«Алтын күз келді бақшама» мерекелік бағдарламаның сценариі

0
3100

«Алтын күз  келді бақшама»

Мақсаты: «Алтын күз» мерекесін өткізу; Күз туралы түсінігін кеңейту; Табиғатты қорғауға тәрбиелеу.

Көрнекілік:

Жүргізуші: Армысыздар ата-аналармен,қадірлі қонақтар, бүлдіршіндер. Бүгін «Ақбота ортаңғы тобының»берекелді де ырысты «Алтын күз келді бақшама» атты  мерекеге қош келдіңіздер.

Келді, міне, алтын күз,

Сары шашты жарқын жүз.

Мол өнімді ісімен

Таңдандырып халқын күз.

Жомарт Айым:    Тоңазып атырап,

Көп жеміс піседі

Сарғайып жапырақ

Саудырап түседі.

Сүйтбек Анеля:   Аспанды сұрғылт бұлт,

Жан-жақтан жауады.

Күнбірте суытып,

Жауын көп жауады.

Жүргізуші:  Жарайсындар, балалар!

Ал балалар,балалар,

Енді бері қараңдар.

Бізге қонақ келмекші

Сендерді бір көрмекші.

Алдымен сендерге жұмбақ жасырамын,ата-аналармен бірігіп шешейік.Таба алсаңдар  шешімін қонағымды ортаға шақырам.

Жұмбақ: Жиім-терім болатын,

Қамбаға астық толатын.

Қызыл қырман ойнайтын,

Бұл қай мезгіл деп ойлайсыңдар?

Дұрыс бұл күз мезгілі. Ендеше уәде еткендей ортаға қонағымыз Алтын күз ханшайымын қошеметпен шақырайық! (ортаға  Алтын күз ханшайымы келеді).

Алтын күз : Сәлеметсіздерме, балалар!  Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Мен –Алтын күзбін, жайдарлы жарқын күзбін.

Қонаққа келдім сендерге,оған достым таң қалма!

Жапырақтар да бар сиқырлы,ойын ойнар түр түрлі. Жұмбақтар бар қыр-сырлы.

Жүргізуші: Рахмет саған, Алтын күз! Қарсы аламыз сізді біз. Отырыңыз жайғасып.

Жүргізуші: Ал ендеше балалар, бекер қарап тұрмайық қонағымызға өнерімізді ұсынайық.

Күзде өздері пісетін, асымызға түсетін мақтанбақшы сіздерге, көкөністер менжемістер.

Сабырхан Жандәулет: (сәбіз)   Кім бар сәбіз шырынын

Жастайынан  ішпеген?

Мені жеген   адамдар

Кем болмайды күшке де!

Сабырхан Рауан:    (жүзім) Мен жүзіммін,жүзіммін,

Моншақ болып тізілдім.

Сергіту сәтті «Жапырақ жинау»

Берікбай Илияс: (қызанақ)

Піскен кезде қызанақ

Көз тартар қызыл түсімін

Барма адам сүйсінбей,

Ішпеген томат шырынын?

Жексен Қанағат: (өрік)

Мен өрікпін,өрікпін

Бау бақшаға көрікпін.

Рысбай Мәделім: (қияр)

Дәмім тілді үйірген,

Мен тұздалған күйімде

Жаңа піскен кезімде,

Жейді бәрі сүйсіне.

Алтын күз: Өте жақсы балалар,енді мен сендердің білімдеріңді тексеріп көрейін. Жұмбақтар жасырайын сендер оның шешуін шешіндер.

Қабат-қабат қаттама,

Ақылын болса,аттама.   (кітап)

Қалың киім ұнатады.

Шешіндірсең жылатады.  (пияз)

Алты қырлы,

Алтын сырлы. (қалам)

Жарайсыңдар балалар,мен сендерге таң қалдым.

Жүргізуші: Ал ары қарай басқада балалардың өнерін тамашалайық.

Серкебай Дәрия: (алмұрт)

Мен алмұртпын,алмұртпын,

Аузындамын бар жұрттын.

Қажымұхан Даниял : (қарбыз)

Теңбіл,теңбіл қарбызды,

Тентек Серік жарғызды.

