Имидждік мақала қалай жазылады?

0
2582
Иллюстрация: Freepik.com

Имидждік мақала кәсіпорынның, білім ордасының немесе басқа мекеменің жетістігін көрсетіп, мәртебесін арттыруға септігі зор. Бұл мақала түрі өнім мен қызметті танымал етудің тиімді құралына айналғаны анық.

Имидждік мақала — мақсатты аудиторияға мекеменің іскерлік беделін арттыруға арналған ең жақсы әдіс. Бұл мекеменің  нарықтағы қызметін алға жылжытып,  өзіндік имиджін қалыптасыруға мүмкіндік береді.

Мақала арқылы мекеменің немесе жеке тұлғаның беделі көтеріліп, адамдардың оған деген сенімі артып, құрмет пен ізгілік атмосферасын қалыптастыра алады.

Мекеме беделі — оның жетістігінің нәтижесі, маркетингтік стратегияны жүзеге асырудағы тұрақты және тиімді қызметінің негізі.

Имидждік мақала қалай жазылады?

  • Ең әуелі, не жазатыныңызды, материалдың қандай мақсатта жазылатынын анықтап алыңыз. Одан кейін оқырман аудиториясын нақтылап алу маңызды. Мысалы, жоғарғы оқу орнының беделін арттыру мақсатында жазылатын материал болса, мекеменің жеткен жетістігін, студенттерге көрсететін қызметінің артықшылығын, сондай-ақ, білім бәсекесіне қаншалықты дайын екенін нақтылау қажет.
  • Жазатын мақалаңыз еш жерде талқыланбаған, жаңа, өзекті болуы қажет. Егер сіз жазғыңыз келген тақырып жауыр болса, оның берілу форматын өзгертіңіз, яғни өзге бір қырынан беруге тырысыңыз. Бар дүниені қайталап жазып шығу емес, ең болмағанда сол ақпаратты толықтыру сіздің мақалаңыздың өзектілігін арттырады.
  • Тақырып қойыңыз. Тақырыбыңыз оқырман аудиториясын бір қарағаннан-ақ қызықтыруы тиіс. Тақырып қою шеберлігі болса, тіпті керемет. Себебі, тақырып — мақаланың құрылымынан да маңызды. Тақырыпты ашатын қысқаша үш-төрт сөйлем жазыңыз. Бұл тақырып таңдаудан кейінгі маңызды қадам — лид.
  • Мақаланың құрылымы жайлы ұмытпаңыз .
    1. Кіріспе (негізгі ойға қысқаша тоқталу)
    2. Негізгі бөлім
    3. Қорытынды(негізгі ойларыңызды қорытындылаңыз)
  • Мақаланы дауыстап оқып шығыңыз. Стилистикалық қате мен теріп жатқан кезде кеткен қатені  жөндеңіз. Қайталанатын сөздерді алып тастап, орнын синоним сөздермен толықтырыңыз!

Имидждік мақаланы Martebe.kz ақпараттық білім порталына ақылы түрде жариялай аласыз. 

MARTEBE.KZ АҚПАРАТТЫҚ БІЛІМ ПОРТАЛЫ — ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АҚПАРАТ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР МИНИСТРЛІГІ АҚПАРАТ КОМИТЕТІ МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ БАСЫЛЫМЫН, АҚПАРАТ АГЕНТТІГІН ЖӘНЕ ЖЕЛІЛІК БАСЫЛЫМДЫ ЕСЕПКЕ ҚОЮ ТУРАЛЫ № 17261-СИ КУӘЛІГІН АЛДЫ. 

Сонымен қатар, Martebe.kz білім порталы ҚР Тұңғыш Президенті — Елбасы Қоры ұйымдастырған үздік қазақ тілді сайт байқауында «Білім бұлағы» номинациясын жеңіп, ең үздік білім сайты атағын иеленді.

Сайтты күніне 15 мыңнан жоғары, айына  500 мыңға жуық оқырман оқиды.

Martebe.kz сайтына имидждік мақала жариялау арқылы интернет беттерінде қызметіңізді дамытып, тұтынушы санын арттыруға мүмкіндігіңіз бар. 

Желілік басылым тілі: қазақша, орысша

Шығу жиілігі: тәулік бойы

Меншік иесі: «SKILLS ACADEMY» ЖШС (Алматы қаласы)

Негізгі тақырыптық бағыты: ақпараттық, білім

Тарату аумағы: Интернет желісінде

Құрметті сайт оқырмандары!

Martebe.kz ақпараттық білім порталына жариялаған материалыңыз республикалық басылымға шыққан публикация болып есептеледі. Яғни, сайтқа жариялаған материалыңыз газет-журналға жарияланған публикациямен теңестіріледі.

Жоғары оқу орындары туралы ИМИДЖДІК МАҚАЛА жариялау бағасы: 3000 теңге.

Егер мақаланың тақырыбында мекеме атауы жазылатын болса, жариялау бағасы 5000 теңге болып бекітілді.

Имидждік мақала жариялаушылар үшін сертификат беру талап етілмейді.

Барлық сұрақтар бойынша: 8775 998 83 87 (whatsapp).


ПІКІР ҚАЛДЫРУ