  тең мүмкіндік  беру  мен  олардың  жақсы сабақ үлгерімдері  үшін  жағдай  жасауға  ерекше  көңіл бөлу;
  • Білімнің барлық  аспектілерінде  оның  сапасын  көтеру және  барлық  үшін  жақсы үлгірімді  қамтамасыз  ету,  бұл  орайда  оқудың  танылған  және  баға  беруге  көнетін  нәтижелеріне  әркімнің  қол  жеткізуі,  әсіресе сауаттылыққа,есептеу  мен маңызды  тұрмыс машықтарына  қатыстылары  ескерілуі  тиіс.

Осы  мақсаттарға қол жеткізу үшін  білім  саласындағы  мемлекеттік саясат  пен  үкіметтік  емес  ұйымдар  қызметінің 12 принципі  тұжырымдалды:

  1. ұлттық жне халықаралық деңгейлерде  барлығы үшін  білімнің тананды  саяси  жолын  қуушылықты  кепілдеу,  іс-әрекеттердің ұлттық  жоспарларын  жасау  және  базалық  білімге елеулі  түрде  инвестицияларды  ұлғайту;
  2. жоқшылықтан арылу  дамуға бағытталған  стратегиялармен  тығыз  сабақтас, білім  секторының  орнықты  және  кешенді  жұмыс істеу  аясында, БББ салсында  саясат  жүргізуге себепші  болу;
  3. білім дамуы стратегиясын тұжырымдауға,  жүзеге  асыруға  және  мониторингіне  азаматтық  қоғамның  мүдделілігі  мен  қатысуын  қамтамасыз  ету;
  4. қажеттіліктерді есепке  алуға,  кеңінен  қатысу  мен  есеп  берушілікке негізделген,  басшылық пен  басқару  білім  жүйесін әзірлеу;
  5. жанжалдардан, дүлей апаттардан және тұрақсыздықтан  зардап  шеккен  білім жүйелерінің мұқтаждарын  қанағаттандыру,  және  өзара  түсіністік, бейбітшілік,  төзімділік және зорлық пен жанжалдарды  болдырмау  мақсатында  оқыту  бағдарламаларын  жүзеге асыру;
  6. білім салаасындағы тәсілдерді, құндылықтар мен практиканы өзгерту  қажеттілігін тану  негізінде  білімде  жыныстар теңдігін  қамтамасыз  ету  бойынша  кешенді  стратегиялар жүргізу;
  7. АИВ/ЖИТС эпидемиясымен  күрес  жүргізу  мақсаттарында  шұғыл  түрде  оқыту  бағдарламалары  мен  іс-шараларды  жүзеге  асыру;
  8. білім саласында ойдағыдай  және  барлығына  бірдей  үлгерімінің  айқын белгіленген  деңгейлеріне  қол жеткізуге  септігін  тигізетін  қауіпсіз,  таза,  инклюзивті  және  әділ  ресурстармен қамтамасыз  ететін жағдайлар жасау;
  9. оқытушылардың мәртебесін, ынтасы мен  кәсіпкерлігін  көтеру;
  10. БББ мақсаттарына қол жеткізуге  жәрдемдесу  үшін ақпараттық  және  коммуникациялық  жаңа  технологияларды  меңгеру;
  11. ұлттық, аймақтық және халықаралық деңгейлерде  БББ мақсаттары  мен  стратегиясын іске  асыру жұмысындағы  прогресті  үздіксіз  кадағалап  отыру;
  12. барлығына бірдей білімді  қамтамасыз  ету  жолындағы прогресті  жеделдету  үшін  қолданыстағы  механизмдерді  күшейту.

Джомтьен Дакар  формуласының  базалық  білім саласында  әзірлеген  принциптері  1995 жылы 5-9 қазанда  ЮНЕСКО  Парижде  ұйымдастырған  жоғары  білім  жөніндегі  Дүниежүзілік  конференцияның  идеяларымен және  нұсқауларымен  органикалық  толықтырылады.  Конференция  барлық  елдердің  үкіметтеріне  жоғары   білім  алу  мүмкіндігін  қамтамасыз  етуді  және  білім  алудағы  бірдей  мүмкіндіктерді  білім саясатының  жетекші  бағыты  жасауды  ұсынды. Ол жоғары білімнің  «жұмыс әлеміне» бейімделмеуі, ал өзара  іс-қимыл  жасауы  тиіс  еккндігін  тікелей  белгіледі.

