Алгоритм тақырыбында сабақ жоспары

0
2061
Гомотетия және оның қасиеттері
Оқу мақсаттары:
  1. Алгоритм ұғымын, алгоритм қасиеттерін, алогритм құру жолдары туралы білімдерін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілеттерін арттыру.
Жетістіктер критерийлері Барлық оқушылар
  1. Алгоритм ұғымы және қасиеттері, алгоритм орындаушылары туралы білімдері қалыптасады.
  2. Біліп үйренгендерін қолданып, практикалық және теориялық түрде берілген тапсырмаларды орындау.
Оқушылардың басым бөлігі
Түсінеді, талдайды, білімін қолданады: алгоритм ұғымын, алгоритмнің блок – сызбасын құруды, алгоритмнің қасиеттері туралы ұғымды меңгереді.
Кейбір оқушылар
Білімін жинақтайды, рефлексия жасайды: алгоритм құруды, алгоритм қасиеттерін үйренеді.
Өткен тақырып
Сұрақ – жауап арқылы үй тапсырмасын сұрау.
Қолданылатын әдіс- тәсілдер СТО
Қолданылатын ресурстар компьютер, оқулық
Пәнаралық байланыс Физика, математика
Жұмыс түрлері Тапсырмалар, қосымшалар Мұғалімнің іс — әрекеті Оқушының іс – әрекеті (нәтижесі)
Ұйымдастыру кезеңі «Сәлемдесу» тренингі. Оқушылар:

  • Әрқашан – барлық жағдайда – үлкен – жетістіктер – тілеймін!

Оқушыларға тақырыпты ашу мақсатында әріптер беріледі сол әріптерден олар бүгінгі тақырыпты құрастырып, табу керек.

Сынып оқушыларының зейінін сабаққа аудару. Психологиялық ахуал қалыптастыру, берілген түсті қағаздар арқылы топтастыру, жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Сынып оқушылары топтасады:

«Алгоритм»

«Программа» топтарын құрады.

Үй тапсырмасын тексеру

Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар қою. «Күн шуағын» құрастыру.

WordPad мәтіндік редакторы деген не?

Мәтіндік редакторды қалай іске қосамыз?

Мәтіндік редакторда құжатты қалай сақтаймыз?

Ж – дегеніміз не?

К – дегініміз не?

Ч – дегеніміз не?

Жауаптарының дұрыстығын тексеру Оқушылар берілген сұраққа жауап береді.
Қызығушылығын ояту, мәселе қою.

Көпір тапсырмасы «Ой шақыру» әдісі бойынша сұралады. Ең алдымен оқушыларға тақырып жазылған қиындылар беріледі, солардан олар бүгінгі тақырыпты құрастырып шығару керек. Алгоритм ұғымы сендерге таныс па?

Программа деген ше?

Оқушы жауаптары тыңдалады. Қосымша сұрақтар қойылады. Көпір тапсырмала
рында
берілген сұрақтарға сыни
тұрғыдан
ойлау арқылы жауап береді.

Алгоритм – алға қойған мақсатқа жету үшін орындалатын іс – әрекеттердің тізбектеліп орындалуы.

Мысалы: Қызықты кітап оқу алгоритмі –

  1. кітапханаға бару
  2. қызықты кітап алу
  3. үйге алып келу
  4. түсініп оқу
  5. кітапты кітапханаға тапсыру
ІІ кезең
Оқулықпен жұмыс

Мазмұнды сызбамен жұмыс. Әр топқа берілген тақырып бойынша мазмұнды сызба дайындау және қорғау тапсырмасы беріледі.

1-топ. Алгоритм ұғымы

2-топ. Алгоритм қасиеттері.

«Білу» тапсырмасы бойынша оқушылар сұрақтарға жауап береді.

«Талдау» тапсырмасында алгоритм орындаушыларын тауып,сәйкестендіреді.

«Жинақтау» тапсырмасындағы суретке қарап анықтама береді. «Ағашты отырғызу» алогритмінің реттілігін дұрыс орналастырады.

Жаңа сабақты меңгерту мақсатында жаңа ұғымдармен, материалдармен таныстыру. Әр қадам тапсырмаларында нұсқау беру, тексеру. Топ бойынша жасалған жұмыстарды тексеру.

Оқушылар берілген тапсырманы топпен бірлесе отырып орындау.

Оқулықпен жұмыс жасау. Қадам тапсырма
ларын қатесіз орындау.

Сергіту сәті «Мен қазақпын» көз жаттығуы Жаттығу жасау
ІІІ кезең
«Қолдану» және «Бағалау» тапсырмалары

«Қолдану» тапсырмасы бойынша оқушылар практикалық жұмысты компьютерде орындайды.

«Үй салу алгоритмі»

Төбесін жабу

Қажетті құралдарды дайындау

Кірпішін қалау

Іргетасын құю

Есігін салу

Терезесін салу

Ішкі жөндеу

 

«Су қайнату алгоритмі»

Ыдысқа су құю

Сіріңкені от жағатын жерге тосу

Газ кранын ашу

Ыдысты плитаға қою

Сіріңкені жағу Газды өшіру

Су қайнағанша күту

«Бағалау» тапсырмасы. Алгоритм ұғымын басқа пәндерде қолданатыны туралы ой бөліседі.

Қорытынды бағаларды қою. Оқушылар тақырып бойынша алған білімдерін қолдану мақсатында қадам тапсырма
ларын орындайды. Теориялық білімін бекіту арқылы біліктілігі қалыптасады.
Бағалау, кері байланыс

«Үш шапалақ» әдісі бойынша топтар бірін- бірі бағалайды.

Рефлексия

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Көңіл – күйлеріңіз қандай болды?

Ұсыныстарыңыз бар ма?

Оқушылардың жұмысын тексеру.

Бағалау парағына қорытынды бағалар қою.

Үй тапсырмасы:

Тақырыпты оқып келу. Алгоритмге мысал құрып келу.

Оқушыларға бағдар беру, түсіндіру, үй тапсырмасының қалай орындалу керектігіне шолу жасау. Оқушылар үй тапсырмасын орындайды.
Қорытынды: Сабақтың соңына дейін әр оқушы қадам тапсырмаларын үлгергенінше орындайды, қалғанын үйге алады. Сабақтың соңғы үш минутында сыныпта жинаған балдарын әр оқушы жеке өз бағалау парағына белгілейді.
Қосымша ақпарат
Саралау: оқушыларға алдыңғы тақырыптар бойынша білімдерін еске түсіруге бағыт беремін. Тапсырмалар топтық болғандықтан қабілеті жоғары оқушылар бар топтың тапсырмасын күрделі етіп беруге тырысамын. Бағалау критерийлері бойынша әр оқушының қосқан үлесін әділ бағалауларына назар аударамын. Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертіліп, тақырып бойынша мазмұнды сызбаны түсінікті етіп дайындау айтылды.

Рефлексия: 1. Сабақ (оқу мақсаттары) шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған шаралар тиімді болды ма? Мeн берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?

2.Қандай екі нәрсе табысты болды?

1.

2.

3.Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды?

1.

2.

4. Сабақ туралы өз пікірім.

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