Әлемдік және Қазақстан медиа жүйесінің даму тенденциясы

1
8366

Қазіргі таңда әлемдік БАҚ жаппай интернеттенуге көшті. Еркін ойдың аймағы саналатын интернет әлемі дәстүрлі БАҚ-тың нағыз бәсекелесіне айналды. Елімізде ғаламторды пайдаланушылар саны да едәуір арта түскен. Дәстүрлі ақпарат құралдарындағы тұтынушылардың көпшілігі жаңа медианың жаңалығына мойын бұрды. Ал, жаңа медиа ақпарат таратудағы жылдамдығымен ерекшеленіп тұр. Дәстүрлі журналистикамен қатар интернет журналистика да қоғамда өзіндік орнын айқындай бастады.\r\n\r\n Бізде дәстүрлі БАҚ пен интернет арасындағы бәсеке­лестікте таразы басы тең емес. Әлемде ақпарат тарату шапшаңдығымен ерекшеленетін онлайн журналистика алға озды. Жыл сайын ақ­паратты интернет арқылы алушылар саны көбейіп келеді. Мысалы, 2002 жылы 1,1 млрд адам жаңалықтарды интернеттен оқып білсе, 2004 жылы оның саны 3,4 млрд-қа дейін еселене түскен. Алдағы 2012 жылы жаңа медиа тұты­ну­шылары 80 пайызға дейін арта түседі деген болжам да бар. Әлемнің көп елдерінде теле, радио, газет-журналдар онлайн режімінде ақпарат таратуға көшті. Бірақ, біздің елде онлайн журналистиканың игілігі толық меңгерілмей келеді. Дәстүрлі БАҚ жаңа онлайн режімінде жұмыс істеуге толық бет бұрған жоқ. \r\n Теледидардағы кешкі жаңа­лықтардың өзі «жаңалық» бо­лу­дан қалып барады. Кешкі жаңалықты келесі күні қай­талап беретін телеарналар күл­кіге қалып жатыр. \r\n Интернет қауымдастығын­дағылар бұл жаңалықтарды сол мезетте естіп, біліп, тал­қыдан өткізіп жатады. Бұл жерде әлеу­меттік желілердің (face­book, twitter) қызметі алдыңғы орынға шығып тұр. Оған қоса, телевизия әлемінің жаңа медиамен бәсекесіне көңіл толмайды. Телеарналардың сайттық нұсқаларының жұмысы жоғары деңгейге жете қойған жоқ. Дизайны мен жаңартылу жағын айтпағанның өзінде ақпарат алуға кедергі көп.\r\n Қазақ газеттеріне жаңа он­лайн режімінде жұмыс іс­теу­ді мықтап қолға алатын уа­қыт келген сияқты. Алыс ай­мақ­тарға газет таралып біткен­ше оның ақпаратының маңыз­дылығы ке­ми түседі, ақпарат ескіреді. Ал, газет сайт­тарының басым көп­шілігі – оның қағаздағы нұс­қасының кө­шірмесі ғана. Сонымен бірге, сайт оқырман­дарымен өзара диалог жүргізу ісі дұрыс қолға алынбаған. Интернет контингентінің басты талабы – ақпараттың жаңарып отыруы. Міне, сондықтан, газет сайттарының да жаңартылып отыруының маңыздылығы осы жерден көрінеді. \r\n Жаңа медиа кеңістігі жаңа­лыққа толы. Алайда, бұл ке­ңіс­тікте де шешілмеген мәсе­лелер шаш етектен. Әсіре­се, ұлттық, тілдік мүдде екінші орынға ысырылып қалып жатыр. Интернет кеңістікті ұлт мүддесіне жұмыс істеткізуде әлі де жайбасарлық танытып келеміз. Интернетті тұрақты пайдаланушылардың АҚШ пен Ресей өнімдерін қолданып жүргені шындық. Олар шетелдік компаниялардың қалтасын толтырып отыр. Әзірге бізде қазақ тілінде контент әзірлейтін мамандар тапшы. Ресейлік ин­тернеттің тау бұзардай екпіні тілдік мүддемізді екінші орынға ығыстырды. Ауызекі тілдегі ақ­сауымыз аздай, интернет әлемі де «жетім сөздерге» то­лып барады. Бұған көз жеткізу үшін оқырманның өз пікі­рін қалдыратын форумдар бөлімін бір шолып шықсаңыз болғаны. Әрине, интернет еркін ойдың аймағы. Дегенмен, мұнда жариялылық принципіне кереағар нәрселер көптеп жасалынып жатыр. \r\n Интернет журналистиканың дәстүрлі БАҚ орнын  баса алмасы анық. Алайда, дәстүрлі БАҚ оқырманға интернеттегі сияқты жылдам әрі ықшам ақпарат таратуды қолға алса, жаңа медиа тұтынушыларын өздеріне тарта алатын еді. Себебі, оқырманның ақпаратты тұтыну тәсілі өзгеріске ұшы­рады.\r\n\r\n Гүлназ СЕМБИЕВА\r\n\r\nИнтернет  — журналистика – XX ғасырдың соңында интернеттің дамуы мен өркендеуінің нәтижесінде пайда болған журналистиканың жаңа түрі. Интернет желісі, кең аудиторияға дереу әрі сапалы ақпарат таратудың жаңа әдісін ойлап тапты. Бұл тұрғыда, кез келген интернет пайдаланушы адам өзіндік бұқаралық ақпарат құралын құруға үлкен мүмкіншілікке ие болды. Интернет басылымдардың өзінің ресми БАҚ беделі болуы мүмкін, ал кей жағдайларда болмауы да мүмкін. Интернет басылымда қызмет ететін журналист (интернет — журналист) дәстүрлі журналистиканың жұмыс істеу техникасымен көп кезіге бермейді. Мәселен, полиграфия, телетүсірілім немесе аудиожазбаның арнайы аппаратуралары.