АЛАШ ПАРТИЯСЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАСЫ ЖӘНЕ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ

0
13744

Алашорда Өткен 2011 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20 жылдығын бүкіл Қазақстандықтар болып зор қуанышпен атап өттік. Ғасырлар тоғысындағы Тәуелсіз мемлекетіміздің құрылуы қазақ халқының талай жылға созылған ұлт-азаттық күресінің заңды нәтижесі. Тәуелсіздікке жеткізген жол даңғыл болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрады. Болашақ мемлекетіміздің ірге тасы осы Алаш қайраткерлері өмір сүрген тарихи кезеңдерде қаланған болатын. Азаттық жолындағы қасиетті де қасіретті күрестің тарихын және ұлт мүддесі жолында күрескен қазақ зиялыларының өмірі мен қызметін зерттеп тануға қазіргі таңда зор мүмкіндіктер туып отыр.\r\n\r\n Бүгіндері біз туған еліміздің, отанымыздың шынайы тарихын білуге деген ұлттық сана-сезімінің бұрын-оңды болмаған өрлуінің куәсі болып отырмыз.\r\n ХХ-ғасыр басындағы қазақ зиялыларын толғандырған мәселелер, елдің елдігін, ұлттың бірлігін, жердің тұтастығын сақтау, халқын өркениетті елдердің қатарына қосу, ол үшін елін отарлық езгіден азат қылып, оқу, өнер-білім, іскерлік жолына салу, ең бастысы дербес мемлекеттігін құру еді. Бұл тіпті бүгін де күн тәртібінен түсе қойған жоқ. Осы орайда, тәуелсіздігіміз үшін күрескен, соған орай кеңестік билік тұсында тоталитарлық жүйенің құрбаны болып, қуғынға ұшыраған, есімдерін, кейінгі ұрпақ санасына біржола ығыстыруғы күш салған тұлғаларымыздың тарихы біз үшін абырой мен ұлт мақтанышы болады. Кезінде Ресейдің жоғары оқу орныдарында оқып, отаршыл империяның саясатын жүзеге асыруға тиіс болған қазақ зиялылары, ХХ-ғасыр басында ұлт мүддесі үшін бастарын қатерге байлады. Қазақ зиялылары ұлт мүддесін жоғары қойып, қазақ елінің тәуелсіздігі жолында күрес майданына шықты.\r\n Алаш қозғалысы ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басында Қазақстанда орын алған әлуеметтік-экономикалық қоғамдық саяси және рухани-мәдени өзгерістердің нәтижесінде өмірге келді. Алаш париясы деген атпен танылған ұлттық-демократиялық қазақ зиялыларының саяси ұйымы халық идеясының қозғаушы күші міндетін заман талабына сай адал атқарды.\r\n\r\nӘлихан Бөкейханов көшбасшы болған Қазақ интелегенциясының алдында ұлттық территориялық қазақ мемлекетін құру міндеті тұрды. Бұл қасиетті борышты іске асырушы күрескелердің қатарында Алаштың көрнекті жетекшілері А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Шоқаев, М.Тынышбаев, Ж. Досмұхамедов, Х.Досмұхамедов, Ә.Ермеков, Ж.Ақбаев, Х.Ғаббасовтар тұрды. Бұлардың көпшілігі Петербург, Москва, Варшава, Қазан, Орынбор мен Том жоғары оқу орындарын бітіріп шыққан аса білімді, біртуар адамдар еді. \r\n Алаш көсемдерінің 1917 жылы Алашорда үкіметін жариялап, тәуелсіз қазақ мемлекетін құру үшін күрескен жолы аяқсыз қаламағанына барлығымыз куәміз. \r\n Кеңестік тарихнамада Алашорда үкіметінің көсемдерінің өмір жолын зерттеуге тиым салынды, зерттеле қалған күнде тарихи шындықтан алшақтатылып, бұрмаланып жазылды. Зерттеушілер олардың қызметіне «буржуазияшыл – ұлтшыл», «халық жауы»- деген баға берді.