Адвокат көрсететін заң көмегінің түрлері

0
103
Иллюстрация: Freepik.com

«Адвокаттық қызмет туралы» ҚР Заңының 4-бабында адвокаттар көрсететін заң көмегінің түрлері көзделген:

1. Заң көмегiн көрсете отырып, адвокаттар:

1) шешiлуi кәсiби заң бiлiмдерiн қажет ететiн мәселелер бойынша консультациялар, түсiндiрмелер, кеңестер мен жазбаша қорытындылар бередi;

2) талап қою арыздарын, шағымдар мен құқықтық сипаттағы басқа құжаттарды жасайды;

3) анықтау, алдын ала тергеу органдарында, соттарда, мемлекеттiк және өзге де органдарда, ұйымдарда және азаматтармен қарым-қатынастарда жеке және заңды тұлғалардың өкiлдiгi мен оларды қорғауды жүзеге асырады.

2. Адвокаттар заңдарда тыйым салынбаған өзге де заң көмегiн көрсетедi.

3. Көмек сұрап келген адам адвокатты таңдап алуға ерiктi, бұған адвокат оған тегiн заң көмегiн көрсету үшiн /осы Заңның 6-бабы/ сондай-ақ, егер қорғалушы өзiне адвокат таңдап алмаса немесе таңдалмаса, оның қатысуы мiндеттi болатын қылмыстық iстер бойынша қорғаушы ретiнде тағайындалатын жағдайлар қосылмайды.

4. Қылмыстық iстер жөнiндегi кәсiби қорғауды тек адвокаттар ғана жүзеге асырады».

1. Адвокаттар көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу мөлшерi,  қорғаумен және өкiлдiк етуге байланысты шығыстарды өтеу көмек сұрап келген адаммен адвокат жасасатын келiсiмде белгiленедi.

2. Заңдарда көзделген жағдайларда, адвокат көрсеткен заң көмегiне ақы төлеу, iссапар, көлiк және оның басқа да шығындарын төлеу, анықтау, алдын ала тергеу органдарының қаулылары және сот ұйғарымдары бойынша республикалық бюджет қаражатынан жүргiзiледi.

3. Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің  мөлшері осы баптың
2-тармағында көрсетілген негіздер бойынша соңғы 2 айдағы оның орташа еңбек ақысынан төмен болмауға тиіс.

Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және  4-баптың
2-тармағында көзделген жағдайларда қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мөлшері мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді». (көрсетілген Заңның 5-бабы).

Жоғарыда аталған Заңның 6-бабында  заң көмегiне ақы төлеуден босату жағдайлары көзделеді.

1. Адвокаттар сенiм бiлдiрушiлердiң өтiнiштерi бойынша:

1) алимент өндiрiп алу туралы, асыраушысының қайтыс болуына, жұмыспен байланысты мертiгуiне немесе денсаулығының өзгедей бұзылуы арқылы келтiрiлген зиянды өтеу туралы iстердi жүргiзу кезiнде бiрiншi сатыдағы соттарда талап қоюшыларға;

2) Отан соғысына қатысушылар мен оларға теңестiрiлген адамдарға, мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлерге, I және II топтағы мүгедектерге, жасы жөнiнен зейнеткерлерге, егер бұл кәсiпкерлiк қызмет мәселелерiне байланысты болмаса, консультациялар беру кезiнде;

3) зейнетақылар мен жәрдемақылар тағайындау туралы өтiнiштердi дайындау кезiнде азаматтарға;

4) ақтау мәселелерi жөнiнде кеңестер беру кезiнде адамдарға заң көмегiн тегiн көрсетедi.

2. Адвокаттардың тегiн заң көмегiн көрсету тәртiбi адвокаттар алқасының жарғысында белгiленедi.

3. Азаматтарды олардың материалдық жағдайы ескерiле отырып, адвокаттар алқасының төралқасы, заң консультациясының меңгерушiсi, адвокат кеңсесiнiң иесi (иелерi) және өз қызметiн заңды тұлғаны тiркемей жеке дара жүзеге асыратын адвокат заң көмегiне ақы төлеуден босата алады.

4. Осы бапта көзделген жағдайларда адвокаттың көрсеткен заң көмегiне төлеу тиiсiнше адвокаттар алқасының, адвокат кеңсесiнiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi».

Қорғаушыда бiр ғана iс жүргiзу мiндетi бар. Ол— қорғау мiндетi. Қорғаушы процесте қорғау мiндетiн жүзеге асыру үшiн қажет, одан айыпталушының да, мемлекеттiң де күтетiнi осы.

Қылмыстық iстi жүргiзушi мемлекеттiк органдар қорғаушының өз мiндетiн атқаруына нақты мүмкiндiгiнiң болуы үшiн барлық шараларды қабылдауға тиiс.

Адвокаттың өзiне қабылдаған сезiктiнi, айыпталушыны немесе сотталушыны қорғаудан бас тартуға құқы жоқ, бұл оның қызметiнiң кәсiптiк сипатымен түсiндiрiледi. Бас тартуға тек ерекше жағдайларда ғана жол берiледi (сырқаттану және өзге де объективтiк себептер).

Өзiнiң iс жүргiзу мiндетiн бұзғаны үшiн адвокат «Адвокаттық қызмет туралың Заңда және адвокаттар алқасының Жарғысында белгiленген тәртiппен тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.

Қорғаушы — қылмыстық iс жүргiзудiң дербес субъектiсi. Сонымен қатар, ол айыпталушымен (сезiктiмен) тығыз iс жүргiзу қатынастарымен байланысты, сондықтан оның iс жүргiзу дербестiгiнiң белгiлi-бiр шекарасы бар. Қорғаушы заң шегiнде қорғауды жүзеге асырудың нысандары мен әдiстерiнде еркiн, оның көзқарасы, егер оның өзi таңдаған қорғау бағыты айыпталушының жағдайына қолайлы болса, оның көзқарасы қорғауындағы адамдiкiнен басқаша болуы мүмкiн, ол кейбiр жағдайларда тiптi оның көзқарасын терiске шығаруға мiндеттi (өзiндiк үкiм, айыбын айғақтарсыз мойындау).

Алайда қорғаушының қорғауындағы адамның жағдайын қандай да бiр деңгейде төмендететiндей мән-жайдан әрекетсiз қалуға құқығы жоқ, әйтпесе, қорғану құқығы өз маңызын жоғалтады.

Ұқсас материалдар:

  1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы (сабақ жоспары)
  2. Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары (сабақ жоспары)
  3. Сабақ жоспары: Кіріспе және адам құқықтары туралы түсінік
  4. Алғашқы әскери дайындық пәні бойынша сабақ жоспары
  5. «Виет теоремасы» бойынша сабақ жоспары
  6. Сабақ жоспары: FrontPage редакторының қосымша мүмкіндіктері

ПІКІР ҚАЛДЫРУ