Lesson Study- ұстаздар шеберханасы

0
1761
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Lesson Study- ұстаздар шеберханасы

Lessоn Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Lessоn Study тәжірибелі мұғалімдермен қатар, еңбек жолын жаңа бастаған мамандарға да кәсіби жетілуге көмектеседі. Себебі бірлесіп жоспарлау, бірлесіп қадағалау, бірлесіп талдау арқылы мұғалімдер оқыту туралы бірлескен пікір қалыптастырады. Бұл мұғалімдерге өздерінің әдетте мән бермейтін, елемейтін немесе «шеттетіп тастайтын» не болжамды білім ретінде сақталып қалатын нәрселерді аңғаруларына түрткі болады.

Мұғалім осы үдерісті жүзеге асыру барысында бірлесе жоспарлап, бақылаған сабақтарында өзіндік бағалау дағдыларына аса мән беруі керек. Негізінен жоспарланған іс-әрекеттерді оқушылар қалай қабылдады?, Несімен тиімді және тиімсіз болды? Қандай өзгерістер мен жетілдірулер енгізуге болады? Тағы да нелер ескерілмей қалды? т.б. осындай сұрақтарды жиі қою керек, ал оқушылар мен әріптестерінің кері байланыстары арқылы өзара бағалаулар жүргізіліп жетілдіру жолдарын ұсынғанда ғана мұғалім даму жолына жол ашады

Сондықтан мұғалімдер үшін ең бірінші қадам ретінде теориялық материалдармен қоса практикалық тәжірибені зерделеуге қолдау көрсетіліп, оқытатын коучинг, тренингтер, шеберлік-сыныптар жүргізілуде. Дегенмен де бұның бәрі теориялық негізде өткізу барыстарына көп тоқталады. Өткізу барысы мен тәжірибе жүзінде іске асыруға қажетті іс-әрекеттер көбіне сабаққа кіру мен бақылау арқылы, қажетті құжаттарды толтырумен аяқталады. Бірақ көңіл аударсаңыздар, бұл үдерістің басты мақсаты – мұғалімдердің бірлесе жұмыс істеу мәдениетін қалыптастыру арқылы бірлесе жоспарлау барысында кәсібиліктерін арттыру, ал қазіргі жағдайларда көбіне бірлесе жоспарлауға уақыт таба бермейді, сондықтан дайындаған бір мұғалімнің сабағына кіріп сол сабақта оқушыларды бақылауға алады, үдеріс басым жағдайда формальді жүреді және әртүрлі көзқараспен қарайды.
Солардың бірі – мұғалімдердің басым бөлігі 3 оқушыны бақылауға алатындықтан, бұл үдерісті оқушыны зерттеумен шатастыратындықтарында. Бұл үдерісте басымырақ 3 оқушының қабылдауы арқылы сабақты зерттеу жүзеге асады. Жалпы Сабақты зерттеу тәсілі арқылы сабақты талдау барысының маңыздылығы жоғары, себебі талқылау кезінде сындарлы ұсыныстар беріледі, соның нәтижесінде келесі сабақтың іс-әрекет алгоритмі қалыптасады. Осы арқылы мұғалімдер өздері байқамайтын өзгерістерді бақылаушылары арқылы ескеріп сабақты жетілдіру жолдарын жүзеге асырады.

Сабақты зерттеу, яғни Lesson Study әдісінің мазмұны бойынша құнды мәліметтер беріп, олардың тәжірибесінің жақсаруына көп септігін тигізетіндігі сөзсіз. Осы секілді құралдардың арқасында еліміздің педагогтары Lesson Study әдісі туралы өз түсініктерін кеңейтіп, оның ерекшеліктерімен танысуда. Сабаққа қатысушы басқа ұстаздар тек мұғалімнің әрекеттерін бақылап, олардың кем-кетік жерлерін тізбектеп, сабақ талқылауда сол кемшіліктерді тілге тиек етіп, мұғалімге ақыл айтып, нұсқау беретін. Ал бүгінде Lesson Study әдісі бойынша сабаққа қатысқандар өздері таңдаған зерттеу проблемасы ауқымында оқушының әрекеттерін бақылап, олардың қалай оқитындықтарына назар аударып, оқушылармен сұхбаттасып, олардың оқудағы жетістіктері мен қиындықтарын айқындап, сабақты талқылағанда осыларды дерек ретінде қолданып, сабақты жақсартуға қолданады.

