Алматыда дәстүрлі «Жас тілшілер» форумы өтеді

0
2259

2019 жылдың 17-18 сәуірі күндері Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде  Республикалық «Ұлан», «Дружные ребята» газеттерінің қолдауымен ҚазҰУ-дың журналистика факультеті Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының  дәстүрлі XVIIІ  «Жас тілшілер» форумының күндері өтеді. Форумға 9-11 сынып оқушылары ғана қатыса алады.

Форум аясында Республикалық мектеп оқушылары арасында 2018 жылдың 20 қарашасынан бастап 2019 жылдың 25 наурызына дейінгі аралықта  «Журналист болғың келе ме?», «Тіл – рухани қазына», «Қазақтың би-шешендері», «Газет – халықтың көзі һәм тілі!», «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы!», «Аяласаң табиғатты аяла!»  тақырыбында республикалық ең үздік шығармалар, эсселер, фото, аудио, видеоматериалдар мен  графикалық туындыларға байқау жарияланады.

2018 жылғы «Жас тілшілер» форумы

Шара барысында еліміздің барлық аймақтарынан келген мектеп оқушылары «Қазақ радиосы», «Ұлан», «Дружные ребята» редакцияларында қонақта болады.

Мәдени бағдарлама бойынша форумға қатысушылар әл-Фараби ҚазҰУ  кампусына пресс-тур жасап, «Сұңқар» студенттік кәсіподақ ұйымы және  Студенттік маслихат өкілдерімен кездеседі. Шара барысында «Керемет» студенттерге қызмет көрсету орталығы мен «Әл-Фараби кітапханасымен» танысады. Сондай-ақ кәсіби білікті журналистермен кездесіп, шеберлік сыныптарына қатысады.  

 

Үйлестірушілер:  Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасы +77273773334 (қосу 1351, 13-46). Кафедра меңгерушісі Сұлтанбаева Гүлмира Серікбайқызы.

Контактілік байланыс: Доцент Майкотова Ғалия Тлеубергенқызы. Ұялы тел:  + 77027444702;

e-mail: maykotova.galyiya@gmail.com


ПІКІР ҚАЛДЫРУ