Акробатикалық жаттығулардың тізбегі: Тепе-тендік және секіру (Сабақ жоспары)

0
1180
Иллюстрация: Freepik.com
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3 бөлім:

 

Мектеп: №76 ЖББМ
Мерзімі: Гимнастика элементтері және оның түрлері Мұғалім: Қапашов Бекболат Ақылбекұлы

 

Сынып:

Сабақ 22

8 Қатысатындар саны: Сабақта жоқ:
Сабақтың тақырыбы Акробатикалық жаттығулардың тізбегі: Тепе тендік және секіру.
Осы сабақта қол жеткізілген оқыту мақсаттары 8.1.2.1 Кең ауқымдағы қимыл-қозғалыс комбинацияларын және олардың орындалу реттілігін түсідіру және көрсете білу
Сабақ мақсаттары Барлық оқушылар:
Артқа домалау акробатикалық жаттығуларында тепе-теңдікті сақтайды
Басым көпшілігі:
Акробатикалық жаттығулардан комбинациясын құрастырады
Кейбіреуі:
Акробатикалық жаттығулардан комбинациясын құрастырып, өзі көрсете алады
Жетістік критерийі 1.      Артқа домалау жаттығуында тепе-теңдіктісақтайды

2.      Қатесіз акробатикалық жаттығуларды көрсетіп талдай алады.

3.      Акрбатикалық жаттығу құрастыра алады, түсіндіреді.

Тілдік мақсат Оқушылар: жаттығудың орындау жолын түсіндіре алады

Талдау сұрақтары:

—          Гимнастика не үшін қажет?

—          Өмірде керек пе?

—          Қандай кешенді білесіздер?

—          Тепе-теңдікті білу өмірде қай жерде кездеседі? Қай салада?

 

Құндылықтарды

Арттыру

1. Ынтымақтастық

2. Өзара көмек көрсету және бірін-бірі бағалау.

Алдыңғы білім Оқушылар бұрынғы тәжірибеден оңай акробатикалық жаттығуларын біледі және қолданады.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
Басы —          Күтілетін қызмет түрлеріне сәйкес қауіпсіздікті түсіндіру.

—          Сабақ мақсатын және жетістік критерийлерін айту.

—          Оқушылармен жетістік критерийлерін құрастыру.

—          Оқушыларды сабаққа тарту үшін «Миға шабуыл» әдісін қолданамын. Ол үшін төмендегідей сұрақтарды қоямын:

Талдау сұрақтары:

—          Гимнастика не үшін қажет?

—          Өмірде керек пе?

—          Қандай кешенді білесіздер?

—          Тепе-теңдікті білу өмірде қай жерде кездеседі? Қай салада?

Оқушылар әдетте гимнастикалық жаттығуларды ұната бермейді, әсіресе 8 сыныпта, сондықтан өмірмен байланысты сұрақтарды қолданамын.

Әрбір қызмет үшін үлкен, бос орын.
Ортасы 1.      Топтық талдау тапсырмасы. Оқушыларды 2 топқа санақ арқылы бөлемін. 1 топ бағалайды, 2 топ алдыға домалау жаттығуын түсіндіреді.

2 топ ауызша сұрақ қою арқылы бағалайды.

2.      «Алға домалау» тапсырмасын орындайды:

Бағалау дескрипторы:

—          ТҚ ережелерін сақтау;

—          Тепе-теңдікті сақтау

—          Фиксация.

—          Техниканы дұрыс орындау.

Саралау тапсырмасы: Оқушылар жұбына акробатика элементтері бейнеленген қима қағаздар беріледі, олар бойынша акробатикалық элементтер кешенін әзірлейді (аударылып түсу және домалау, «дөңгелек», шпагат, әртүрлі тік тұрулар (қолға тіреніп, баспен және қолға тіреніп, жауырынмен, «қарлығаш» және т.б.).

Бағалау дескрипторы:

—          ТҚ ережелерін сақтау;

—          Тепе-теңдікті сақтау

—          Фиксация.

—          Техниканы дұрыс орындау.

Әрбір қызмет үшін үлкен, бос орын.

 

Интернет-ресурстар,
Еркін шығармашылық.

 

 

 

 

 

Қорытынды бөлім

3-5 мин

Үй тапсырмасы

Қорытындылау.

Оқушылар сабақтан алған әсері мен білімдерін «Атаулар туралы үш сұрақ» стратегиясы арқылы бағалайды. Мұғалім сабақ бойынша үш терминді тақтаға жазып, оқушыларға осы атауларға  қатысты мынандай сұрақтарға ауызша жауап беруді тапсырады:

1.      Қайда? Бұл терминдерді  сіз бұрынырақта қайда және қандай мағынада кездестіріп едіңіз?

2.      Қалай? Өз тәжірибеңізбен осы атауларды қолданудың мысалдарын келтіре аласыз ба?

3.      Қандай? Осы сабақта бұл атаулар қандай қолданыста болады деп ойлайсыз?

Үй тапсырмасы: Қағазға акробатикалық жаттығуларды құрастырып жазу

Еркін шығармашылық.
Саралау Бағалау — Оқушылардың үйренгенін Саралау
Сабақ бойынша рефлексия

 

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Жалпы баға

 

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойларыңыз)?

 

1: 

 

2: 

 

Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойларыңыз)?

 

1: 

 

2: 

 

Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?

 

1: 

 

2: 

 

Қапашов Бекболат Ақылбекұлы
Алматы қаласы ,
Түрксіб ауданы ,
№76 ЖББ мектептің
дене шынықтыру пәнінің мұғалімі 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