әл-Фараби бабамыздың ақындық қыры

0
5687

Әл-Фараби бабамыздың өлеңдері

\r\nҚашықтасың туған жер — қалың елім,\r\nНе бір жүйрік болдырып жарау деген.\r\nШаршадым мен.\r\nҚанатым талды менің,\r\nШаңқыт жолға сарылып қарауменен.\r\n\r\nКері оралмай жылдарым жатыр ағып,\r\nҚасіреттің жасына көз жуынар.\r\nО, жаратқан, көп неткен ақымағың,\r\nҚұм сықылды тез ысып, тез суынар.\r\n\r\nЗиялы аз бір тұтам тіршілікте,\r\nӘкімдікке куллісі жүгіреді.\r\nКөкірекпен сезініп, күрсініп көп,\r\nЖаным менің түршігіп, түнереді.\r\n\r\nКайтейін мен көкжиек кеңдгімді.\r\nКелер күнге үмітпен жол ашамын.\r\nҚос шөлмекпен өткіздім өмірімді,\r\nСоны медет етеді болашағым.\r\n\r\nБір шөлмекте көк сия толып турса,\r\nЕкіншіде — шарап бар жайы мәлім.\r\nДаналыкты сиямен толықтырсам,\r\nШарабымен шерімнен айығамын. \r\n\r\n(6,32-33)\r\n\r\nБауырым, қанша сүйгенмен,\r\nБіеді өмір күйбеңмен.\r\nШындыққа бас тік алаулап,\r\nПенделіктен бол аулак,.\r\n\r\nЖататын дәйім жаңғырып,\r\nБұл өмір емес мәңгілік.\r\nБейопа мына заманда\r\nБақұл боп кетер адам да.\r\nЖұрт кшен кунш кеп қызык,\r\nЖіберер зая өткізіп.\r\n\r\nҚағаздың түсті бетіне,\r\nСызыктай бейне тартылған\r\nТап болып, жігер сарқылған,\r\nКездейсоқ өмір өтіне\r\nҚайыспай тұрса нар тұлғаң\r\n\r\nСонда да беріп кетеміз,\r\nЖүректің отын молында,\r\nАрманды аңсап өтеміз\r\nҰлы мұрат жолында. (6, 34)\r\n\r\nТемендегі өлең жолдары Әл-Фарабидің ақындық тұғырының да биік болғандығын толық дәлелдейді:\r\n\r\nТамылжып бал тыныштық айналамнан,\r\nТылсым түнге құшағын жайған далам.\r\nМен жатырмын ұйқысыз жапа-жалғыз,\r\nЖанымды ой жарығы аймалаған.\r\n\r\nАққан жұлдыз құласа кейде егер,\r\nСеніңнұрлы бейнең боп кеудеме енер.\r\nӘлдеқайда ғайыптан ынтызар ғып,\r\nӨміріме бір ғажап сәуле берер.\r\n\r\nҮнің жетер жаңғырып жырақтан ең,\r\nСезініп мен деміңді гүл атқанмен,\r\nОның өзі бір-ақ сәт… содан кейін,\r\nМұңды әуенді жалғаймын бірақ та мен… (6, 36)\r\n\r\nТіршілікте құрыштай бол төзімді,\r\nСан мәртебе алдаса да өзіңді.\r\nТағдырыңды еш уақытта жазғырма,\r\nТіпті кейде болса әзәзіл азғырған.\r\n\r\nӨрге жузген өнегелі ісімен,\r\nТаңда адал дос өз теңіңнің ішінен.\r\n\r\nЖүргендер көп достың атын малданып,\r\nАлайда тек қалма оған алданып. (6, 37)\r\n\r\n         Әрине, Әл-Фараби өмір сүрген дәуірде үлкен ғалымдардың да өлең жазуы өзінше бір әдетке айналып кеткен салт, дәстүр болған. Мәселен, Фарабидің замандасы, ұлы ғалым, медиң ина ғылымының негізін қалаушылардың бірі — Әбу Әли ибн Сина, энң иклопедист-ғалым Бируни, ұлы математик Әл-Хорезми, т. б. кезінде азды-көпті өлеғ-жыр жазумен де айналысқан. Бірақ орта ғасырдың әдебиет зерттеушілері мен тарихшылары поэзия мәселесін сөз еткенде көбнесе дерлік Әл-Фарабидің есімін қайталап отырады. Өкінішке орай, Фарабидің поэзиялық мұрасы біздің дәуірімізге дейін толық сақталмады. Әйтсе де саусақпен санарлықтай аз ғана жыр жолдарының өзінен оның зор шабытты, кең тынысты, тереңо йлы, нәзік сезімді, дарынды ақын болғанын аңғару қиын емес.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