«Аяулы менің анашым!» 1-сыныпқа арналған мерекелік  ертеңгілік

0
7226
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: «Аяулы менің-анашым»
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға көктемнің алғашқы аналар мерекесі туралы мағлұмат беру.
Міндеті: Аналар мерекесі туралы ойларын ашық айта білу. Оқушыларға салт — дәстүрі мен әдет — ғұрыптарын сақтай білуге сөздік қорын молайтып, ой — өрісін дамыту. Халқымыздың салт — дәстүрлері арқылы биязылыққа, инабаттылыққа, ана өнегесінен үлгі алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: «Ана» туралы нақыл сөздер, суреттер, гүлдер , шарлар

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Мұғалімнің алғы сөзі:

  • Құрметті ұстаздар, аяулы аналар, көктем күніндей құлпырған қыздар! Сіздерді 8 — Наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге табыс тілеймін.
    Адам бойындағы барлық жақсы қасиет, күннің нұрынан, ананың сүтінен жаралған. Сондықтан құрметті аналар, қадірлі апайлар, қызғалдақ қыздар бүгінгі көктемгі күндей жарқырап, гүлдей құлпырған мерекелеріңіз құтты болсын!
    Ана дегеніміз — әлемнің жан — дүниесі, оның бастауы мен таусылмайтын жалғасы. Анамызға деген көңіліміз, мейіріміз ұшан — теңіз.

Ардақты ана, аяулы ана қымбаттым,
Тәтті ұйқынды, бөліп талай түн қаттың.
Өміріме нәрін берді ақ сүтің,
Кең құшағын-аясындай гүл бақтың- дей отырып «Аяулы менің анашым!» атты мерекелік ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!
Балалар бүгін қандай мейрам?
-Дұрыс айтасыңдар, бүгін алғашқы көктем мезгілімен бірге, гүлдей жайнап, нұрын төгіп, шуағын шашып аналар мерекесі де келіп қалды, біз аналарымызға аянбай өз өнерлерімізді көрсетеміз бе?
-Ия.
— Ендеше «Ақ мамам» әнімізді қабыл алыңыздар.(хор)

-Жүргізуші: Адам бойындағы барлық жақсы қасиет күннің нұрынан, ананың сүтінен таралғанСондықтан құрметті асыл аналар, өздеріңізге арнау — өлеңдерді қабыл алыңыздар.

(әдеби – монтаждар)

Айсауыт:  Ана біздің күніміз,
Ананың біз гүліміз
Ұланыңды қуантып
Ұзақ өмір сүріңіз.

 Мансұр : Сендерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен
Құрметті біздің аналар!

 

Аяулым: Құрметтейік, о адамдар аналарды,
Бізді өмірге әкелген даналарды.
Себебі, ана деген асыл жан ғой,
Ойлауменен істейтін әр қадамды.

Парасат:  Бәрімізге анасың, —
Біз үшін күн боп жанасың.
Құтты болсын мейрамың
Құттықтаймын анашым!

Айқын: Әрбір сөзің өсиетті,
Баға жетпес ақ әжем.
Аман есен жүріңізші,
Бар тілегім сол әжем.

Нұртілек:   Еркелеткен өзің анам
Құшағыңды жайдың маған.
Кеше біздер бала едік,
Өсіп қалыппыз енді анам!

Таңшолпан: Мәпелейсің мені, анам
Қолыңдағы құсыңдай
Құлпыра өсіп дем алам
Құшағыңда қысылмай..
 

 Жандаулет: Бізді өсіріп, баптаған,
Жақсы болсақ, шаттанған
«Алтыным» деп мақтаған
Аяулы менің ақ мамам!

Серікболсын: Әр сөзіңді жаттаған,
Жүрегімде сақтағам
Анашым деп мақтанам,
Аяулы менің ақ мамам!

Айя: Мақтаныңдар, аналар,-
Қыздардан батыр, дана бар.
Әлем сүйген батырлар —
Әлия мен Мәншүкте!

Назым: Ана — көркі көгімнің
Ана — нұры жерімнің.
Ана — бағы баланың
Мақтанышы елімнің.

