«Ойлан, тап!» зиякерлік сайысы

0
4631
«Мен осындай баламын» тәрбие сағаты

Іс шараның мақсаты:

Оқушыларды ойната отырып, әр пәннен игерген білімдерін тиянақтау, ұйымшылдыққа, тапқырлыққа,  шығармашылыққа баулу, ой- өрісін ,қиялын танымдық әрекеттерін арттыру

Іс шараның түрі: зиякерлік сайыс

Көрнекіліктері, құрал-жабдықтары:слайдтар, конверт, тапсырмалар жазылған үлестірмелі қағаздар.

Өтілу барысы:

  1. Кіріспе бөлім

-Бүгін, бастауыш кластар апталығының аясында 1-класс оқушыларының арасында «Ойлан, тап!» атты зияткерлік сайысымыз өткелі тұр. Осыған дейін алған білімімізді ойнай отырып, көрсете білейік! Сіздерге сәттілік тілеймін. Сайысты бастамас бұрын өтілу барысымен таныстырып өтейін!

Сайысқа екі топ қатысады. Берілген тапсырмаларды орындайды. Әділ қазылар алқасы жауаптарын бағалап отырады.

1 — топ: Топ аты: «Алғырлар»
Топ ұраны: тоғызда сабаққа келеміз,
Сабақтан қалмаймыз дегенбіз.
4 пен 5 — ке оқып біз,
Жарыста бәрінде жеңеміз.

2 — топ: «Тапқырлар»
Топ ұраны: Қайырлы күн досым,
Қайырлы күн болсын.
Бүгінгі күннің сәті,
Сәттілікке толсын.
Біздің алар бағамыз,
Кілең бестік болсын.

  1. Негізгі бөлім

1-кезең: «Математика елінде».I ойын: «Почта» ойыны. Слайдта почта жәшігі нөмірленіп көрсетілген №50,№60,№70,№80,№90.

Әр оқушының алдына конвертке салынған мысалдар таратылады. Оқушылар конверттегі мысалды алып, тез есептеп, жауабын сәйкес жәшіктің нөміріне салады.

90-40
50+30
30+40
40+10
80-20

 

2-кезең: «Тіл болашақ негізі»

II ойын: «Сөз ойла, көп ойла» ойыны.

– «Сөз ойла, тез ойла»

«А», «Т», «Б» және «С», «Қ», «Ж» дыбысына байланысты сөздер ойлап жазыңдар.

3-кезең: «Танымдылыққа талпынайық!».III ойын: «Білгенге маржан» ойыны.

Топтарға  туыстық атаулар аясында әзірленген 6 сұрақ қойылады. Топ дұрыс жауапқа жұлдызша алады.

Сұрақтар: Нағашы әже деген кім?
Нағашы ата деген кім?
Іні деген кім?
Қарындас деген кім?
Бөле деп кімді атайды?
Жиен деп кімдерді айтамыз?

4-кезең: «Ән салу да бір өнер».IVойын: «Сақина өлең» ойыны ойнатылады.

Балалары өздері білетін әнді бастап айтады.Әнді тоқтатады. Әннің сөзінің соңғы дыбысы қай дыбысқа аяқталса, сол дыбыстан басталатын әнді тауып, жалғастырып айтады.

5-кезең: «Логика әлемінде» Vойын: «Ұшқыр ой алға жетелейді» ойыны.

1-тапсырма: 1 кг етті пісіру үшін 1 сағат кетеді. Ал 2кг етті пісіру үшін қанша сағат кетеді?

2-тапсырма: Бір қазақ қалаға бара жатыр еді. Жолда үш танысы қарсы шықты. Қалаға қанша адам бара жатыр?

6-кезең:«Бейнелеу өнеріне саяхат». VIойын: «Соқыр суретші» ойыны. Әр оқушы көздері байлаулы күйде доптың, күннің суреттерін салады.

7-кезең:«Спорт- денсаулық кепілі». VIIойын: «Көңілді жаттығу» би қимылдары орындалады.

8-кезең:«Шебердің қолы ортақ». VIIIойын: «Сиқырлы қағаз» ойыны. Оқушылар геометриялық фигуралардан бейнелер құрастырады.

  1. Қорытынды бөлім:

Жеңістен жеңілістен тұратын,
Өмір — күрес, жеткізе ме мұратын?
« Жеңбедім, жеңілдім» деп ренжіме
Қатысуда бір жеңіс,
Бір жеңіліс бар ұғатын.
Әділ қазылар сөзі:
Мадақтау грамоталары беріледі
Осымен осы ойынды тамамдасақ,
Бұл жарысты өткізер ме ек жаман болсақ.
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!

Зияткерлік сайыстың қорытындысы шығарылады. Жеңімпаздар анықталып, марапатталады.

 

Акимова Гулшат Амановна

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, С.Оразалин атындағы ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі

 

Сайтқа жарияланған зияткерлік сайыстар

  1. «Ұшқыр ой мен шешен тіл» зияткерлік сайысы
  2. «Зерде» танымдық зияткерлік ойыны
  3. «Алтын қақпа» зияткерлік ойыны
  4. Зияткерлік сайыс: «Қызық екен»
  5. «Тапқыр болсаң, озып көр!» (сценарий)

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