\r\n Алашорда үкіметінің 1917-1919 жылдардағы қоғамдық-саяси қызметіне қарап, бүгінгі күнде біздер ХХ-ғасыр басындағы халқымыздың сын сағаттағы тарихын біліп, көптеген мәселелерді анықтауға мүмкіндігіміз бар. \r\n Қазақ ұлтының санасын ояту жолында тәуекел еткен нар тұлғалар Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, А.Байтұрсынов, Б.Қаратаев, Ә.Ермеков және басқа зиялылардың нақты іс-әрекеттері қазақ халқының болашағын ойлағандықтан туған еді. Ұлт зиялысы болудың жауапкершілігі қашанда зор болады, өйткені халық өмірінің тайғақ кешулері тұсындағы әркелкі мәселедегі айтыстар, тартыс-жанжалдар ең әуелі ұлт зиялыларына сын екені анық.\r\n Алашорда үкіметінің қоғамдық саяси қызметіне Кеңес дәуірінде мүлде басқаша көзқараспен қарады. Бұл үкімет халыққа жат тек ескілікті көксеген кертартпа байлардың ғана үкіметі деп жазылып келеді. Алаш үкіметінің мемлекеттік жобасы, оның партиялық бағдарламасы қазақ халқының өркениетті даму жолына бастайтыны большевиктер тарапынан мойындалған жоқ. \r\n 1917 жылы Қазан төңкерілісінен кейін билікті күшпен басып алған большевиктерге Қазақстандағы нақты қарсылас әрі бітіспес жауы осы Алашорда өкіметі болды. Алашорда үкіметін қазақ халқы халқы түгелге жуық қолдауға дайын болды. Ғасырлар бойы тәуелсіздік үшін күресіп келе жатқан қазақ халқына 1917 жылы ұлттық территориялық мемлекет құруға деген сенім пайда болып, халықтың пассионарлық серпілісі басталды. Алаш партиясы бағдарламасы қазақ облыстарында 70-80% қолдануға ие болды. Бірақ әлемдік соғыстарда халықтың қанын судай ағызған ұлы орыстық шовинизм өз дегенін істеді. Ресей империясының билігі үшін соғысқан ақтар да, қызылдар да сайып келгенде ұлттық-территориялық автономияларға жан-тәндері мен қарсы болды. \r\n Елі үшін халқының болашағы үшін бастарын қатерге байлаған Әлихан Бөкейханов басқарған қазақ-демократиялық интеллегенциясы тарихтың ауыр жүгін өз мойындарына алып АлашОрда үкіметін құрды. Өкінішке орай қазақ ұлт-азаттың қозғалысы қайраткерлерінің сол кездегі әрекеттерді ақ гвардияшыларға да, тоталитарлық жүйені орнатып жатқан большевиктерге де ұнай қоймайды. Халық бұқарасын арзан ұрандар мен артынан ерітіп, ал оның көзі ашық көш бастаушыларын «буржуазиялық ұлтшылдар», «ұлтшыл уклонистер», «халық жаулары» деп жариялап, алдымен халықты оларға қарсы қойып, артынан қудалап азапқа салды. Тіпті кеңестік дәуірде Алаш зиялыларының ғылымғы, оқу ағарту ісіне, әдебиет пен өнерге және халық шаруашылдығының өркендеуіне қосқан қомақты үлестерін жоққа шығарып, жойып жіберіп отырды. Мұндай біржақты идеологиялық көзқарас, ұлттық апатқа апарып, саяси репрессияның қанды шеңгелі Алаш қайраткерлерін түгелдей туған-тусытармен қоса құртып жіберуге дейін барды. Тіпті тұтас бір елді мекендер «халық жауларының отаны» делініп, ерекше есепке тұрды. Сөйтіп, 1980-жылдардың соңына дейін «Алашорда» деген атаудан шошына үріккен сескеншіл ұрпақ қалыптасты. \r\n Алашорда үкіметі деп аталатын бұл қозғалыстың өкілдері өздерінің қажырлы іс-әрекетінің арқасында ХХ-ғасыр басындағы қазақ халқының ұлттық-территориялық Алашорда үкіметін құрды. Алаш қайраткерлерінің прогрессивті мемлекет құруына большевиктер мүлдем келіскен жоқ. Бір жақта солақай саясат жүргізген кеңестік тарихнама Алаш интелегенциясының тарихи роліне байланысты, оң тұжырым жасағысы келген жоқ. Кеңестік идеологтар үшін қазақ қоғамының ішінде орта ғасырлық мешеуліктен прогрес жолына алып