Негізінен осы жұмыс нақты қолға алынған жағдайда, әр оқушының қажеттілігін, олардың жаңа білімді қабылдай алу іскерлігін ескере отырып, әр түрлі ресурстарды қолдану қажеттігіне, тапсырмалардың іріктелуіне, мұғалім қолдауының қажеттілігіне көз жеткіземіз, себебі, біреуі естіп, біреуі көріп, ал кейбіреуі өз қолымен жасап қабылдайды. Әрқайсысының деңгейі әрқилы. Осы кезде саралауды дұрыс ұйымдастырып, оқушыларға дер кезінде қолдау көрсете білу өте маңызды екенін аңғарамыз.

Демек желілік қауымдастықтың дамуын қолға алу мектеп мұғалімдерінің шағын топта жұмыс істеу мәдениеттерін қалыптастыру арқылы қалануы керек деп ойлаймын.

Бұл – жаңашылдық, дамуға жол сілтейтін бағыт, 21 ғасыр адамдарының бойында қалыптасатын негізгі дағдылар, сыни ойлау, топта жұмыс істеу, шығармашыл қолдану, өмір бойы білім алу дағдыларын қалыптастыратын тәсіл.

         «Сабақ – зерттеудің қарапайым идеясы. Егер сіз оқытуды жақсартқыңыз келсе, онда басқа мұғалімдермен жоспарлауды, бақылауды, сабақты талқылауды бірлесе жұмыс істеуден басқа тиімді жолын таба алмайсыз»- деген Левис.

Lesson study — зерттеу сабағы оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнен өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыру талап етеді. Ол мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігімен тікелей байланысты. Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі — оның  жан-жақты білімінен, ұстаздық шеберлігінен, оқытудың жаңа әдістерін меңгеруімен және сол әдістерді тиімді пайдалануымен өлшенеді. Әрбір оқу пәні бойынша білім, білік, дағдыны ғана игеру оқушы құзыреттілігі үшін жеткіліксіз болып отыр.

Мектебімізде бастауыш сыныптар арсында Lesson Study тобы құрылды. Бұл жұмысты Жанар Құсайнова басқарды.

Мектебімізде бастауыш сыныпта Lesson Study циклін өткізу үшін зерттеу жұмыстарын жоспарлап, ұйымдастыратын  Ж.Құсайынова, К.Абдрахманова, Қ.Амирбекова, С. Алдонғарова, М.Ахметова мұғалімдерден сарапшы топ құрдық. Lesson Study тәсілін жүзеге асыру үшін топ мүшелерімен ақылдаса келе, «Жыл басна таласқан хайуанаттар» тақырыбы бойынша 3 — сыныбында өткізуді жоспарладық. Жалпы сыныпта 39 оқушы білім алады. Сынып жетекшісі жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі Құсайынова Жанар Беймбетқызы. Зерттеу барысында бекітілген сарапшылар әр пән сабақтарына кіріп, талдаулар жүргізді. Талдау барысында 3 – сынып оқушыларын зерттей отырып, сабақтағы әдіс- тәсілдер мен бағалауды меңгергенің, жекелей, жұптық, топтық жұмыс формаларында жұмыс жасай алатындығын бақыладық.

Сонымен қатар, Жанар Беймбетқызы осы сыныбына «Жыл басна таласқан хайуанаттар» тақырыбында әдебиеттік оқу пәнінен ашық сабақ өткізді. Ашық сабаққа барлық оқушылар бір адамдай қатысып, өз деңгейлерін көрсетті. Ашық сабаққа мектеп ұжымының әріптестері қатысып , өз пікірлерін ортаға салды. Өзінің іс – тәжірибесін мұғалім әріптестеріне бөлісті.
Сараптай келе, сынып оқушыларының оқу мен оқыту іс – әрекетіне қорытынды жасалып, оң баға берілді. Мектебімізде жүргізілген кезекті Lesson Study үрдісінің тиімді екеніне тағы да бір мәрте көз жеткіздік.

Қорыта айтқанда, қай кезде де мұғалім білім мекемелерінде негізгі тұлға болып қала береді, себебі оқушыға білімді өз бетімен үйренуі үшін жетекшілік қызметін атқарады. Мұғалім тек қана өз шәкірттеріне ғана емес,жан-жақты, білімді, заман ағымына сай жаңашыл ұстаз болса, өз идеяларымен, ой-мақсаттарымен өз әріптестері үшін соңынан ілестірер көшбасшыларына айналады. Lesson Study-оқушыларға саналы білім берудің көздеген бір мақсатқа жұмсалған ұстаздар шеберханасы десекте артық етпейді.

Басқа материалдар


ПІКІР ҚАЛДЫРУ