Ал интернет журналисттің қызметіндегі ең бастысы әрі маңыздысы –  оның интернеттегі  құқылық аспекті. Дәлірек айтсақ, журналист интернет желісіне жариялаған әрбір мақаласына жауапты, бірақ практика жүзінде бұл жағдай көбінде іске аспайды   Соңғы жылдары интернеттің индивидуализациялануы кең ауқымды танымалдылыққы ие болды. Кез келген тұлға өз алдына ешқандай да шектеусіз әрі бақылаусыз ақпараттың құрастырушысы және таратушысы. Соған орай ,  блогосфера ұғымы уақыт өте келе үлкен сұранысқа ие болып, өркендеу үстінде. Тіпті , ғылыми ортада осы блогосфера дәстүрлі БАҚ ты ығыстырып тастауыда мүмкін деген пікір қалыптасты. Қазіргі таңда, халықтың көпшілігі тәжіриебелі журналистика мен блогосфера бір – бірін барлық бөлімдер бойынша жақсы толықтырады деген ойға тоқталады – мыс.\r\n\r\n Блогты интернет журналистика дамуының тағы да бір баспалдағы ретінде қабылдасақ болады. Ол интернет өркендеуінің бірден –бір дәлелі болмақ. Интернет – журналистика – дәстүрлі журналистиканы эволюциясы, жаңа ғасырдың жаңалығы.\r\n\r\nЕліміздегі интернет-журналистиканың қалыптасуы 1996 жылы саяси процесстермен тікелей байланысты. БАҚтың монополиялану кезінде журналистер өз наразылығын, ой-пікірін, виртуалды кеңістікте жариялай бастады. Үкімет басындағыларды сынау, оппозициялық бағыттағы материалдар сайттарда көрініс тапты. Дуванов өзінің «WEB-журналистика:опасные тенденции» мақаласында интернет-журналистиканың дамуына баға беріп, атышулы www.eurasia.orgсайтының материалдары «тым батыл» болғандықтан, арнайы орындардың күшімен оның айналық нұсқасы жасалып, ондағы ең провокациялаушы деген материалдары алып тасталды. Осылайша, сенсацияға құмар оқырман бөлігі шын «Евразия» сайтына кіре алмай, аз уақыттан кейін сайт мүлдем жабылды. Осыған ұқсас жағдайды басынан кешкен басқа да онлайн басылымдар www.turan.kz,www.nomad.web.com, т.б. Анонимді журналистиканың үлгісі болған осындай сайттағы материалдар БАҚ-ң бір түрі дегеннен гөрі саяси таластардың аренасына көбірек ұқсайтын еді. Қазақстандағы алғаш онлайн басылымдардың тағы бір ерекшелігі және кемшілігі, ақпарат сенімсізділігі, тілдің тұрпайылығы. Сенімсіз дейтініміз, келтірілген мәліметтермен танысқан оқырман оны өзі тексеруге қауқарсыз болған. Кейінірек интернет аудиториясы үшін саяси, әлеуметтік топтардың кез-келген өкілі ашық пікірі мен көзқарасын білдіре алатын трибунаға арналған, қазақстандық интернет-журналистиканың жаңа баспалдағы болған «Навигатор» интернет-газеті. Жариялаған материалдарға жасалған пікірлерге редакция жауап қайтарып, оқырманымен тікелей байланыста болатын. Басылымды Ресей, АҚШ, Ұлыбритания, және Алмания оқырмандары оқып, 40 мемлекетке таралатын. Бұл басылым нағыз журналистік еңбектің жемісі: интернеттің интерактивті мүмкіндіктері пайдаланып, журналистиканың жаңа стандарттарын қалыптастырды.  Осы тұста басылмның талантты журналисі марқұм болған Асхат Шәріпжанның жасаған еңбегі де зор екенін айтқымыз келеді. Тәуелсіз қоғамдық-саяси басылым бірнеше сот процесстерінен кейін адресін өзгертуге мәжбүр болды, «Навигатордың» аты да өзгерді:«Зона KZ» бүгінгі технологияларға сай шығып жатыр.\r\n\r\nМемлекеттік қызмет пен саяси институттардың рөлін пәрменді етіп, тиімділігін арттыруға қоғамдық пікірдің алатын орны айтарлықтай орасан. Ал, қоғамдық пікір ақпарат құралдары арқылы қалыптасатындығы дәлелдеуді қажет етпейтін аксиома. Бүгінгі таңда қоғамдық пікірдің басты мінбері БАҚ және одан таралатын ақпарат дегенді әлем ғалымдары жаппай мойындап отыр. Бұрын кеңінен қолданылып келген дәстүрлі «журналистика» деген ұғымның мазмұнымен бірге атауының өзіне елеулі әсер еткендігін  дәлел ретінде атап көрсетуге  болады. Айталық, ақпараттық технологиясы жоғары деңгейде дамыған Батыс елдерінде  «Маss Меdia» және «Маss communication» деген атаулар тұрақты қолданылатыны мәлім.\r\n\r\nҚазіргі күні әлем журналистикасының дамуын айқындайтын негізгі 4 факторды зерттеушілер анықтаған. Атап айтқанда:\r\n

