Адамзатқа қауіп төндіретін өнертабыстар

0
3491

Химиялық және биологиялық қару.  Ойланып қарасақ, қаруды ойлап тапқан адамның о бастағы мақсат-мұраты оң болғаны рас.

Ата-бабамыздыьсадақ пен айбалта, найза мен шоқпарсыз елестету мүмкін емес. Олардың азығы да,тыныш өмірі де осы қарудың арқасында болғаны белгілі. Бүгінде, өркениет дамыған заманда, адамдар бірін-бірі жою үшін нелер сұмдық, жан­түршігерлік өнертабыстар ойлап табуда.

Соның бірі – химиялық қару. Алғаш рет химиялық қару бірінші дүниежүзілік соғыста пайдаланылған. Ұлы Отан соғысында да газбен улау әдісі жиі қолданылыпты. Осы улы қарудың түрлері бүгінгі бейбіт заманда да көп елдің қолында жарақтаулы.

Биологиялық қарулар бойынша халықаралық конвенция 1972 жылы бұл қауіпті де қорқынышты қаруды кез келген салада қолдануға қатаң тыйым салған.

Атомдық қару.  Атомды зерттеу ХІХ ға­сырдың соңында басталды. Беккерель уранның радиоактивтілігін, Резерфорд альфа және бета сәулелерін ашады.Адамзат изотоптардың көп түрін біле бастады. Резерфорд пен Содди екеуі бірлесе радиоактивті ыдыраудың заңын көпке жария етеді. Дегенмен атомды басқаруға, оның адамзат пайдасына қызмет етуіне әлі де бірнеше онжылдықтар қажет еді.

1938 жылы әлем мәңгіге өзгерді. Міне, осы тұстан бастап физика «қайырымды» және «зұлым» болып екіге жарылады. Біріншісі адамға энергия қуатын берсе, екіншісі қырыпжойғыш бомбаны береді. Алғашқы сынақ 1945 жылы өтті. Ядролық тәжірибелі
сынақтар Күншығыс елінің бейбіт халқына жасалды. Адамды адамның аяусыз ажал құштыру оқиғасы жаһанға Нагасаки мен Хиросима қалаларын әйгілі етті.

Полиэтилен. Бұл материалды Ганс фон Пехманн 1899 жылы ойлап тапқан. Полиэтиленге екінші рет өмір сыйлаған – Эрик Фосет пен Реджинальд Гибсон. Алғашында бұл өнертабысты телефон кабельдерін орауға арнаған еді. 1950 жылдан бері ғана затты орауға арналған материал ретінде қолданыла бастады.

Бір қарағанда, полиэтиленді кәдеге жарату ядролық қарудың қасында түкке тұрғысыз болып көрінеді. Әлбетте,полиэтилен ядролық қару сияқты жерді жылдам құртып
жібере алмас. Дегенмен қолданылған полиэтиленді пайдаға жаратудың жолдарын қарастырмаса, планетамызды қоқысқа орап жіберуі әбден мүмкін. Ғалымдардың есептеуінше, жер бетінде бір жылда 4 трлн полиэтиленді пакет қолданылатын
көрінеді.

Бұл – адамдардан шығатын күл-қоқыстың 9%-і. Оларды өртеуге болмайды, өйткені одан атмосфераға шығаратын зиянды иіс химиялық қарудан кем емес. Өртеу кезінде
полиэтиленнен шығатын 800 микрограмм диоксиннен 80 кг салмақтағы ер азамат бірден өлім құшады. Полиэтилен қалдықтарын көмуге де болмайды. Олар жерге ыдырамай, мыңжылдықтар бойы қала береді.

Адам өміріне қауіпті өнертабыстар.  Мамандардың мәлімдеуінше, ғаламда 700 миллион автокөлік бар. Орта есеппен бір көлік жылына 4 тонна оттегін жұтады, есесіне 800 кг көміртек оксидін, 40 кг азот оксидін және 200 кг газдарды шығарады. ДДҰ бұл өнертабыс түрінің адам өмірін 4 жылға қысқартатынын айтып, дабыл қағуда.

Күнделікті ұстап жүрген ұялы телефон да мамандардың айтуынша жөнсіз қолдана берсе, қатерлі ісік, басқа да ауруларды тудырады. Сондай-ақ оны жасап шығару үшін су қоймаларына, қоршаған ортаға зиянды зат – перфтороктанды қышқыл төгіледі. Әлемде қаншама су қоймалары уланып, қаншама су тіршілігіне зақым келеді.

Жанар Әбдіғалиқызы

Дереккөз:  

1.Қазақ тілі: жалпы білім беретін мектептің 11-сыныбының қоғамдық-гуманитарлық бағытына арналған оқулық. / Т.Н.Ермекова,
Г.М.Найманбаева, Б.М.Найманбаева

Ұқсас материалдар:

  1. ҰБТ-ға дайындық кезінде күйзелісті болдырмау жолдары
  2. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес

  3. Дебат: ҰБТ қажет емес…

  4. Физика ғылымының атасы Никола Тесланың өмірінен қызықты деректер


ПІКІР ҚАЛДЫРУ