Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару

0
3791
Гомотетия және оның қасиеттері
Сабақ тақырыбы
Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуге есептер шығару
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар;
Сабақ мақсаттары Оқушылар:

  • Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің

арақашықтығын пайдаланады;

  • Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеуді шешуде санның модулінің анықтамасының формуласын

пайдаланады;

Бағалау

критерийлері

Оқушылар:

  • Айнымалысы модуль таңбасының ішінде берілген бір айнымалысы бар

сызықтық теңдеуді шешуде координаталық түзудегі нүктелердің

арақашықтығын пайдалана алады;

Тілдік мақсаттар Оқушылар:

  • теңдеулердің қасиеттерін қолдана отырып, теңдеулердің шешіміне түсінік береді;
  • хa= b, түріндегі теңдеулерді шешеді, мұндағы a және b – рационал сандар;
  • сызықты теңдеулерді және оларға келтірілетін теңдеулерді шығарады;
  • модуль анықтамасын ауызша тұжырымдайды;

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

  • тепе-тең түрлендіру;
  • сызықты теңдеу;
  • сызықты теңдеудің коэффициенттері;
  • модулі бар теңдеу;

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

  • сызықты теңдеу деп …;
  • егер теңдеудің екі жағына бірдей санды қоссақ, онда …;
  • егер теңдеудің екі жағын нөлден өзге бірдей санға көбейтсек, онда …;
  • «х … болсын»;
  • … екенін біле отырып, теңдеуді құрамыз және шығарамыз;
  • … белгілі болса, онда … теңдеуін құрамыз;
  • теңдеуді шешіп, есептің жауабы болып табылатын айнымалының мәнін табамыз.
Құндылықтар ды дарыту

— Оқушылар өзара қарым-қатынаста адал және шынайы айқын;

— Өзгенің пікірін құрметтеу;

— Өз бетінше білім алу қабілеттерін дамыту;

Пәнаралық

байланыстар

Қолданбалы математика есептер, рационал сандарды практикалық есептерде қолдану
АКТ қолдану дағдылары Интерактивті тақтамен жұмыс жасау дағдыларын жетілдіру

Бастапқы

білім

Амалдарды орындауда белгісіз компоненттерді табу ережелерін білу. Теңдеулерді шеше алу.
Сабақ барысы

Сабақтың

жоспарланған

кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Сабақтың басы

2 мин

Ұйымдастыру. Амандасу.

Оқушылардың көңіл күйлерін біліп, психологиялық ахуал тудыру. Оқушылар бір-біріне жылылық сыйлау.

Психологиялық ахуал:

«Сіздің көңіл күйіңіз қандай?»

Мақсаты: оқушылар көңіл күйін білу.

1а) Интерпритация

Қызыл-қуанышты көңіл күй,

Алқызыл-ұнамды көңіл күй,

Сары-жағымды көңіл күй,

Көк-суық көңіл күй,

Қоңыр-қиналған көңіл күй,

Күлгін-алаңдаушы көңіл күй,

Қара-күш қуаттың төмендеуі,

Ақ-анықталмаған көңіл күй.

Үй тапсырмасын тексеру, оқушылар бір-бірінің дәптерлерін тексереді, түсінбеген сұрақтарын тақтада орындайды.

Презентация
Сабақтың ортасы

Ұжымдық жұмыс

5мин

«Кім жылдам?» ойыны. Шапшаңдыққа берілген есептер.

жауаптар

теңдеуді шешу

5 -3; 3 -1; 2,5 -8; 8

Сыныпты топтарға бөлу.

Себетпен конфет әкелу. Оқушыларға себеттен конфет алуларын сұраймын.Конфеттің түрлеріне қарай 3 топқа бөлініп отырады.

1-топ «Сары кәмпиттер» — оң сандар

2-топ «Көк кәмпиттер» -теріс сандар

3-топ «Қызыл кәмпиттер» қарама –қарсы сандар.

Презентация

Смайликтер

Қосымша 1

Топпен

жұмыс

10 мин

Жұппен

жұмыс

10 мин

Жеке

жұмыс

3 мин

«Айналмалы стансы»әдісі арқылы оқушыларды топтарға бөлемін.Оларға парақшаларда жазылған тапсырмалар беріледі.Топтар орындарымен ауысып,келесі парақшадағы тапсырмаларды орындайды.Әр топ келесі тапсырманы орындау үшін алдыңғы топтың парақшадағы есептеріне келісемін «+» немесе келіспеймін «-» деп белгілеу қажет.Осылайша әр топ өзінің алғашқы тапсырмасына қайтып келіп,жауаптарын қорғайды.

1-парақша

Теңдеуді шешіңдер:

=4; Жауабы:-6; 2.

9|x|-2|x|-8=5|x| Жауабы:-4;4

2-парақша

=3; Жауабы:0,5; 3,5.

7|x|-2|x|=3|x|+12 жауабы:-6;6

3-парақша

|8x+12|=20 Жауабы:-4;-1

2|x|+3|x|-18=|x|-7|x|+15 Жауабы:-3;3

Дескриптор:Білім алушы

— түрлендірулерді орындайды;

— сызықты теңдеулерге көшеді;

— сызықтық теңдеулерді шешеді;

— теңдеу түбірлерінің санын табады;

— есептің жауабын негіздейді

Тапсырманы орындаған оқушыларды қалыптастырушы бағалау тәсілі смайликтер(күлегештер) арқылы бағалаймын

Оқулық бойынша есептер орындау. В деңгей

№869 есеп.