    \r\n

  1. Жаһандану немесе глобализация (ықпалды қызмет атқарушысы: жаңа ақпараттық технология, интернет журналистикасы, ақпараттық қатынастың жаңа құралдары мен бағыттары).
  2. \r\n

  3. Бұқарасыздандыру немесе демассовизация (дәстүрлі БАҚ-тың ақпарат қабылдаушылары азайып, олардың түрлі топтарға бөлінуі, аудитория үшін таңдау жасау мүмкіндіктері кеңейгендіктен ақпарат қабылдаушыларды мақсаттарына қарай анықтау мүмкін болмауда)
  4. \r\n

  5. Орталықтандырылу немесе конгло-мерация (БАҚ-тардың бір қолға шоғырлануы қарқын алып, бір ақпарат бірнеше арна арқылы көпке тарайтын болды)
  6. \r\n

  7. Ұқсастырылуы немесе конвергенция (БАҚ атаулының өзара жақындасуы, ұқсастық табуы, тың технологияның нәтижесінде жаңасы мен дәстүрлі ақпарат құралдары арасындағы айырмашылықтардың азаюы, екеуінің де қосарлана қолданылу үрдістері)
  8. \r\n

\r\nҚазіргі кездегі қазақ медиа жүйесінде жоғарыда аталған бағыттар белгілі деңгейде көрініс тауып отыр. Кей жағынан қарқынды өрістеу бағыты байқалып отырғанын анық аңғаруға болады. Олардың әрбіріне жеке-жеке тоқталайық:\r\n\r\nЖаһандану үрдісі қазақ журналистикасында қалай көрініс тауып отыр?\r\n\r\nБүгінде бізде БАҚ тек сан жағынан ғана өсіп отырған жоқ. Ақпарат құралдарының жаңаша түрлері де пайда болуда. Атап айтсақ,  онлайн баспасөз, кабелдік телевизия, қысқа толқынды радио, смартфон немесе ұялы байланыстар арқылы ақпарат тарату, мобайлдық ақпарат қабылдау мүмкіндік туып отыр.  Сонымен қатар медиа жүйесі өз ішінде интернет журналистика, із кесу журналистикасы, азаматтық журналистика, БАҚ жарнамалық насихаты, экономикалық және, экологиялық журналистика, талдау журналистикасы т.с.с. бағыттарға бөлінді.\r\n\r\nМұның бәрі қазақ аудиториясы үшін әлемнің әр тарабынан түрлі ақпараттар қабылдауға және жеткізуге, өздерінің көзқарастары мен ой, пікірлерін интернет арқылы көпке жеткізуге кең мүмкіндік беріп отыр. Қысқасы, ақпарат үшін уақыт пен кеңістік ұғымына тәуелділік барынша азайды, тіпті жоғалды деуге де болады. Мысалы, телекөрермендер кабелдік  телевизияның 70-тен астам арнасы арқылы бірнеше тілде ақпарат алып отыр. Еліміздің ақпарат комитетінде ресми тіркелген БАҚ саны 10 мыңнан әлдеқашан асып кетті.\r\n\r\nҚазақстанда бүгінде 9 миллион адам Интернет қызметін пайдаланады. Елімізде күніне 25-30 мың адам электронды үкімет қызметіне жүгінеді екен.  Мұның бәрі ақпараттық жаһанданудың қаншалықты жоғары қарқынмен жүріліп жатқанын айғақтайтын шынайы көрініс.\r\n\r\nАқпараттық сұранысты өтеудің жиілігі осыншалық тұтасып, қарқынды өсуі қазақ журналистикасына елеулі ықпал етіп отырғанын ерекше атап айту ләзім. Ең алдымен ерекшелеп айтарымыз, таңдау мүмкіндігі мейлінше артты. Нәтижесінде, БАҚ арқылы ақпарат қабылдаушылар бірнеше топқа бөлінді. Оларды жас ерекшеліктеріне, кәсіби мамандықтарына, білім деңгейлеріне, әлеуметтік сипаттарына қарай бірнеше топтарға бөлуге болады.\r\n\r\nОнлайн журналистикасының қарқынды дамуы дәстүрлі мерзімді баспасөздің оқырмандарын азайтып, олардың таралымын кемітті. Әсіресе, жастардың арасында газет-журнал оқитындардың саны күрт төмендеді. Олардың ең негізгі тұтынатын дүниелері интернет, телевизияның ойын-сауықтық бағдарламалары болып тұр. Күнделікті және апталық сапалы газеттердің оқырмандары жасамыс егде адамдарға айналды.