шығатын әлеуметтік күш болған емес, бұл тарихи миссия орыс пролетариаты мен большевиктер партиясы үлесіне тиді – деген тұжырымға келетін еді. Соған байланысты кеңестік тарихнамаға қоғамдық дамуда мешеу, артта қалған өз арасында көш бастаушы әлеуметтік – саяси күш жоқ, тек қараңғы көшпелі шаруалар тобынан тұратын қазақ қоғамына қазақ жеріне келіп орын тепкен қоныс аударушылардың ағартушылық, мәдениеттендіру миссиясын түсіндірішулікпен қабылдап, әлемдегі ең алдыңғы революциялық теория мен қаруланған орыс пролетариятының авангардың рөлін дұрыс түсініп, соңынан еруден басқа ештеңе қалмағандығын дәлеледеуі ғана қалған еді. \r\n Ал Алаш зиялылары қазақстандағы қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және ұлттық мемлекекттік құрылыс мәселелерін шешу жолдарын анықтауда ұлттық тұтастық пен халықтық бірлік принциптеріне сүйенді мұндай бағыт әлбетте аталған мәселелерді шешуде таптық принциптер мен пролетариат диктатурасын негізге алған большевиктерге қарама-қарсы еді. Сондықтан да Алашорда үкіметі мен Алаш көсемдері 1917 жылғы Қазан төңкерілісінің ұрандары Кеңес өкіметінің идеялары мен нақтылы іс-әрекеттерін қабылдамады және оларға қарсы шықты. Азамат соғысы жылдарында 1918-1920 жылдары Алашорда үкіметі Кеңес үкіметіне қарсы жау күштермен одақтас болды. \r\n Нәтижесінде, азамат соғысында жеңіске жеткен Кеңес өкіметі Алаш пен Алашорданы Қазақстанның қоғамдық саяси өмірінен алдау мен арбау әдістерін, қару жұмсап күштеу жолында қолданып, оларды тарихи сахнадан кетірді.\r\n Алашорда үкіметі 1917-1919 жылдар аралығында өмір сүреді. Бұл 2 жыл Алаш пен Алашорда үкіметі көсемдері үшін олардың соңынан ерген қазақ халқы үшін қастерлі де қасіретті жол еді. Қастерлісі 1917-1919 жылдары бір мезгілде қазақ халқының ұлттық-территориялық тәуелсіз мемлекеті қалыпына келгендей болды. \r\n Өткен ХІХ ғасырда патша өкіметі қазақ жерін бөлшектеп дүркін-дүркін әскер-саяси реформалар жасап, бір-тұтас қазақ халқын бір-бірінен әкімшілік территориялық бөлінісіне қарай бөліп жіберді. Қазақ жері Орынбор, Дала, Түркістан генерал-губернаторлығына және Астрахан, Томск, Закаспий болып, бөлініп басқарылды. Осы 1917-1919 жылдары Алашорда үкіметінің көсемдері автономия жариялай отырып әр тұсқа шашырап кеткен қазақ халқының басын біртұтас мемлекетінің туы астына біріктіруге күш салды. Қазақтың жығылған туы қайта көтерліген еді.\r\n 1917-1919 жылдары Алашорда үкіметі құрылып, қазақ халқының бір тұтас ұлттық-территориялық мемлекет болып аз да болса өмір сүрген тарихи уақыты болып саналады. ХХ-ғасыр басында қазақ халқының тарихы өзінің аса күрделі әлеуметтік және қоғамдық – саяси қайшылықтарымен ерекшеленеді. Сонымен қатар, рухани азаматтық пен демократиялық – ағартушылық идеялары толы бұл кезең, халқымыздың небір алып ой иелерін жарыққа шығарған шын мәнінде қазақ ренессанасы дәуірі болды. Жоғары идеялық азық-ой пікірлер мен көкей кесті тұжырымдар заман сахнасына көтерілді. Атап айтқанда олар: ұлттық тәуелсіздік, өзін-өзі басқару, құқықтың мемлекет принциптерін қазақ қоғамына енгізу, тілді дамыту, әдеттік талаптарын бұлжытпай орындау сияқты биік мұрат, мақсаттар тұрады. \r\n Қарастырып отырған күрделі кезеңде қоғамдық осындай ізгілікті даму бағытын армандаған, өз елін ерекше танытам деген ұлтжанды қайраткерлеріміз Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, Ә.