Сонымен,  дүниежүзілік  қоғамдастық  білім  қызметтерін  тек  жұмыс  күшін  құраумен немесе  кадрлар  даярлаумен  шектеуге  қарсы  шықты. Осыған  байланысты Париж  конференциясы  жоғары  мектептің  жалпы  мәдени  және  өнегелілік  қызметтерінің  әлсіреуіне  үлкен  алаңдаушылық  білдірді.  Халықаралық  қоғамдастық  ең  алдымен  БҰҰ  мен  оның  құрылымдары  әзірлегн,  адам  дамуының  аса  маңызды  бөлігі  ретіндегі  білім  дамуының  стратегиясы  білім беруде барлық деңгейлерде  жетілдіруді  жүзеге  асыруға, ұлттық және  жалпы  адамзаттық  мүдделер бойынша  оқу  жүйелеріне  жүргізуге  барлық  елдерге  көмектеседі.

 

Қортынды

  1. Білімнің адам дамуына  айқындаушы  ролін  тану  адам капиталының теориясына  негізделеді, ол тұтастық өалпында ХХ ғ.  Жылдарында  қалыптасты. Осы  теория  ілімінің  маңыздылығын  абстрактілі  қабылдаудан  нақты  ұғынуға  көшуге,  соның  ішінде  білімнің  өте-мөте  материалдық  айдасын сезінуге  көмектесті. Білімнің  ең  құнды және  сенімді  капитал  екендігі  дәлелденді.  Адам  капиталы  теориясын  басшылыққа ала  отырып,  дамыған  елдердің  үкіметтері  мен  бизнесі  білімге  арналған  инвестицияларды  ұлғайтып,  оған  аса  маңызды  экономикалық  және  саяси  басымдылық  берді  және соның  арқасында  өз  мемлекеттерінің  дамуында ірі  табыстарға  жетті.
  2. адам капиталы  теориясын практикаға  енгізу  білімнің  бұқаралығын  жаппай  күшейтуге,  оның  ауқымдары мен  мүмкіндігін  ұлғайтуға  септігін тигізді.
  3. Сонымен қатар  түрлі  елдерде  білім  беру  реформаларының  әлемдік  білім  беру  революциясына  ұласуна  байланысты осы  теория  көрнекі  экономикалық  бейімімен шектеулілігін  ашты.  Ол  білім  беру  революциясының  талаптарына  толық  шамада  жауап  беру  алмады,  білім  беру  дамуында  туындаған  қарама-қайшылықтарды  түсіндіре  алмады.
  4. Білімді адам  дамуы  тұжырымдамасының  контексінде  анағұрлым  кең  ауқымда және  көп  аспектте  қарау  осы  мәселенің  шешіміне  айналды.  Тұжырымдамада  білім  адам  құқықтарын  қамтамасыз  ету  мен  мүмкіндіктерін   ұлғайтудың  негізгі  факторы,  өзіндік  құндылықтың  жоғары  жәрежелі  құбылысы ретіндегі  іргелі  қоғамдық  проблемалардың  тұтас  кешенін   күшейтудің  кілті  есебінде  көтерді.  Адам  дамуы  тұжырымдамасының  шеңберінде  білім  мақсаттына  жету  үшін  халықаралық  қоғамдастық  жасаған  аса  маңызды  стратегия «Баршаға  бірдей  білім» стратегиясы  болды.
  5. адма дамуының  және  «Баршаға  бірдей  білім»  бағдарламасының  негізгі  идеялары  білімнің  жүйелі  реформаларынан  және  Қазақстандағы  ұлттық  білім  үлгісін  қалып тастырудан  көрініс  тапты.
  6. Республика мемлекеттік тәуелсіздік  мезгілге  қарай  еліміздегі  білім  беру   жүйесінің  оқыту  және кадрлар  даярлау  тиімділігі  тұрғысынан да,  сондай-ақ  әлеуметтік  бағыттылық  пен  адам  дамуы  мақсаттарына  сәйкестігі  көзқарасы  тұрғысынан  да  бірқатар  артықшылықтары  болды. Бірақ  қазақстандық  білім  беру  жүйесі материалдық-техникалық  жарақталу  жағынан  артта қалды,  комиьютерлендірудің  деңгейі төмен  болды,  ол  білім  беру прогресінің  әлемдік  үрдістеріне  сәйкес  құралымдық – мазмұндық  және  жаңғырту мен  жаңа нарықтық  қатыстарға бейімделуге  мұқтаж  еді.
  7. Реформалардың ең  басты  жетістігі  орта  білімнің  ақысыздығы мен  жалпыға  бірдей  мүмкіндігін  сақтау  болып  табылады.  Мектептердің  және  жалпы  адамзаттық  зерделілік  пен  мәдени құндылықтарға  бағдарлануы күшейді. Президенттің  арнайы  бағдарламасының  арқасында  Қазақстан  мектеп  білімін  компьютерлендірудің  деңгейі  бойынша  көптеген  кейінгі  мемлекеттерден  басып  озды.  Алайда, соңғы  жылдармен  салыстырғанда,   мектеп  жасындағы  балаларды  оқумен  қамту  едәуір  төмендеді,  сапалы орта  білім  алу  мүмкіндігі  жағынан  әлеуметтік  теңсіздік өсті. Мемлекеттің  жоғары  мектебі  өзінің  уқымдарын  сақтады  және  оны  ұлғайта  түсті. Қазақстан  ТМД-ның  өзге  елдерімен  салыстырған  жоғары білім  жүйесіне  озық  халықаралық  тәжерибені,  ең  алдымен  студенттер  контингентін  қалыптастру  саласындағы  тәжірибені  батыл түрде  енгізді.  Білім  беру  қызметтерінің  рыногы  қалыптасты.