\r\n\r\nСонымен қатар блогерлер де өз оқырмандарын тапты. Сайт, порталдардың саны күн өткен сайын артып келеді және оған деген оқырман қауымның назары мен ынта-ықыластары  да айырықша. Соңғы жылдары түрлі-түсті бояумен әсем безендірілген ақпараттық, танымдық журналдар санының күрт өсуі дәстүрлі оқырмандардың біраз бөлігін белгілі деңгейде жаулап алды.  Радиохабар бұрынғыдай ауыл тұрғындарының ғана емес, енді қаладағы автокөлік жүргізушілерінің, ұялы байланысты жиі қолданатын жастардың ақпарат алатын негізгі құралына айналды.\r\n\r\nҚазақ медиа жүйесінде орталықтану үрдісі де кең өрістеп келеді.  Бұл  қазақ журналистикасы тәжірибесінде тәуелсіздік жылдарында пайда болған тың көрініс. Ақпарат құралдарының шоғырлануы, біріктірілуі одан ары да қарапайым көрініске айналатын түрі бар. Шындығына келсек, қазіргі күні қолында байлығы мен билігі бар әрбір олигарх телеарна ашып, газет шығаруға мүмкіндік тапқан. Экс премьер министрлер, экс әкім қаралардың арасында, тіпті үкіметтік қызметте жүрсе де қалтасын қалыңдатып, байып алған кейбір ықпалды тұлғалардың ірі медиахолдингтердің қожайындары болып отырғаны бүгінде құпия болудан қалып барады. Оның әрине, өз кезегінде жағымды да, жағымсыз да тұстары бар. Жағымдысы, халыққа ақпараттық қызмет көрсетумен қатар журналистер және өзге де техникалық мамандарға жұмыс орындарын ұсынып, белгілі деңгейде бәсекелестікке түсіп, медиабизнестің көрігін қыздырып отырғаны. Жағымсыздығы, түрлі позициядағы топтардың өзара есеп айырысуына баспасөзді пайдалануына итермелейді. Соның салдароынан тапсырыспен мақала жаздыру, телехабарлар дайындату секілді лас технологияларға журналистерді де жұмылдыратындығы.\r\n\r\nСонымен қатар конвергенциядан да біздің медиа саламыз тыс қалып отырған жоқ. Оның өзі бір ақпарат құралының  БАҚ-тың  әртүрлі сипаттарын өн бойына қатар сіңіріп,  таратып отырған ақпараттарымен, оны дайындау тетіктерінің өзінде ұқсастырылу үрдісінің кең өріс алуы болып табылады. Мұндай үрдіс соңғы жылдары елеулі түрде қарқын алып келеді.  Оған ықпал етіп отырған басты фактор жаңа ақпараттық технологиялар.\r\n\r\nМедиа қызметіне сандық  технологияның енгізілуі арқылы  интернет жүйесі кино мен телевизияның қимыл-қозғалысын, іс әрекетін,  радионың дыбыс-дауысын, фотожурналистиканың бейнелеу тетіктерін, мерзімді баспасөздің мәтіндік барлық нұсқаларын,  онлайн кітап, құралдарды және пошталық байланыстың барлық мүмкіндіктерін кеңінен пайдаланатын болды.  Барлық газет-журналдар дерлік өздерінің интернеттік нұсқаларын жасап алды. Радио мен телеарналар да бағдарламаларын интернет арқылы ақпарат қабылдаушыларға ұсына алатын жағдайға жетті. Мұның бәрі ақпараттық кеңістік пен уақытқа тәуелділікті азайтып, оның жеделдігі мен баршаға ортақ болу мүмкіндігін кеңейтті. Нәтижесінде, ақпараттық сыйымдылықтың көлемі едәуір артумен қатар БАҚ-тың интерактив сипатын қарапайым көрініске айналдырды. Олар ақпарат қабылдаушылармен кері байланыс жасап, пікірлесетін мүмкіндікке ие болулары арқылы азаматтық журналистиканың дамуына кең жол ашты.  Оның жемісі ретінде мынандай мәселелерді ерекше атап көрсетуге болады:\r\n