Ермеков Ж.Ақбаевтар ұлтының нағыз жанашырлары болды. Өкінішке орай Кеңес үкіметі қазақ елінің Алашорда үкіметіне оның белгілі қайраткерлеріне байланысты іс жүзінде ұлы державалық саясат ұстанып өзінің бар идеологиялық күш қуатын пайдалана отырып, ұлттық сананың терең тоқырауға ұшырауына қол жеткізді, елдің өркениетіне үлкен кедергі жасады. \r\n Бұл саясат алдымнан қазақ қайраткерлерінің атқарған іс-әрекеттеріне, олардың халық жадында сақталған жақсы атына қарсы бағытталды. Тарихтың екінші рет қайталанбайтын мұндай кезеңдері халық санасына әдейілеп өшірілді. Ұлттық қозғалыстар және жеке тұлға туралы тарихи шындықты әйгілейтін деректерді жойып жіберу немесе архивты құпия қорларында жасыру сияқты әрекеттерге барды. \r\n Әлихан Бөкейханов бастаған Алашорда үкіметінің тар таптық мүддеден гөрі жалпы адамзаттық қасиеттерге ден қойғандығы 1916 жылғы көтеріліс нәтижесінде босқынға ұшыраған қырғыз халқына көмек көрсеткенімен, Алашорда үкіметі құрамындағы 25 орынның 10 орнына қазақ жеріндегі басқа ұлт өкілдеріне қалдырғанын, Түркістан өлкесіндегі ұлт-азаттық күштермен бірігіп, Түркістандағы Кеңестік билікті империялық ұлттық үстемдік құралына айналдырғысы келген жаңа билікке қарсы Қоқан автономиясын жариялауынан айқын көрінеді. \r\n Алаш партиясы мен Алашорда үкіметі бағдарламасы белгілі дәрежеде қазақ жұртына большевиктер ұсынған кеңестік даму жолымен бір мезгілде өмірге келген балама өркендеу жолы болатын. Мен бұл арада Алаш интеллигенциясы ұсынған жолды мінсіз, бірден-бір тура дара жол еді деп отырғаным жоқ. Бірақ сол тарихи кезеңде қазақ қоғамын терең дағдарыстан өркениетті даму жолға шығу үшін, тариха тәжірибе көрсетіп бергендей большевиктер ұсынған бағдарламаға қарағанда Алаштық интеллигенция ұсынған жол анағұрлым тиімді және азабы кем еді. Себебі Алаш интеллигенциясы ұсынған балама жол қазақ елінің сан ғасырлық даму тәжірибесін, салт-дәстүрін революциялық әдіспен өзгертуде емес, қайта оларды эволюциялық жолмен басқа өркениетті елдердің өмір тәжірибесін ескере отырып одан әрі жетілдіруде түсуді көздеді. \r\n Ең негізгісі бұл жолы қазақ еліне өзін-өзі билеуге, сөйтіп ішкі қоғамдық мәселелерін өзі шешуге, өз атамекеніне өзі ие болуға мүмкіндік беретін жол еді. Әрине, мәселенің мұндай деңгейде шешілуі қазақ қоғамы үшін сол даму сатысындағы барлық өзекті мәселелердің біржола түгелдей жойылуы дегенді білдірмейтіні түсінікті. Бірақ шынайы ұлттық бостандық пен ұлттық мемлекеттің орнауы ғана ол үшін өркениетті дамудың алғышарты болатын.\r\n Алаш партиясы бағдарламасының тарихи маңызы зор екенін біз осы күні көріп отырмыз. Алаш бағдарламасы 1917 жылы большивиктер жеңіске жеткен Қазан төңкерісінен кейін жарияланды. Бұл кезде халықты алдап-арбап жеңіске жеткен большевиктер 1917 жылы қарашаның 2-ісінде бүкілроссия халықтарына оның ішінде «Шығыстың барлық мұсылман халықтарына үндеу» жариялайды. Үндеуде езілген ұлттарға өзін-өзі билеу құқығы беріледі деп елді алдады. Алаш басшылары осыған дейін Қазақстанның ең басты, ең өзекті мәселелерін шеше алмаған Уақытша үкіметке сенуден қалса, енді оның орнына келіп, жоғарыда аталған проблемаларды таптық принциптер негізінде шешуге уәде еткен Совет үкіметіне сенімсіздікпен қарады.