Балаларды қорғау күніне арналған «Біз бақытты баламыз» тақырыбындағы бір күндік жұмыс циклограммасы

0
1212
Иллюстрация: Freepik.com

(Топтың іші әсем безендірілген)

«Сәлеметсіңдер ме, балалар!»

Балаларды  жылылығымен, мейірімділігімен шуағын шашып, бүгінгі күнге сәттілік тілеп, мерекелермен құттықтап қабылдау бөлмесінен күн қарсы алады.

Топта дәрігер мен қоян отырады. Музыка әуенімен дәрігер балалардың денсаулығын, тазалығын қарап, бүгін сондай әдемі, тап-таза ерекше балалар екенін айтып қуантады.

«Ертеңгілік жаттығу»

Қоян  шығып  (балаларды таң қалдырып)

-Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін менімен бірге жаттығу жасайсыңдар ма?

Ендеше менің соңымнан еріңдер-деп, балаларды қоянша секіртіп залға келеді. (музыка әуенімен жаттығулар жасалады.)

«Таңғы ас» Дәрігер:

Кім тағамдарын тауысып ішеді екен, тағамды тауысып ішкен баланың дені сау үлкен адам болады.(балалардың тамақ ішуін бақылау)

«Ойнайық та, ойлайық», «Табиғат аясында»

Балаларды серуенге шығарып, жерге салынған суреттерді бояту. (Күн, бұлт, саңырауқұлақ, гүл, көбелек, ағаш). Осы кезде балалардың жанына қуыршақ келеді.

Қуыршақ:  (Өзімен-өзі айналдыра қарап сөйлесіп шығады)

Ой, күн қандай тамаша! Айнала жап-жасыл, әдемі, күннің шуағы қандай жылы! (Айналдыра қарап таңданады да, балаларды көріп қалып соларға  сөйлейді.)

Мәссаған, мына жерде балалар толып отыр ғой, мен оларды қалай байқамай қалдым. Балалар, сендер қандай әдемісіңдер? Сендер неге жиналып отырсыңдар?

Балалардың жауабы: Бүгін біздің мейрам. Сурет салып отырмыз.

Қуыршақ: Балалар, мен осы түсінбей тұрмын, бүгін неге күн жып-жылы, күннің нұры төгіліп тұр, айнала жап-жасыл, торғайлар ән айтып жатыр, бәрі де әп-әдемі?

Балалардың жауабы: Бүгін жаздың бірінші күні. Жаз мезгілі басталды.

Жаздың бірінші күні балалардың мерекесі. Балаларды қорғау күні.Жазда күн жылы болады. Айнала жап-жасыл болып, теректер жапырақтарға оралады, гүлдер өседі, жеміс-жидектер піседі. Күн ұзарады, түн қысқарады.

Қуыршақ: Мен ол жайлы ұмытып кетіппін, сендер менің есіме түсіргендеріңе көп рахмет. Балалар, біздер бұл мерекені көп күттік-қой, солай ма? Ендеше, бүгінгі мейрамды жақсы етіп өткізейік. Сендер көңіл көтеруге, ойнауға, билеуге дайынсыңдар ма?

Балалардың жауабы: Ия, дайынбыз.

Хор: «Әрқашан күн сөнбесін» балалар музыка ырғағымен билейді.

«Ас адамның арқауы»

Балалар жуынып-шайынып түскі асқа отырады.

«Тәтті ұйқы»

Жәй музыка әуенімен балалар ұйқыға кетеді.

«Ұйқымызды ашайық»

Қоян келіп балаларды оятып алдымен көздеріне, басына, мойынға жаттығу жасайды.Орындарынан тұрғызып аяқ-қолға арналған жаттығулар жасатып жүгіртіп залға апарады.

«Алақай ойын»

Эстафеталық ойын.Екі топқа бөліп балаларды жарыстырады.

«Ас дәмді болсын»

Балалар бесін тамаққа отырады.

Серуен

«Алақай ойын»

Қоян балаларды енді далаға алып шығып эстафеталық ойынын жалғастырады. Осы кезде жаз келеді.

Жаз: Сәлем,  достарым, сендермен кездескеніме қуаныштымын.

1 маусым балалар мерекесі құтты болсын! Сендер өсіп, есейіпсіңдер. Мен өзіммен жылу әкелемін, өздеріңді жылытамын, сол үшін сендер мені жақсы көресіңдер. Айтыңдаршы мен кіммін?

Балалардың жауабы: жаз

Жаз: Сендер жаз мезгілі туралы тақпақ білесіңдер ме?

1-Бала

Жайқалып жапырақ,

Құлпырып қызғалдақ.

Тұратын көз тартып,

Жаз келді күн шуақ.

2-бала

Жаз келіпті дегенше

Алма пісті дегейсің.

Бағымызда ендеше

Алма теру көбейсін.

3-бала

Жаз келіпті дегенше,

Қарбыз пісті дегейсің

Бақшамызда ендеше,

Қарбыз жинау көбейсін.

Жаз: Рахмет, менің достарым! Алғыс ретінде мен сендерге сыйлыққа тәттілер әкелдім.(тәттілерін үлестіреді)

Жаз: Енді балалар бәріміз тұрып билейік, көңіл көтерейік (балаларды көңілді әуенге билетеді.)

Көп  рахмет, сендерге менің достарым, менің әліде баратын жерлерім бар, сондықтан мен сендермен қош айтысамын, бірақта мен әлі сендерге келемін.

Қуыршақ: Балалар, бәріміз жазға «Қош сау бол» деп айтайық.

«Ертеңге дейін» Ата-аналармен қарым-қатынас.

Ата-аналармен тренинг ойындар «Жылы лебіз», «От шашу».

Ата-аналар аса қызығушылықпен ойынға қатысып, рахмет айтып, балаларын алып үйлеріне қайтты.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Басқа материалдар: 

  1. Тіл — біздің тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз (Әдеби ертеңгілік)
  2. «Наурыз – думан!» (Мерекелік ертеңгіліктің сценарийі)
  3. «Сиқырлы моншақтар» атты балабақша ертеңгілік сценариі
  4. Анам менің жүрегім (балабақша ертеңгілік сценариі)
  5. Балаларға күлкі сыйлайық атты ертеңгілік
  6. «Гүл ханшайымы» атты ертеңгілік жоспары


ПІКІР ҚАЛДЫРУ