ҰБТ-ға дайындық кезінде күйзелісті болдырмау жолдары

0
1280
Freepik.com

Тақырыбы: 11 сынып оқушыларының ҰБТға дайындық кезінде күйзелісті болдырмау жолдары

Ұстаз: Педагог-психолог Есенбол А. 

  1. «Топтық сурет» жаттығу

Мақсаты: психикалық күйзелісті жеңіу, топты сезіну

Нұсқау: Ақ параққа аты-жөндеріңізді жазыңыз, өзіңізге маңызды белгілі бір нәрсені ішіңізден олап, сол заттың бір элементін салыңыз, шапалақпап сол жағыңыздағы көршіңізге беріңіз, көршіңіз суретті көршіңіз жалғастырады, солай парақ ары қарай жалғасып, соңында сізге қайтып келеді.

  Қорытынды:

  • Сіздің ойыңыздағы сурет шықты ма?
  • Басқа біреудің суртін аяқтау сізге қиын болды ма?
  • Суретке қараңыз, сурет арқылы топтың қолдауын сездіңіз ба?
  1. Сауалнама «Менің көңіл — күйім».

Мақсаты: балаға өзі жайлы, өзінің әдеттері мен жеке қасиеттері жайлы ойлануға мүмкіндік беру
Уақыт: 15 минут
Нұсқау: төмендегі тұжырымдармен келіссеңіз «иә», келіспесеңіз «жоқ» деп жауап беруіңіз керек. Мүмкіндігінше шынайы жауап беруге тырысыңыз, тестілеудің нәтижесі ең алдымен сізге керек екенін ұмытпаңыз.

  Тест сұрақтары:

  1. Менің жиі көңіл-күйім нашар, жиі жылаймын
  2. Адамдардың көзіне тік қарай алмаймын
  3. Мен жиі ренжулі болып жүремін
  4. Танитын адамдардың көбі мені ренжіткен
  5. Адамдардың көбіне өмірде маңызды жұмыс, спорт, жан-жағына деген қарым-қатынастары, мен үшін қарапайым, қызық емес
  6. Соңғы кездері мен жиі көңілді жүретін болдым, тіпті мүлдем десемде болады.
  7. Мен жиі әлсіздік сезінемін, өмірге көңілім толмайтынын достарыма, тыстарыма айтам
  8. Қазіргі кезде менің кейбір өмірлік көзқарастарға деген жек ойым жоқ
  9. Мен өте баяу сөйлеймін, тіпті кейде әңгімелесуші мені түсінбей қалады.
  10. Кейде мен әңгімелесушінің сұрақтарына жауап бере алмай, үнсіз қалам

Сауалнаманың кілті:

Әрбір «иә» деген жауапқа 1 ұпайдан беріп, олардың қосындысын шығарыңыз.

1-2 ұпай – кездесқен қиыншылықтарға қарамастан сіз өмірге белсенді, жарқын көзқараспен қарайсыз, бұл өте дұрыс.

3-6 ұпай – сіздің өмірге деген көзқарасыңыз қалыпты, бірақ әлден сізде шаршаңдық сезіледі. Шаршауға әлі ерте деп ойламайсыз ба?

7-10 ұпай – сіздің өміріңізде болып жатқандардың бәрін келеңсіздікке қабылдайыз, сонда сіздің өміріңізде мүлде қуанышты сәттер жоқ па?            

 3. Нервтік-психикалық қысымды жеңіу жолары   

   Нұсқау: сіздер көп тоқтаусыз тестілеуге дайындалғандықтан сіздердің жүйке жүйелеріңізге қысым түседі. Қысымды жеңуге тырысыңыз. А4 парағына, сол қолыңызбен барлық білген жаман сөздерді жазыңыз. Парақтың келесі бетін аударыңыз да, көптенен сызықтар сызыңыз, бос орын қалмайтындай етіп барлық бетке сызыңыз. Ұсақ –ұсақ қылып парақты жыртыңыз да, қоқыс шелегіне тастаңыз.                                                                                                                                    Бұл жаттығу не береді?

  • сол жақ жарты шар демалады
  • жарты шардың жұмыс жасау жылдамдығы артады
  • қағаздың даусы жүйке жүйесін тыныштандырып, бақылай бастайды
  1. Релаксация.
  2. Спорттық жаттығулар. Кір жуу
  3. Ыдыс жуу .Саусақпен сурет салу (ұн-қасық, су-қасық, бояу-қасық), салынған сурет туралы әңгімелеу
  4. газеттен өз көңіл-күіңді құрастыр
  5. Сүйікті әніңді айқайлап айт
  6. Біресе қатты, біресе ақырын айқайла
  7. Баяу және қызғалмалы музыкаға биле
  8. Жанып тұрған майшамға қарау
  9. Терең 10 рет демалу
  10. «Келесі кездескенше» жаттығу 

    Мақсаты: қатысушылардан кері байланыс, сенімділік пен түсіністік алу          Қажетті құралдар: жұмсақ ойыншық

Нұсқау: менің қолымда керемет ойыншық бар. Ол бүгінгі күннің жылыулығын, тыныштығын, қуанышын, жарықтығын әкеледі. Сіздер бұл сыйқырлы ойыншықты бір бірлеріңізге жылы тілеу арқылы бересіздер. Осымен біздің бүгінге тренингіміз аяқталды.
Талдау.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