«Мереке күніңмен!» атты 8-наурызға арналған сценарий

0
2962
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

8-наурыз халықаралық әйелдер күні мерекесіне арналған мерекелік шара сценарийі

Қатысушылар: Жүргізуші және кейіпкерлер: пілдің анасы, пілдің баласы, маймыл, ара.

Балалар музыка әуенімен кіріп, жартылай шеңберге тұрады.

Жүргізуші: Құрметті ата-аналар 8 наурыз мерекелеріңіз құтты болсын!

1-ші бала: Мамам менің, ақ мамам,

Менсіз таңы атпаған.

Менсіз күні батпаған Мен ұйықтамай жатпаған

Мамам менің,ақ мамам

Балын маған сақтаған.

Әнін маған жаттаған,

Мамам менің, ақ мамам.

2-ші бала:Мақтанышым, анашым,

Бәрімізге панасың.

Біз үшін сіз дарасыз.

3-ші бала: Күлімде күн күлімде,

Жер жасарып көгерсін.

Кешегіндей бүгінде,

Қанат қақсын көгершін.

4-ші бала:Күлімде күн күлімде,

Бүлдіршіңдер қуансын.

Қырдың қызыл гүліндей,

Қолдарына ту алсын.

5-ші бала:Күлімде күн күлімде

Күлсін барлық бала шат.

Берекелі бүгіндей ,

Бейбіт болсын болашақ.

6-шы бала: Бақытым барым өзін боп,

Құшағына еніп сүйенсем.

Сүюші ең «ботам,қозым» — деп

Аналық ыстық сезіммен.

7- ші бала:Сәбиіне қанат қақтырған

Тербетіп ақыл, санасын,

Дүниедегі ең тәтті ән.

Әлдиің екен Анашым

Ән: « Көктем»

(Жылаған дыбыс естіледі.)

Жүр: Балалар қалай ойласыңдар кім бұл жылап тұрған. Біреу- біреуді ренжітті ме?

Балалардың жауабы: ——————

Мүмкін есік сыртында шығар (жылаған піл баласын алып кіреді). Сен кімсің неге жылап тұрсын?

Піл баласы: Табаным бар, құлағым бар.

Өзіме келетін терім, бар.

Ұзын мұрыным, құйыршығым.

Бірақ өзімді кім екенімді білмей қиналып тұрмын

Жүргізуші: Балалар, сендер кім екенін таныдыңдар ма? Қане, түр-түсіне, терісіне қараңдаршы пілдің баласы сияқты.

Балалар: Піл

Жүргізуші: Ия, пілге ұқсайды. Саған не болды?

Пілдің баласы: Мен анамды жоғалтып алдым.

Жүр: Балалар қалай ойлайсыңдар анасын қайдан табуға болады.

(Балалардың бірнеше жаубы)

Жүргізуші: Мүмкін ата-аналардан көмек сұрармыз.

Ата-аналар: Африкада.

Жүргізуші: Африка ұзақ жол. Африкаға кемемен барайық. Балаалар өз орындарыңды алыңдар.(Балалар кеменің жанындағы орындықтарға отырады.)

Жүргізуші:Піл баласы капитан болады. Біздің кемеміз жүзуі үшін қолымызды көтеріп, сермеп жел жасайық.

(Музыка әуенімен балалар кемеде жүзеді)

Пілдің баласы: Мен аралды көріп тұрған сияқтымын.Менің анам сол жерде шығар.

Жүргізуші:Кәнекей балалар бұл жерде кім тұрады екенің көрейік.

Би: «Көңілді жазық» (қыздар биі)

Ара: Бізге кім келді екен?

Жүргізуші: Біз балалар пілдің анасын іздеп жүрміз.Бірақ сен оған ұқсамайсын.

Ара: Әрине ұқсамаймын мен арамын.Ол піл, менің өз балаларым бар, олар маған ұқсайды өзім сияқты кішкентай және әдемі.

Жүргізуші: Балаларың қандай керемет, әдемі би билейді екен, ән айта ма? Біздің балалармен бірге ән айтсын.

Ән: «Көктем»

Жүргізуші: Біз кетейік пілдің баласының анасын табу керек.

Ара: Басқа жаққа жүзіп көріңдер, мүмкін сол жақтан табарсыңдар. (Қоштасады)

(Музыка әуенімен әрі қарай жүзеді)

Піл баласы: Мен аралды көріп тұрған сияқтымын. Менің анам сол жерде сияқты.