 

Қолданылған әдебиеттер:

  • Дамитов Б.И. Қазақстандағы жоғары  білімді  реформалау: тәжірибе және  перпективалар. Қолжазба. Ақпан 1999 ж.
  • Көшербаев Қ.Е., Ахметов А .К., Әбілқасымова А .Е., Рахымбек Х.М. қазақстан Республикасындағы жоғары білімнің даму стратегиясы. – Алматы: Білім,1998 ж.
  • Мамыров Н.К. Қазақстандағы экономика мен білім дамуындағы проблемалар- Алматы: Дәуір, 1998 ж.
  • Білімнің қалықаралық стандарттық  жіктемелімі (БХСЖ – МСКО) – 1997 ж.
  • Өзгеруші қоғамдағы  оспар. MONEE жобасы. ЦВЕ/ТМД/Балтия – ЮНИСЕФ, 2000 ж.
  • Назарбаев Н.Ә. Қазақстан – 2030: Барлық қазақстандықтардың өсіп-өркедеуі, қауіпсіздігі  және  әл-ауқатының  артуы үшін. Президенттің Қазақстан халықына жолдауы. – Алматы, 1997 ж.
  • Назарббаев Н.Ә. Білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде сөйлеген  сөзі. // Казахстансакя правда. 2001 ж. 3 ақпан.
  • «Баршаға бірдей – 2000» Ұлттық есебі. – астана, 2000 ж.
  • Баршаға бірдей білім? MONEE жобасы. ЦВЕ/ТМД/Балтия. Аәмақтық мониторингтік баяндам №5, 1998 ж. ЮНИСЕФ, 1998 ж.
  • Разумова Т.О., Телешова И.Г. Білім және адам дамуы. – М.:ТЕИС, 2000 ж.
  • Реформа және жоғары білімнің  дамуы: Бағдарламалық  құжат – ЮНЕКО, 1995 ж.
  • Батыс елдеріндегі жоғары білім жүйесі. І-ІІ бөлімбер. –М., 1991 ж.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