«Тілім менің-тірлігімнің айғағы» тақырыбында өнеге сабағы

0
1197
Jennie Kim: кәріс айдолының Голливудтық дебюты

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге, мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: плакаттар, слайд

Әдіс-тәсілдер: аралас, түсіндіру, сұрақ-жауап.

Тәрбиеші: Балалар,бүгін ерекше күн екен.Біздің сабағымызға көптеген қонақтар келіп отыр.Олай болса,балалар,қонақтармен амандасып алайық.

Арайлап таң атты,

Алтын шуақ таратты.

Қайырлы таң, балалар!

Қайырлы таң, апайлар!

Балалар біз бәріміз бір үйдің балаларындай тату-тәтті доспыз.Қане,бір-бірімізге деген достығымызды нығайту үшін жақсы тілектер айтайықшы.

Балалар: Күніміз жарық болсын. Аспанымыз ашық болсын. Деніміз сау болсын. Еліміз тыныш болсын. Досымыз көп болсын. Балабақшамыз жайнап тұрсын. Нанымыз көп болсын.

Тәрбиеші: Ия,балалар,осындай жақсы көңіл-күйімізбен орындарымызға жайғасайық.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар,балалар.Олай болса ерекше күн деп есептеп,тақырыбымызды «Тілім менің-тірлігімнің айғағы» ,-деп бастайық.

І Ғажайып сәт.

Есік қағылып,ішке шет мемлекеттен қонақ келді.Ол біздің елімізге ұшақпен жетіпті.Оның арманы біздің еліміз туралы көп білгісі келеді екен.

-Сәлеметсіңдер ме балалар?

-Балалар,бұл қай мемлекет?

-Қазақстан Республикасы

— Бұл мемлекеттің бас қаласы қай қала?

-Астан қаласы

-Мен сендердің мемлекеттерің туралы толығырақ білсем деп отырмын.Сендер маған көмектесесіңдер ме?

-Ия, көмектесеміз.

-ҚР Елбасы кім?

-Қасым-Жомарт Тоқаев

-ҚРның мемлекеттік тілі қай тіл?

-Қазақ тілі

Тәрбиеші: Қәне,балалар,біз қонағымызға мемлекетіміздің әнұранын айтып берейік.

Балалар әнұранды орындайды.

-Ана тілі туралы қандай тақпақ білесіңдер?

Нұрбақыт:Ана тілің біліп қой, Еркіндігің, теңдігің. Ана тілің біліп қой, Мақтанышың елдігің.

Еркемай:Ана тілім Жүрегісің анамның Жүрек – ана Мен өзіңмен жаралдым.

Өсірген ой – білімді Сүйем туған тілімді Мақсат етем әр сөздің Мәнін терең білуді.

Нұрайым:Ақыл – ойын дананы, Ана тілден аламыз. Ана тілім ардақты, Ақ сүтіндей анамның. Нұрали:Қазақстан халқының,

Қазақ тілі тірегі.

Ана тілде айтылар,

Әнұраны жүрегі

— Жарайсыңдар,балалар,рахмет сендерге.Мен сендерден көп нәрсе біліп алдым,көп нәрсе біледі екенсіңдер.Енді маған рұқсат мен кетейін.Сау болыңдар!

ІІ Тәрбиеші: «Мақал-сөздің мәйегі» демекші туған тілімізге қатысты тіл өнеріне байланысты мақал мәтелдер айтайық.

1.Тіл тас жарады, Тас жармаса бас жарады.

2.Ойнап сөйлесең де,ойлап сөйле.

3.Өнер алды — қызыл тіл.

4.Жақсы сөз – жарым ырыс.

Тәрбиеші:Рахмет,балалар,енді барлығымыз орнымыздан тұрып, сергіту сәтін жасайық.

Сергіту сәті. ІV Жұмбақ шешу

Тілден ұшып, құлаққа қонады.(Сөз) Қабат-қабат қаттама, Ақылың болса, аттама (Кітап)

Жағалай-жағалай тас қойдым, Жирен атты бос қойдым. (Тіл,тіс)

Оттан да ыстық, ол не..? (Отан)

Көкпеңбек еді көктемде,

Қызарады күзге жеткенде (алма)

Жерге тырс тырс тамады,

Сайға қарай ағады,

Шешуін кім тамады? (Жаңбыр.)

Жазда жатсаң көлеңкесіне алады, Қыста жақсаң жаның рахат табады.(Ағаш)

Қорытынды.Сұрақ-жауап

Тәрбиеші:Балалар,бүгін бәрің сабаққа жақсы қатыстыңдар. Рахмет сендерге. Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев «Қазақстанның болашағы-қазақ тілінде» деп айтқаныдай сендер осы ана тіліміздің мәртебесін биікке ұшыратын сұңқары, бәйгенің алдын бермес тұлпары болуларыңа тілектеспін.

Балалар:

Қол ұстасып тұрайық, Шеңберді біз құрайық. Көріскенше күн жақсы, Сау саламат болайық!

 

Зинешова Айгул Шапагатовна

Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Алға селосы, «Ақмарал»бөбекжай балабақшасы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