\r\n\r\nРКФСР құрылғаннан кейін ізінше елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға әзірлік жұмыстар басталды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан мен Түркістан кеңестері өздерінің, бүкілқазақтық және бүкілтүркістандық съездерін шақыруға әзірлене бастады. \r\n Большевиктердің бүкілқазақтық съезд шақыруға дайындық жұмыстары өлкедегі кеңес үкіметін нығайту жолдарымен қатар жатты. Жағдайдың бұлай өрістеуіне Алаш партиясы мен оның көсемдері келіскен жоқ. Қазан төңікерісінен көп бұрын-ақ қазақ либералдық – демократиялық қозғалысының жетекшілері өздерінің партиялық бағдарламасы туралы көзқарастарын кеңінен насихаттай бастаған болатын. Петроградта революция жеңіске жетіп, Қазақстанда Совет үкіметін орнату процесі жүріп жатқан кезде «Қазақ» газетінің 1917 жылғы қарашаның 21-інде 251 санында Алаш партиясы бағдарламасының жобасы жарияланды. \r\n Бірінші жалпы қазақ съезінің шешімдеріне сәйкес Ә.Бөкейханов, А.Байтұрсынов, Елдес Ғұмаров, Е. Тұрмұхамедов, Ғ.Жүндібаев, Ғазымбек Бірімжанов дайындаған партия бағдарламасының жобасы он баптан тұрады. Олардың ең маңыздылары мыналар:\r\n І. Мемлекеттік қалпы. Россия демократическая, федеративная республика болу. Демократия мағынасы мемлекетті жұрт билеуі. Федерация мағынасы – құрдас мемлекеттер. Федеративный республикада әр мемлекеттің іргесі бөлек, ынтымағы бір болды. Әр мемлекет өз тізгінін өзі алып жүреді. \r\n Осы бапты қазіргі саяси терминдермен түсіндірсек, Алаш партиясы мемлкеттік құрылыс мәселесіне Россияның терезесі тең (құрдас) мемлекеттердің федеративтік одағы болуын, оған мүше болған әрбір субъект (құрдас мемлекеттер) өзінің егемендік құқы бар (іргесі бөлек) болуымен бірге жалпы федеративтік одақ мүдделерін қорғауда «ынтымағы бір» болуын талап етті. \r\n ІІ. Жергілікті бостандық. Қазақ жүрген облыстардың бәрі байланып, өз тізгіні өзінде болып, Россия федерациясының бір ағзасы болу. Реті келсе, қазақ автономиясы сыбайлас жұрттармен әзірге бірлес болу, реті келсе бірден-ақ өз алдына жеке болу. Алаш партиясы әділдікке жақ, нашарларға жолдас, жебірлерге жау болады. Күш-қуатын игілік жолына жұмсап жұрт тартқан айту жағына бастайды.\r\n Алаш партиясы бағдарламасының осы бабында екі түбірлі мақсат айқындалған: бірінші – Россия Федеративтік мемлекетінің құрамдас бөлігі болуға тиіс қазақ автономиясы бүкіл қазақ халқы мекендеген жерге иелік етеді және тең құқықты федерация мүшесі ретінде оған нұқсан келген жағдайда Қазақстан өз алдына тәуелсіз мемлекет болып бөлініп шығады. Екінші — өзінің нақтылы саяси қызметінде Алаш партиясы жалпы адамзаттық игіліктерді басшылыққа алып, әділдікке жақ, зорлыққа қарсы болады.\r\n ІІІ. Негізгі. Құқық. Россия республикасында дінге, қанға қарамай, еркек-әйел демей адам баласы тең болу. Жиналыс жасауға, қауым ашуға жария сөйлерге, газет шығаруға, кітап бастыруға еркіншілік: хұқмет қызметкерлері, иесінен рұқсатсыз һәм кім табалдырығын аттаушылық, сот сұрамай, билік айтылмай, тұтқын қылмаушылық, қылмысты болған адам судья бар жерде 24-сағат ішінде, судьясыз жерде бір жетіден қалмай судьяға тапсырылып жабу. Кісі хатын ашқанға айып, оқығанға жаза болу.\r\n IV. Дін ісі. Дін ісі мемлекет ісінен бөлек болады. Дін біткенге тең құқық. Дін жоюға ерік. Кіру-шығу жағына бостандық. Муфтилік қазақта өз алдына болады. Неке, талақ, жаназа, балаға ат қою сияқты істер молдада болу, жесір дауы сотта қаралады.