1.3|x|+|x|=20

2.5|x|-3|x|=33

3.19|x|-17=16|x|

4.42-63|x|=65|x|

№870 1.|x|+5|x|-40=4|x|

2.100-|x|=-49|x|

3.6|x|-2|x|=35-16|x|

4.29|x|-|X|-13=-22|X|

«Ойлан-жұптас-бөліс» стратегия әдісін пайдаланып есепті топта шығарады,талдайды.Теңдеудің түбірлерінің қосындысын табыңыз:

1) 1,5|1 – х| = 6;

2) 0,7|7 – 2х| = 2,8;

3) 1,2|х – 4|=5,2;

4) |m + 5| – 5=12;

5) |m| – 5 = 3|m|;

Дескриптор: Білім алушы

— түрлендірулерді орындайды;

— сызықты теңдеулерге көшеді;

— сызықтық теңдеулерді шешеді;

— теңдеу түбірлерінің санын табады;

— есептің жауабын негіздейді Қалыптастырушы бағалау:Басбармақ арқылы бағалау           

https://bilimland.kz/kk

Қосымша 2

Қосымша 3

ҚБ

(5 мин)

Аты-жөні______ Пәні: математика Сынып:6

Бөлім: 6.3А Бір айнымалысы

бар сызықтық теңдеу

Оқыту мақсаты: 6.2.2.4

түріндегі теңдеулерді шешу, мұндағы a және b – рационал сандар;

1-тапсырма

Теңдеуді шешіңіз:

2-тапсырма

Теңдеуді шешіңіз: ;

3- тапсырма

3;

Дескриптор: Білім алушы

— түрлендірулерді орындайды;

— сызықты теңдеулерге көшеді;

— сызықтық теңдеулерді шешеді;

— теңдеу түбірлерінің санын табады;

— есептің жауабын негіздейді.

ҚБ

Кеспе қағаз

Сабақтың

соңы

5 мин

Сабақты қорытындылау:

  1. Сабақтың тақырыбы мен мақсатына қайта оралады;
  2. Модуль таңбасы бар сызықтық теңдеу дегеніміз не?
  3. Модуль таңбасы бар сызықтық теңдеуді қалай шешуге болады?

Үйге тапсырма:

№1Теңдеулерді шешіңіз:

  1. 3; 3) | 2x + 1 | = 5;

2)5; 4) 2

Рефлексия: «Парталас көршіңе бір сөз таңда»

  • Сен жарайсың.
  • Сабақтағы сенің жұмысыңа мен қанағаттанамын.
  • Сенің мүмкіндігің оданда зор
Математика 2 бөлім, 6 сынып, Т.А. Алдамұратова
Дифференциалды оқыту – Көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндеттер қоюды жоспарлайсыз? Бағалау – Оқушылардың берілген материалды меңгеру деңгейін қалай тексересіз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік ережелері

АКТ

Құндылықтармен байланыс

(тәрбиелік элемент)

1. Қабілеті жоғары оқушыларды қабілеті төмен оқушылармен бірге бірлесе отырып топтық жұмыс жасайды. Олар көмек көрсету арқылы олардың жинақталуына септігін тигізіп, оқуға тарта алады. Топқа қойылатын талап бойынша әр топ шығарған есепті қалай шығарғанын басқа топ алдында қорғайды және әрбір топ мүшесінің өзіндік рөлі болу керек.

2. Әрбір оқушыны назардар тыс қалдырмай жеке қадір-қасиетін сезіну үшін іс-әрекетіне қарай мадақтау алады.

Оқушы өзін-өзі бағалау арқылы неге жеткенін және неге әлі қол жеткізу керектігін бағалап отырады. Қалыптастырушы бағалау арқылы. Ойлауды сезінуді дамытатын материалдар. Оқушылардың өзара әрекеттесу мәдениетін қалыптастыру, кездескен қиын және күрделі жағдайларда оқушы өзін бірқалыпты ұстануға көмектеседі.
Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.

Ия, сабақ/оқыту мақсаттары дұрыс қойылды.

Көпшілігі ОМ қол жеткізді.

2-3 оқушыға қиындық туғызды, себебі аз уақытта көп ақпаратты саралау қиын болды, ережелерді бір-бірімен шатастырып алды.

Саралау жақсы деңгейде дұрыс жүргізілді.Жұппен жұмыста.

Жеке жұмыс жазғанда 1-2 мин жетпей қалды.

Жоспардан ауытқуы, тек уақыттары кішкене жылжыды.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:Оқытуда ережелердің реттілігі, оқуда түсіндірме мысалдардың көптігі.

2:Қолданбалы есептер.

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1: Топта тапсырмаларды көбірек орындау. Топта белсенді болу.

2:Жеке жұмыс құрастырғанда деңгейлік есептер құрастыру. ҚБ жазғанда қателесіп қалудан қорықпау.

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

Сыныптың жалпы деңгейі жақсы, 1-2 оқушыларға мұғалімнің/оқушылардың көмегі қажет бағыт-бағдар беруде. Келесі сабақта көбірек практикаға мән беру керек.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