 

 Айғаным:Анашым  аяулы адам сен едің

Серігі болған біздердің

Түн ұйқысын төрт бөлген

Қамқоршы менің анашым

 

Мақсат: Ақ сүтінен жаралған,

Ақ сүтінен нәр алған,

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз!

 

Рамазан: Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған,

Адалдықты ар-намысты сақтаған

Мен ананың сонысына мақтанам.
 

Ескендір: Әже деген көп шығар,
Әжелердей жоқ шығар.
Мейірімді бұл кісі,
Қандай ғажап күлкісі.

Шәмші: Ана дейміз бәріміз де аңқылдап.
Ана дейді жас сәби де жарқылдап.
Ана деген – бәйтерегі өмірдің 
Ана деген – алтын қазық, алтын бақ.

Нұрым: Ана деген асыл жандар болаттай,
Ана деген мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы,
Жат қылыққа ақыл ойды тонатпай.

 

Аршат:Ана деген ақылшың,
   Анаң барда батырсың.
   Қасыңда кім болса да ,
  Тек анаңа жақынсың.

 

Расул:Ақыл құйған санама,
Күннен артық, расында.
Күн алыста, ал анам,
Ылғи менің қасымда.

 

Ақерке: Шалқып, тасып әніміз
Жадырасын жанымыз, 
Ана сені құттықтап,
Әндетеміз бәріміз.

 

Айым: Ана ол біздің елде ардақты адам,
Кішісі де, үлкені де ардақтаған.
Өзінің аяулысы да Отанын да,
 «Ана» деп біздің халық текке айтпаған

 

Нұржан: Маған  қымбат жан жоқ сірә анадан,

Бар жақсылық аналардан тараған

Жер бетіне өмір нәрін себуші

Ана алдында борышты ғой бар адам.

 

Ән «Менің әжем» орындайтын Мирамбек Айым

«Джентельмендер»  биімен ер балалар  тобын қарсы алаңыздар.

Жүргізуші : Ана дейміз бәрімізде аңқылдап

Ана дейді жас сәбиде жарқылдап

Ана – деген бәйтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ – дей отырып, кезекті  оқушылардың аналарына арнаған әніне береміз.

Ән: «Аналардың тілегі» Ер балалар

«Гүлдері» биімен өнерлі қыздарымызды қарсы алайық

«Ата – ананы тыңдаймыз» әнімен Жанұзақ Жандаулет

Ойын: «Қағазбен орау»
Шарты: ортаға 3 ана мен 3 оқушы шақырылады, анасы баласын қағаз біткенге шейін тез орау керек.

жүргізуші: Ана – жүрек, жүректе  құдіретті

Ана – тірек, тірегіңді құрметте

Ана – шыңың, шыңыңа сағынып жет

Ана – күнің, күніңе табынып өт.

Ән: «Аяулы анашым»  Орындайтын Әбдібай Назым

Вальс: «Анамызға мың алғыс »

 

Ойын: «Кімнің анасы».

Оқушылардың салған суреттері тақтаға ілінеді, ата-аналары қай сурет қайсыныкі екенін айтады.

Ойын: «Атын ата».

Оқушылар көздерін жауып тұрып, аналарының біреуі ғана «балам» деп айтуы керек. Оқушылар оның анасы екенін айтуы керек.
Ата — ана тәрбиелеп балапанын
Әлдилеп, аялаған алақанын.
Болашақта бақ тілеп тұрасыңдар,
Ойлауменен алдағы бала қамын — дей отырып сөз кезегін аналарға береміз.
Бүгінгі «Аяулы менің — анашым» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көптен — көп рахмет. Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

Акимова Гулшат Амановна

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, С.Оразалин атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

 

8-наурыз мерекесіне арналған басқа да материалдар

1. «Мереке күніңмен!» атты 8-наурызға арналған сценарий

2. 8-наурыз құтты болсын , Анашым! атты мерекелік сценарий

3. 8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі

4. Қыз — өмірдің қызғалдағы (сценарий)

5. «Ана-өмір шуағы» мерекелік сценарий

6. «Ардақты анам, асылым!» ертеңгілігі (сценарий)

7. «Ана – гүл, ана – жыр, ана – өмір шуағы» тақырыбында ертеңгілік


ПІКІР ҚАЛДЫРУ