\r\n V. Билік және сот. Әр жұртқа билік пен сот тұрмыс ыңғайына қарай болуы. Би және судья жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеу-тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың тілін білу керек. Аралас жерде соттың тергеуі – тексеруі мен үкімі жергілікті жұрттың қай көбінің тілінде айтылуы. Би мен судья орнынан тергеусіз түспеу. Билік және сот жүзінде жұрт біткен тең болады; құдайдан соңғы күшті би мен судья болып, кімде болса, олардың үкіметіне мойын ұсынады. Айтылған үкім тез орнына келуі керек. Зор жазалы қылмыстар присяжный сотпен қаралады. Қазақ көп жерде сот тілі қазақ тілі болады. Присяжный қазақтан алады. Қырдағы ауыл, болыс ішінде билік пен сот жұрт қалаған ереже жолымен атқарылады.\r\n VI. Ел қорғау. Ел қорғау үшін әскер осы күнгі түрде ұсталмауы тиіс. Әскерлік жасына жеткен жастар жерінде үйретіліп, жерінде қызмет ету керек. Әскер табына бөлгенде туысқан табына қарай бөлу. Әскерлік міндеттерін қазақ атты милиция түрінде атқару.\r\n VII. Салық мәселесі. Салық мал-ауқат, табысқа қарай, байға-байша, кедейге-кедейше әділ жолмен таратылуы керек.\r\n VIII.Жұмысшылар. Жұмысшылар закон панасында болуы керек. Қазақ жерінде завод-фабрика аз, сондықтан қазақтың жұмысшылары да аз. Алаш партиясы жұмысшылар турасында социал демократтардың меньшевик табының бағдарламасын жақтайды. \r\n IX.Ғылым-білім үйрету. Оқу ордаларының есігі кімге де болса ашық және ақылсыз болады. Жұртқа жалпы оқу жайылуы. Бастауыш мектептерде ана тілінде оқуы; қазақ өз тілінде орта мектеп, университет ашуы; оқу жолы өз алдына автономия түрінде болуы; үкімет оқу ісіне кіріспеу; мұғалімдер, профессорлар өзара сайлау мен қойылуы, ел ішінде кітапханалар ашылуы керек.\r\n X. Жер мәселесі. Төтенше жиналыс негізгі заң жасағанда жер сыбағасы алдымен жергілкті жұртқа берілсін деуі; қазақ жер сыбағасын отырған жерлерден алып орналасқанша, қазақ жеріне ауған мұжық келмеуі, бұрын алынған жерлердің мұжық отырмағандары қазаққа қайтуы; қазаққа тиетін жер сыбағасын жергілікті комитеттер кесуі, сыбаға өлшеу – норма жерлердің топырағы мен шаруалық түріне қарай жасалуы; сыбағадан артылған жер земство қолында болуы тиіс; Артық тұрған жерден ел өскенде ауық-ауық сыбаға кесіліп берілуі. Түркістанда жермен бірге су сыбағасы да кесілуі жерді қазақ үйі басына иленбей ауыл-аймақ туысқан табына меншіктеп алу, өзара әділдік жолымен пайдалануы керек. Жер заңында жер сату деген болмау, әркім өзі пайдалануы керек. Пайдасынан артық жер сатылмай, земствоға алыну. Жердің кені, астығы, байлығы қазынаныкі болып, билігі земство қолында болу. Аса зор ағаш, өзендер мемлекеттік болып, аз ағаш және көл байлықтары земство мүлкіне саналуы керек.\r\n Міне, осы Алаш партиясының тарихи бағдарламасының мәтіні осылай еді. Көлемі жағынан шағын, мазмұны жағынан терең осы бағдарлама жобасы 1917 жылғы қараша айының ортасында өткен Құрылтай съезінде өткен сайлауда Алаш партиясының үлкен табысқа жетуін қамтамасыз етті. \r\n Қазақстан Республикасының Президенті, Ұлт Көшбасшысы, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бұл бағдарлама жайында «Алаш партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар күні бүгінге дейін өз маңызын сақтап отыр. Бұл ұлттық емес, патроттық ұйым, алдына қойған мақсаты, қазақ қоғамын бірте-бірте өзгертіп, оны осы заманғы шындыққа бейімдеу еді»,- деп өзінің әділ бағасын берді.