Жүр: Кәне балалар бұл жерде кім тұрады екен, көрейік.

(Маймылдар пайда болады)

Маймылдар: Кәне,кәне кімдер бізге келген.

Жүргізуші: Біз пілдің баласының анасын іздеп жүрміз. Сен оның анасына ұқсамайсын.

Маймыл: Әрине, ұқсамаймын. Мен-маймылмын, ол піл. Менің өз балаларым бар, олар маған ұқсайды. Олар өзім сияқты көңілді, тентек.

( балалар маймылдардың құлақтарын киеді) Міне менің баларым.

Би: «Маймылдар»

Жүргізуші:Қандай керемет, әдемі билейді екен, тамаша, ойнағанды да ұнататын шығар.

Маймыл: Әрине.

Жүргізуші:Ондай болса қане, бірге ойнайық.

Ойын: «Бананды бер»

Жүргізуші: Сендермен көңілді, бірақ бізге пілдің анасын табу керек.

Маймыл: Аралдың басқа жағына жүзіп қөріңдер, бәлкім сол жақтан табасыңдар. (қоштасады)

(Музыка әуенімен жүзеді)

Би «Алтын балық»

Жүргізуші:Қараңдаршы бізге балықтар дұрыс жол көрсетіп тұрған сияқты.

Піл баласы: Мен көріп тұрмын мүмкін ол жерде менің анам тұратын шығар.

Жүргізуші: Қане, бұл жерде кім тұратынын көрейік (жан- жағына қарайды, ешкім көрінбейді) мүмкін сен анаңды шақырарсың?

(Піл баласы анасын шақырады)

Підің анасы шығады

Піл: Сендер мені шақырдыңдар ма?

Жүргізуші: Сен пілдің анасы сияқтысың. Балалар, қалай ойлайсыңдар бұл пілдің анасы ма? Неге олай ойлайсыңдар?

Балалар жауабы: Олар ұқсайды.

Жүргізуші: Олар несімен ұқсайды?

Балалар жауабы: Құлағы, тұмсығы, құйыршығы.

Піл баласы: Алақай! Мен сені таптым, мен сені көп іздедім. Амансыңба сүйікті анашым?

Піл: Амансың ба балам, мен сені қатты сағындым.

Жүргізуші:Қандай тамаша болды піл анасымен кездесті. Біз оларға көмектестік, мерекемізді жалғастырайық. Аналарымызға құттықтау тақпақтарымызды айтайық.

Аялайын анамды,

Ардақтайын апамды.

Асыл тұтып атамды,

Алайын мен батамды.

Ақ батамен көркейіп,

Ертең – ақ өсіп кетермін.

Арманыма асыққан

Адаспай –ақ жетермін.

Көктем көктем көктемде,

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып біз қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.

Жөңкиді бұлттар дүркіреп,

Жауды жауын күркіреп.

Аспанның жүзі жарқ етті,

Ақ найза көкте жарқ етті.

Жыл мезгілі шуақты,

Жердің беті нұрланған,

Сайды қуып су ақты,

Гүлдер өсті ырғалған.

Суда сең келеді,

Сегіз серке тең келеді.

Жүргізуші: Әрине біздер әжелерімізді де құттықтауды ұмытпайық.

Әже туралы тақпақтар айтылады

Айналайын ақ әжем,

Мейірімді еді көздерің.

Әлі есімнен кетпейді,

«Күнім» деген сөздерің.

Мейірімді әжелер,

Балалар кеп бата алар.

Қалтасына кәмпит сап,

Немереге апарар.

Менің әжем баланы,

Өте жақсы көреді.

Көже берсе шараны,

Лық толтырып береді

Ән: «Әже»

Жүргізуші:Ал енді балалар біз аналарымыз бен әжелерімізді биге шақырайық.

Би «Тату- тәтті отбасы»

Біз өз балаларымызды, немерелерімізді жақсы көреміз, кәне бір-біріміздің беттерімізден сүйіп қалай жақсы көретіндерімізді айтайық.

Ал енді аналарымызға арнап өз қолдарымызбен жасаған сыйлықтарымызды берейік.

Көңілді әуенмен мерекелік шара тәмамдалады.

 

Алпысбай Аққу Рымтайқызы

КММ №88 ЖББОМ жанындағы «Айдана» шағын орталығы

Әдіскер, педагог-психолог


ПІКІР ҚАЛДЫРУ