Ахмет Байтұрсынұлының туған күніне орай «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» атты әдеби сағатының сценарийі

0
1625
Экранда іс-шараның аты

Қатысушылар мен көрермендерді орналастыру

 

Жүргізуші

 

Қайырлы күн, құрметті оқырмандар!

“Ахмет Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы – баршасы осы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арнаған.”

Р. Нұрғалиев

Бүгінгі  Ахмет Байтұрсынұлының  145 жыл толуына орай «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» әдеби   сағатына қош келдіңіздер!

Ахмет Байтұрсынұлы – қазақ мәдениетінің тарихында үлкен бір дәуірді алып жатқан алып тұлға. Халқымыздың біртуар перзенті, ұлт – азаттық қозғалыстың көсемі, “Алашорда” үкіметінің негізін қалаушы, көрнекті мемлекет қайраткері, лингвист, түркітанушы, әдебиеттанушы ғалым, ақын, аудармашы, “Қазақ” газетінің (1913- 1918) ұйымдастырушысы  әрі бас редакторы.

 

А. Байтұрсынұлының мұрасы таспа – 1
Жүргізуші А.Байтұрсынов оқу-ағарту ісін өзінің азаматтық міндеті мен өмірінің мақсаты деп санаған. Ол 1911 жылдың өзінде:

“Ызыңдап ұшқан мынау біздің маса,

Сап – сары аяқтары ұзын маса.

Өзіне біткен түрі өзгерілмес,

Дегенмен қара я қызыл маса.

Үстінде ұйықтағанның айнала ұшып,

Қаққы жеп, қанаттары бұзылғанша.

Ұйқысын аз да болса бөлмес пе екен,

Қоймастан құлағына ызыңдаса,”

— деп, білім-ғылымнан кенже қалған, мал бағып марғау жатқан қазақ халқын сол қараңғылықтан маса болып ызыңдап оятып, алып шығуды күрес жолының мақсаты етіп қояды.

Ағартушы Ахмет Байтұрсынұлының «Балам деген ел болмаса, елім деген бала қайдан шығады» деген. Ұлы сөз! “Егемен еліміздің тұлымды ұлы, бұрымды қызы деп сендер үшін барлық жағдай жасалды. Ертеңгі күні қадірлі Қазақстаным, деген қасиетті ұғым әрқайсыңның кеуделеріңде атой салып жатуы тиіс” деген елбасы Н.Ә.Назарбаев

  Ғылыми еңбектері

 Оқу құралы”

 Сауат ашқыш”

 Жаңа әліпби 

 Әдебиет

танытқыш”

 Тіл — құрал”

 Тіл жұмсар”

Жүргізуші Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ әліпбиінің реформаторы, таза қазақ емлесімен шыққан «Қазақ»  газетінің (1919-1918 ж.) тұрақты редакторы, этнограф, фольклорист, композитор әрі орындаушы…

Ахмет Байтұрсынұлы-қазақ ән-күй өнеріне де терең ой жіберген ғалым. А.В.Затаевичтің айтуынша, ол шебер домбырашы, әнші болған. Халық әндерін, күйлерін жинаған және олардың шығу тарихын да білген.

А.Байтұрсыновтың ақындық таланты да, беріп кеткен поэтикалық мұрасы да оның өте күшті, дарынды, ойлы ақын екендігін танытады. Оның өлеңдері “Маса”, “Қырық мысал” деген аттармен Санкт-Петербург, Қазан, Орынбор қалаларында 1912 жылдан 1922 жылдарға дейін бірнеше рет жарияланған.

“Қырық мысал” орыстың атақты мысалшысы И.Крыловтан аударылған және соның ізімен жазылған өлеңдер. Ақынның әдеби шығарманың дәл осы жанрын таңдауының үлкен мәні бар. Мысал жанры – қазақ халқына да жақын, таныс дүние, ғибрат айтып, жақсылыққа шақырудың ең бір ұтымды амалы.

