Қазақстанның пайдалы қазбалары. Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері

0
3015
Гомотетия және оның қасиеттері
Ұзақ мерзімді жоспардың бөлімі: Геологиялық химиялық қосылыстар Мектеп: Сарысай орта мектебі
Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Шинарбаева Салтанат Джамбулатовна
Класс: 7

Қатысқандар саны:

қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның пайдалы қазбалары. Минералдарды өндірудің экологиялық аспектілері
Оқу мақсаты

— Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;

— табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу;

Сабақтың мақсаты Барлық оқушылар білу керек:

  • Еліміздегі минералды және табиғи ресурстар қорын білу
  • Кен орындарын кескін картада белгілей алу
  • Өндірістің қоршаған ортаға әсерін зерделеу

Көптеген оқушылар білу керек:

  • Минералдарды игерудің қоршаған ортаға әсері мен экономикалық және әлеуметтік пайдасын білу

Кейбір оқушылар білу керек:

  • Кейбір кен орындарының пайдалы қазбаларды өндіру көлемін және өндіру принциптерін зерделеу
Бағалау критерийі
  • Минералды және табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін анықтайды
  • Қазақстанның кескін картасында минералды және табиғи ресуртардың орындарын белгілейді
  • Пайдалы қазбалардың түрлерін ажырата біледі
Ойлау дағдылары Талдау
Тілдік мақсаттар

Химиялық қосылыстарды атау кезінде арнайы лексиканы дұрыс қолданып

айту мен жазу

Пәнге қатысты лексика мен терминология

малахит, әк, шикі мұнай, табиғи газ, мұнай, бензин, дизель (жанғыш отын),

керосин, ауыр мұнай, жер қыртысы

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер

Табиғи газ … орналасқан/… туындайды

Шикі мұнай/әк (және т.б.)коммерциялық құндылыққа ие, себебі…

Неге малахит/керосин бағалы болып табылады?

Құндылықтар Жұптық жұмыс – бір-бірінің пікірін тыңдап құрметтеу, қоршаған ортаға үлкен жауапкершілікпен қарау; жеке жұмыс –өз ойларын тұжырымдап толық жеткізе білу, өздігінен іздену, шығармашылық танымдық қабілетін дамыту
Пәнаралық байланыс Дүниетану, География
Алдыңғы білім 7.3 А – бөлімі
Сабақ барысы
Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі (1 мин)
Сәлемедесу, оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, оқушыларға психологиялық ахуал туғызу.
(6 мин) Мұғалімнің /оқушының іс-әрекеттері Ресурстар

Бейнеролик көрсетіледі. Оқушылардың көргені туралы ойлары тыңдалады. Жаңа сабақтың тақырыбы ашылады, сабақтың мақсаты анықталады.

Оқушылар смайликтерді алу арқылы

топқа бөлінеді (смайликтердің оң жақ бетінде минералды және табиғи ресурстардың атаулары жазылған). Оқушылар топқа қалай бөлінгендері жайлы айтады (өткен білімді пайдалану). Топ атаулары: 1 топ «Кенді», 2 топ «Кенсіз»

Бейне ролик

 

Қосымша 1

Сабақтың ортасы

(10 мин)

(7 мин)

(2 мин)

( 13 мин)

Мәтінмен жұмыс. «Ойлан, жұптас, бөліс» әдісі. Әр оқушы берілген мәтінмен танысып, жұпта, топта талқылап, саралап постер қорғайды. Топтар бірін – бірі бағалайды.

Тапсырма 1. «Сұрақтарға жазбаша жауап беру» (жеке жұмыс)

Сергіту сәті. «Гимнастика»

Тапсырма 2.Топқа бөліну кезінде қолданылған минералдар мен табиғи ресурстардың Қазақстан кескін картасынан орындарын белгілеңіз

C:\Users\Admin\Desktop\Новая папка (4)\images (4).jpg

Оқулық

Постер қорғау

Қосымша 2

Қосымша 3

Сабақтың соңы

Рефлексия

(7 мин)