\r\n Шынында бұлар қоғамның даму дәрежесін, дәстүрлерін мен тұрмыс салтын жаңғартуды мұрат тұтқан либералдық қағидалар еді. Олар дәстүр мен жаңашылдықты ұштастыру арқылы бұрынғы қазақ қоғамындағы белгілі қайшылықтардан арылатындығына мүмкіндіктер туды және өз халқының гүлденіп-көркеюіне мейлінше қамқор болаламыз деп сенді.\r\n Сондықтан да олардың ұлттық бағдарламасы сол тұста өлкеде тұрған барша халықтың бас біріктіруіне жағдай туғызды. Бір сөзбен айтқанда, олар елді өркендетудің демократиялық баламасын ұсынды, бірақ ол авторитарлық үрдістер салдарынан аспай қалды. Бүгіндер біз Алашорданың сол кездегі маңызды құжаттарын оқып, оның ешқандай да, сепаратистік немесе халыққа қарсы қозғалыс еместігін көреміз. Мұны Алашорда тарихын бұрмалаумен айналысқандар да өте жақсы білді, сондықтан да олар Алашорда үкіметінің материалдарын кеңінен жария еткісі және дұрыс зерттегісі де келмеді. Мысалы 1926 жылы жарық көрген Мартыненконың «Алашорда» атты құжаттар жинағы мен 1935 жылы жарияланған Брайнин мен Шафироның «Алашорда тарихи жөніндегі очерктер» деген зерттеу еңбектерінде Алаш партиясының қызметін өлтіре сынға алынуын нақ осымен түсіндіруге болады. Ал осы кітаптың қосымшасындағы Алашорданың құжаттарының жариялануының өзін Алашорда идеясын ашықтан-ашық насихаттау деп табылды. Бұл, әрине, Кеңестік дәуірдегі идеологтардың халықтан тарихи шындықты жасыру үшін істеген әрекеттер еді.\r\n Алаш партиясы бағдарламасы Құрылтай жиналысына сайлауда «Алаш партиясының ірі табысқа жетуін қамтамасыз етті және 1917 жылғы 5-12 желтоқсанда Орынборда өткен екінші бүкілқазақтық съезде қазақ халқының әртүрлі саяси топтары өкілдерінің басын біріктірді.\r\n Қазақ демократиялық интеллигенциясы қазақ еліне өркениетті қоғамдық даму бағдарламасын ұсына отырып, өздері атқарып отырған істің тарихи мәнін жақсы түсінді. Ә.Бөкейханов 1917 жылдың жазында жазған мақаласында «кейінгі үрім-бұтақ не алғыс, не қарғыс бере жүретін алдымызда зор шарттар бар»,- деп жазды. \r\n Бірақ қазақ елі 1917 жылғы олар ұсынған жолға түсе алған жоқ. Ал большевиктер партиясы ұсынған даму жолы қазақ елі үшін азабы мол жол болды. Оған дәлел ретінде 1920-1921 жылдардағы аштық пен 1931-1933 жылдардағы Қазақ халқының басына төнген алапат нәубетті айтсақ жеткілікті. Ал 1937-1938 жылдары Қазақ халқының бас көтерер азаматтарының барлығы түгелге жуық зорлықшыл Кеңес билігінің жазақсыз құрбанына айналып кете барды. Ол үшін қазақ демократиялық интеллигенциясының тарих алдында ешқандай кінәсі жоқ. Олар туған елінің бостандығы үшін соңғы деміне шейін күресіп, империялық зорлықтың құрбаны болды. \r\n ХХ – ғасыр басындағы азаттық қозғалыстың жетекшісі Ә.Бөкейханов пен оның төңірегіне топтасқан ұлт зиялылары қазақ халқына бостандық әперуге, тұрмыс жағдайын өзгертуге, өркениет биігіне көтеруге бар ғұмырын арнаған қайраткелер ретінде тарих бетіне алтын әріппен жазылып қалды.\r\n\r\n \r\n\r\nН. Б. СМАҒҰЛОВ,\r\nЕ.А. Бөкетов атындағы Қарағанды\r\nмемлекеттік университетінің оқытушысы\r\n\r\n 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