“Маса” деген атының өзі символ: надандық, өнер-білімнен кенже қалушылық, шаруаға енжарлық — осылар, автордың бейнелеуінде, қазақты шағуға дайын тұрған жылан, ал өлең иесі “аяқтары ұзын, сары маса” болып ызыңдап, ұйықтап жатқан халқын оятып, жыланнан сақтандырмақшы болады .

А.Байтұрсынұлының аудармалары таспа-2
«Сандықша”

 Мына сандықшаның  ішінде Ахмет атаның   мысалында кездесетін  зат жатыр. Оның көмегімен өзіңнің бейнеңді көруге болады. Ол не?

 Айна

 Ал мына  затты  кейіпкер ем үшін киемін деп алады.

 Көзілдірік

 Мына затты   пайдаланған  мысал кейіпкері  байлыққа  құнығып кетеді.

 Әмиян 

   Көрермендермен   «Жұмбақ жануарлар» деп аталады ойын ойнасақ .

Тақтада:

л м ы й а м

н я ш а

і л к ү т

т р н а с ы а

ш қ о ш а

ы қ м с ы

а с м а

 

    — Мына сөздердегі әріптердің орындары ауысып кеткен.  Оларды  орындарына дұрыс қойсаң, мысалдардағы жануарлардың аттары  шығады.

       тапсырмаларды орындайды.

 Қандай сөздер шықты?

Маймыл, шаян, түлкі, арыстан, шошқа, мысық, маса.

                                             Ақынның өлеңдері оқылады

Жүргізуші  Жалпы оның ағартушылық, ғалымдық, қайраткерлік, ақындық, аудармашылық қасиетін саралай түскенде еріксіз мынадай ой жетегіне еруге тура келді. Ахаңның алдында қазақ халқы үшін оның болашағы үшін мол қазына тастап кеткен үш алыптың, Абай, Ыбырай, Шоқанның болғанын білеміз. Бір ғажабы, осылардың мұрасын терең зерттей отырып, олар көтерген мәселелерді бар жанымен ұға отырып, ол осы үшеуінен тартылатын үш арналы жолды бір өзі таңдап алғандай. Шынында қараңыз. Шоқанның ғалымдығы, Ыбырайдың ағартушылығы, Абайдың ақындығы мен ағартушылығы А. Байтұрсынұлының өмірлік мұратына айналған. Және бұларды заманға лайықты нақты істермен жалғастыра, дамыта түседі. Сондай-ақ тыңдаушысы мен оқытушысы аз болған үш алыптан гөрі ол азынаулақ болса да өз еңбегінің нәтижесін көрген адам.
Жүргізуші -Әрине, Ахмет тағылымын бір сәтте оқып білуге болмайды. Оны жылдар бойы оқып үйренуіміз керек.

А.Байтұрсынұлының ақын, публицист, ғалым, қоғам қайраткері санатында жасаған барлық еңбегі, тартқан қорлық, көрген азабы, болашаққа сенген үміт-арманы-баршасы ұлы миссияны орындауға, туған халқы үшін қасықтай қаны қалғанша қалтықсыз қызмет етуге арналған.

 

Репрессия құрбаны болған Ахмет Байтұрсынұлының тағдырынан сахналық көрініске кезек берейік.

                         Сот үрдісінен  көрініс

 ОГПУ тергеушісі, сұсты қатал үнмен: -Байтұрсынов Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы Торғай губерниясында бай-болыстың семьясында туған. Ұлты-қазақ. Ол үкіметке қарсы «Алаш» партиясы-ұлтшылдардың жасырын ұйымы. Бұл партия Совет үкіметіне қарсы қастандықтар ұйымдастырған. Байтұрсынов-жат пиғылды, революцияға қарсы, еңбекшілдер үкіметін жек көретін адам. Барып тұрған халық жауы. Байтұрсыновтың айыбы.жасырын қазақ ұйымына неген және ұйымдастырушылардың бірі, ол жасырын түр

де ұлтшылдық бағыттағы «Алаш» партиясын ұйымдастырған, қазақ әдебиетіне, баспасөзге сол арқылы теріс ықпал жасаған.Қылмыстық істер кодекісінің 58 бабының 7,8,11 тармақтарына сай Ахмет Байтұрсынов атылсын!