«Бес жол өлең» Синквейн

Не? Қандай? Не істейді? Бір сөйлем, Синоним сөз

Үйге тапсырма. Қышқыл жаңбырдың түзілуіне схема – сурет құрыңыз. Пайдалы қазбаларды өндірудің қышқыл жаңбырлар түзілуіне әсерін сипаттаңыз.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Дифференциация сабақты топқа бөлу және сұрақтарға жазбаша жауап беру арқылы жүргізіледі. Қабілеті төмен оқушыларға бейне көрініс барысында қызықты мәлімет беру арқылы құлшынысын арттырып, қолдаукөрсету, ал үлгерімі жоғары оқушыларды кескін картамен жұмыс істеу арқылы білімдерін тиянақтау Бұл сабақта топқа бөліну кезіндегі өткен білімін қолдану, сұрақтар қою барысында, топқа бөлу, топтық және жеке жұмысты орындау барысында, дискриптор арқылы жүргізіледі Сергіту сәті: (гимнастика) шаршаудың алдын алу үшін барлық оқушыларға орындату
Сабақ бойынша рефлексия
Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.
Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?
Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткіздіме?
Жеткізбесе, неліктен?
Сабақта саралау дұрыс жүргізілдіме?
Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталдыма?
Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесісабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Қосымша 1.

Тас көмір Ас тұзы Алюминий шикізаты Полиметалл кені
Мыс кені Қоңыр көмір Мұнай Газ
Темір кені Алтын фосфорит Асбест
Қосымша 2.
Бөлім/Тақырып 7.4 В Геологиялық химиялық қосылыстар
Оқу мақсаты 7.4.2.5 -табиғи ресурстарды өндірудің қоршаған ортаға әсерін зерделеу;
Бағалау критерийі
  • Минералды және табиғи ресурстардың өндірудің қоршаған ортаға әсерін анықтайды
Ойлау дағдыларының деңгейі Түсіну

Тапсырма 1.

1.Пайдалы қазбаларды өндірудің қоршаған ортаға тигізетін оң әсерін жазыңыз

____________________________________________________________________

2.Пайдалы қазбаларды өндірудің кері әсерін жазыңыз

____________________________________________________________________

3.Пайдалы қазбаларды өндіру кезінде ауаны көп мөлшерде ластайтын газды атаңыз

____________________________________________________________________

4.Парниктік газдардың көбеюінің салдарын сипаттаңыз

____________________________________________________________________

Бағалау критерийі
Дискриптор
  • Минералды және табиғи ресурстардың өндірудің қоршаған ортаға әсерін анықтайды
  • Пайдалы қазбаларды өндірудің оң әсерін дұрыс жазады
  • Пайдалы қазбаларды өндірудің кері әсерін дұрыс жазады
  • Лауаны ластайтын газ түрлерін жазады
  • Парниктік газдардың көбеюінің салдарын жазады

Қосымша 3.

Бөлім/Тақырып 7.4 В Геологиялық химиялық қосылыстар
Оқу мақсаты 7.4.2.4 -Қазақстан қандай минералды және табиғи ресурстармен бай екендігін және олардың кен орындарын білу;
Бағалау критерийі
  • Қазақстанның кескін картасында минералды және табиғи ресуртардың орындарын белгілейді
  • Пайдалы қазбалардың түрлерін ажырата біледі
Ойлау дағдыларының деңгейі Қолдану , Талдау

Тапсырма 2. А)Топқа бөліну кезінде қолданылған минералдар мен табиғи ресурстардың Қазақстан кескін картасынан орындарын белгілеңіз? (оқулықпен жұмыс)

C:\Users\Admin\Desktop\Новая папка (4)\images (7).jpg

Б) Қазақстанның қай өндірістік қалалары қоршаған ортаны максималды түрде ластайды. Оларды картадан көрсетіңіз? Салдарын азайтатын шараларды ойластырып, ұсыныс жазыңыз.

Бағалау критерийі Дискриптор
  • Қазақстанның кескін картасында минералды және табиғи ресуртардың орындарын белгілейді
  • Минералды және табиғи ресурстардың орындарын дұрыс белгілейді
  • Ластану салдарымен күресу шараларын ұсынады

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