Әскербек Нұрдос: (алма)

Мен алмамын,алмамын

Таңдай жұлар бар дәмім.

Жүргізуші: «Жапырақ биі»  Ортаға қыздарымызды шақырайық.

 

Тілеуберді Ертілеу : (сәбіз)

Жер бетінде шашы бар,

Жер астында басы бар.

Маханбет Ұлан: (көк алма)

Мен алмамын,алмамын

Көк пен қызыл түсім бар,

Мендей тәтті жемісті

Кім біледі, айтыңдар?

Мүсатай Нұрым: (бұршақ)

Кішкене түймедеймін мен,

Ұнаймын мен бәріне!

Дәмді тағамдармен,мен

Сый жасаймын бәріне.

Жүргізуші: Ортаға балаларымызды шақырайық, бізге қара жорға биін билеп береді.(қара жорға биі)

Мұсатай Гүлім :  (құлпынай)

Тамылжыған құлпынай,

Тәтті екен ау шіркін ай.

Жасайын деп ,бал шырын

Қабығынан аршыдым.

Әбіқұл Аяла: (қызылша)

Қызылша деген атым бар,

Қант берер затым бар.

Адам қанын көбейтем

Ал сендер,соны біліңдер.

Жүргізуші:Ал енді ,балалар хормен «Күз жомарт» өлеңін қонақтарға ұсынайық.

Тоңазып атырап,                                                                                                      Көп жеміс піседі.

Сарғайып жапырақ,

Саудырап түседі.

Күз жомарт дейміз біз,

Жемісін жейміз біз

Ертуған Әмірлан:

Қамба толы астыққа,

Алғыс саған алтын күз!

Бір уыс дән шаштымда,                                                                                                Қап-қап қауын алдық біз.

Ескермес Сартай: Мен шиемін,шиемін,

Күннің көзін сүйемін.                                                                                       Қышқыл шырын менде бар,

Басымды мен иемін.

Алтын күз: енді балалар біз ата-аналарымыздың білімін тексерейік қалай қарайсыңдар.

Жұмбақ:Үндемей-ақ үйреткен,

Надандықты күйреткен.              (кітап)

Түні бойы көп болды,

Таң атты да жоқ болды.              (жұлдыз)

 Ойын ұйымдастыру: Ойын шарттын түсіндіру.

Ойын шартты: Екі ата-ананы ортаға шығарып бір-бір шардан беріп,оларды үрлей жапырақтың суретін салу,бояу бір минут уақытта.

Баймұхан Ерали:(жуа)

Боламын мен дәмдәуіш,                                                                                                         Барлық-барлық тағамға.                                                                                                      Көкөністер ішінен,

Мен пайдалы адамға.

Қойшығұл Санжар:(алша)

Мен алшамын,алшамын

Тіл үйіреді бал дәмін.

Жүргізуші: Ал енді хормен «Күзгі жапырақтары» өлеңін айтамыз.

Алтын сары,қызыл көк…

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлім деп,

Көз тартады атырап.

Күн шуақта маужырап,

Жатыр енді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Ой,алақай,тамаша,

Шашу шашты жапырақ.

Бақтын іші алаша,

Аунар ма едім жатып ап!

Алтын күз:Керемет!Қандай тамаша!Балалар менің басқа да,бүлдіршіндерге баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін,сау болып тұрындар балалар!Келесі кездескенше!

Жүргізуші: Алтын күздіңбізге арнап әкелген жемістерінен дәм тататын уақыт болған сияқты.Ал,бүгінгі «Алтын күз келді бақшама» «Ақбота» тобының мерекесіне уақыттарың ызды бөліп келгендеріңізге балалардың атынан алғысымды айтамын.Сіздерге күздей молшылық, Алтындай денсаулық тілейміз.

Осымен «Алтын күз келді бақшама » мерекесі аяқталды, Балаларға көп-көп рахмет айтамын. Сау болыңыздар!

 

Шараны өткізген Қ.Сұлтанбеков атындағы шағын орталықты орта мектебі»

КММ –нің «Ақбота» тобының тәрбиешісі Таштенбаева  Гүлназ Қуанышқызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