 ( тергеуші Ахметті жұлқып әкетіп бара жатады)

 Ахмет: Қинамайды абақтыға жапқаны,

              Қиын емес дарға асқаны, атқаны.

               Маған ауыр осылардың бәрінен

               Өз ауылымның иттері үріп қашқаны…

              Хош сау бол, Қарқаралы, жуылмаған,

              Айдай бер қалса адамның қуылмаған.

 ( Ахметті жұлқып алып кетеді, сахнаға Ахмет қайта шығады)

 Ахмет: Мен өлсем де өлемін жөнімменен,

               Тәннен басқа не алар ем өлім менен?!

               Өлген күні апарып тығары-көр,

               Мен жоқ болман көміліп тәнімменен.

              Тән көмілер,көмілмес еткен ісім,

              Ойлайтындар мен емес бір күнгісін.

              Жұрт ұқпаса-ұқпасын, жабықпаймын,

             Ел-бір күншіл, менікі-ертеңгі үшін.

Сонау қылышынан қан тамған қаһарлы жылдары жазықсыз мыңдаған адамдар «Халық жауы» деген жаламен айыпталып, жер аударылып кетті. Кейбір деректерге қарағанда 6 млн. адам қуғын-сүргінге ұшырап, оның 900 мыңдайы атылған. Сондағы 25 мыңға жуық қазақтың ішінде  бес арысымыз Жүсіпбек Аймауытұлы, Ахмет Байтұрсынұлы, Міржақып Дулатов, Мағжан Жұмабаев, Шәкәрім Құдайбердіұлы болған еді.

Ахмет Байтұрсынұлының Орынбор архивінде табылған Файзулла Ишанға ақырғы өлеңін тыңдасақ таспа-3
   Қазақ халқының тәуелсіздігі үшін, оның сауатты да білікті ел қатарына қосылуы үшін ақтық демі біткенше күрескен осынау ұлы адамның аты ұлт жүрегінде мәңгі сақталуы тегін емес. Ендеше ол адамзаттың асыл перзенті, қазақтың ұлы тұлғасы. Сондықтан да оны қазақтың ұлттық мәдениетінің Хантәңірі деп бағалаймыз. Ахмет Байтұрсынұлының өмірі мен шығармашылығы келер ұрпаққа мәңгілік өнеге болып қала бермек.

Ахмет рухына тағзым ете отырып,  Ахмет Байтұрсынұлының  145 жыл толуына орай «Ұстаз. Ғалым. Қайраткер» әдеби сағатын  осымен  тәмамдаймыз.

Іс-шараға қатысқан оқырмандармен қоштасу.

Естелікке суретке  түсу.

 

Басқа материалдар:

  1. Ахмет Байтұрсынұлы жайлы 25 сұрақ жауабымен
  2. Қазақ тілі дыбыстарының Ахмет Байтұрсыновқа дейін зерттелуі
  3. «Ахмет Риза» және «Бағбұстан ханым» қыздар медресесі
  4. Ахмет Байтұрсынұлы. Мен қалай оқуға бардым? (сабақ жоспары)
  5. Аққу, Шортан һәм Шаян. Ахмет Байтұрсынұлы. (Сабақ жоспары)
  6. ҚАЗАҚ ТІЛІ ДЫБЫСТАРЫНЫҢ АХМЕТ БАЙТҰРСЫНОВҚА ДЕЙІН ЗЕРТТЕЛУІ
  7. Ахмет Байтұрсынұлы туралы жазылған зерттеу еңбектерінің тізімі
  8. Әліппенің атасы. Ахмет Байтұрсынов туралы танымдық сағат
  9. Ахмет Байтұрсыновтың туған күніне арналған іс-шара сценарийі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