    \r\n

  • журналистика жайындағы дәстүрлі ұғымның қамтитын аясы кеңейіп, мазмұны өзгерді;
  • \r\n

  • журналистиканың дербес институт ретіндегі сипаты өзгеріп, бұқаралық ақпараттық қатынастан гөрі «Маss communiication»-нің құрылымына айналды;
  • \r\n

  • ақпарат — тауарға, бизнеске айналып, көптеген БАҚ оның өзінің басты мақсаты етіп алға шығара бастады;
  • \r\n

  • желілік ақпарат әлеуметтік қызметтің барлық саласына дендеп еніп, журналистика функциясының белгілі бір бөлігін блогерлер атқаратын болды;
  • \r\n

  • журналистиканың жаңа ағымдары (азаматтық, экологиялық, із кесу, экономикалық, саяси, талдау, онлайн журналистика т.с.с.) пайда болып, оның өзі ақпарат қабылдаушыларды түрлі топтарға бөлінуіне ықпал ете бастады;
  • \r\n

  • тың жаңалықтар дайындау журналистің ғана емес, сайт, порталдардың да құзырындағы ортақ іске айналды;
  • \r\n

  • әрбір тың ақпаратты таратуға мүдделі тұлға оның көздерін сандық технологияның көмегімен қалаған бағытына жібере алатын болды;
  • \r\n

  • бұрын кімнің не жазатынын басқарушы ұйымдар, БАҚ басшылары шешіп келсе, енді ақпарат қабылдаушылар іс жүзінде тапсырыс берушіге айналды. Айталық, ақпаратты тұтынатын ортаның сұранысын зерттемей тұрып, баспасөз ісін жүргізу мүмкін болмай қалды;
  • \r\n

  • интерактивтік сипат елеулі орынға шығып, ақпарат қабылдаушылар өздері ақпараттың мазмұнын жасауға ықпал ететін жағдайға келе жатыр;
  • \r\n

  • журналистика мамандығы туралы дәстүрлі ұғым түбірімен өзгеріп, жаңа ақпараттық технология оның мазмұнын тереңдетіп, арнасын кеңейтті, сапалық жаңа талаптарды қоя бастады;
  • \r\n

  • БАҚ-ты басқарудан бастап, жаңалықтарды, хабарларды дайындау үрдісіне Батыс елдерінің тәжірибелері, шығармашылық тәсілдері біртіндеп ене бастады;
  • \r\n

  • азаматтардың сөз еркіндігі, ойларын ашық білдіру бостандығы аздап болса да шынайы көрініске қарай бет алуда. БАҚ жариялылық пен пікіралуандықтың мінберіне айналуына мүмкіндіктер ашылды.
  • \r\n

\r\nДегенмен, барлық проблема шешімін тапты деуге әлі ерте. Шешімін күткен басты мәселелерді келесі 5 бағыт бойынша қарастыруға болады:\r\n

    \r\n

  1. Тәуелсіз баспасөзді дамытудың құқтық аурасын қалыптастырып, жетілдіру;
  2. \r\n

  3. Жауапкершілік пен этикалық ар-ұжданға негізделген журналистиканы қалыптастыру, оған журналистердің кәсіби ұйымдары, редакцияның ішкі бақылаулары, журналистің өзінің жеке жауапкершілігі т.с.с. мәселелер жатқызылмақ.
  4. \r\n

  5. Журналист мамандарын даярлау, қайта даярлау ісін жетілдіре түсу;
  6. \r\n

  7. Журналистиканы ғылыми-зерттеу, сын саласын дамыту;
  8. \r\n

  9. Журналистердің әлеуметтік жағдайын, еңбек ету мүмкіндігін жақсартуға арналған шараларды жүзеге асыру.
  10. \r\n

\r\nМәселені түйіндей келе мынандай қорытындыға келдік:\r\n\r\nБіріншіден, әлемдік медиа жүйесінің даму тенденциясы қазіргі қазақ журналистикасына елеулі түрде ықпал етіп келеді. Нәтижесінде, БАҚ жүйесінде, оның туындыларының мазмұнында, жанрларында, жазу шеберліктерінде елеулі өзгерістер пайда болды. Дүниежүзілік демократиялық журналистика дәстүріне бет бұрушылық көрініс тауып келеді.\r\n\r\nЕкіншіден, қазақ баспасөзі либертариялық журналистикаға қатты бой ұрып кетпесе де белгілі деңгейде жасалып жатқан оң қадамдар баршылық. Алайда, шешімін таппаған мәселелер де шашетектен.\r\n\r\nҮшіншіден, Қазақ журналистикасының 100 жылдан астам тарихи даму дәстүріндегі озық үлгілерін сақтай отырып, оны қазіргі заман талаптарымен сабақтастырып дамытуға мерзімді баспасөз саласы  жіті назар аударып келеді.\r\n\r\nТөртіншіден,  Қазақстанда БАҚ сан жағынан аздық етіп тұрған жоқ. Алайда, қоғамдағы ақпараттық сұранысты қамтамасыз етуге келгенде артта қалушылық байқалуда. Ұлттық және коммерциялық телеарналардың бәрі дерлік кешкі жаңалықтар шығарылымдарында бір ғана оқиғаны, жалғыз синхронды алма кезек қайталаудан аса алмай отыр. Сондықтан, саннан сапаға көшуді қолға алатын уақыт жетті.\r\n\r\n 


1 ПІКІР

  1. Мына мақаланың авторы Қуандық ШАМАХАЙҰЛЫ ғой. Бастапқы бөлігінде ғана бірдеме жазып алып ағайдың мақаласын көшіре салыпты. Сілтеме жасалмаған, автордың аты-жөнін атап көрсетпеген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