Ана біздің – гүліміз! мерекелік сценарий

0
2943
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Ана біздің – гүліміз!

Мақсаты: Көктемнің алғашқы мерекесі – аналар мерекесі жөнінде түсінік беру. Балаларды аналарына деген сүйіспеншілікке баулу, ана еңбегін ардақтап, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: қанатты сөздер, шарлар, гүлдер, суретті плакаттар.

Аяулым:
— Құрметті қонақтар, ұстаздар, ата — аналар! Бүгін бізде үлкен мереке, сіздердің алдарыңызда 2 сынып оқушылары өздері дайындаған өнерлерін сіздерге паш етпекші. Көктемнің алғашқы айындағы ең алғашқы мереке – 8 наурыз – аналар мерекесі де келіп жетті. Ана — әрбір адам баласы үшін ең ыстық, жанға жақын, мағыналы да қастерлі сөз. Адамзат баласы алғаш дүние есігін ашқанда ананың ақ сүтімен бойына нәр алады, ана құшағына еніп, ана мейіріміне бөленеді. Адамның аузынан шығатын ең алғаш сөзі де – «ана». Міржақып Дулатов ағамыз айтқандай, бізді сүйетұғын, күйетұғын, әрқашан қамымызды ойлап жүретұғын абзал жанды адам, бұл – ана. Қаншама байлық иесі болсаң да, әлемге әйгілі адам болсаң да, анаңды, оның саған жасаған жақсылығын ұмытпау – сенің өмір бойындағы борышың. «Қариясы бар үйдің қазынасы бар» деп бекер айтылмаған, ортамыздағы асыл әжелеріміз де, аналарымыз да аман болсын! Осы мерекеге орай «Ана біздің – гүліміз!» тақырыбындағы мерекелік шарамызды бастауға рұқсат етіңіздер!

І жүргізуші

Көктемнің шуағымен құлпырып,

Ән салады барша жұртты таң қылып.

Тансұлуды шақырайық ортаға,

Айтып берсін тамаша әнді тамылжып.

  1. Ән: «Жан анам»

Мәрмәр:

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Сен деп жаздым алғаш өлең-дастанды.

Қуандым ба, Өзің бар деп қуандым.

Жыладым ба, Өзің жоқ деп жас тамды.

Бәрі де, Ана,

Бір өзіңнен басталды.

Жанарыңнан көрдім алғаш аспанды.

Еркелесем, бір өзіңе еркелеп,

Жасқандым ба, Тек өзіңнен жасқандым.

Әлібек:

Анашым менің анашым,

Мәпелеп өсірген анашым.

Мейірімің қандай керемет!?

Анашым менің анашым.

Әбілмансұр:

Анашым аяулы Анашым,

Серігі болған біздердің.

Түн ұйқысын төрт бөлген,

Қамқоршы менің анашым.

Е.Санжар:

Анашым асыл Анашым,

Біздерді бесігіңмен тербеген.

Аялаған біздерді

Ардақтымсың Анашым!!!!.

Аманжол:

Өзіңді құрмет тұтамын

Аман боп жүрші әрқашан

Ақ сүтін берген анашым,

Ақылды менің данашым.

Әбділхафиз:

Өзіңдей жанды әлемнен,

Қайдан табамын анашым?!

Мейірім төккен баршаға

Онымен өмір қаншама?

Ақниет:

Анасыз өмір бола ма,

Айтыңдаршы, баршаң да?

Алысқа кетсем елеңдеп

Сағынамын мен сені!

Әрқашан да жанымнан,

Табылатын Анашым!

Ақнұр:
Менің анам ардақты,

Алтыннан да салмақты

Жақсы көріп баласын

Мәпелейді анашым

Еділ:

Жақсылыққа шақырып,

Жамандықтан тыяды.

Мейіріммен тәрбиелеп

Иман нұрын құяды.

Аңсар:

Бар мейірімділік анада

Ана деген бір жанды

Мейірімділік ананың

Болмас еш бір адамда.

Зарина:

Ана, сен бақыттысың!

Гүлің болып өсіп келем.

Жайнап жүрші,

Күліп жүрші,

Алладан мен тілеп жүрем.

Ардақ:

Анамыздың мерекесі

Келіп қалды жақындап

Анашым асыл адам, мейірімді,

Арнадым сізге деген тілегімді.

Р.Алмат:

Ананы мен жақсы көремін,

Ана шаттық, бақыт береді.

Анаменен барлық адам,

Бақытты болып жүреді.

Әбділхалиф:

Айымсың ғой, күнімсің ғой жан анам,
Ақ тілекті біздер үшін арнаған.
Ренжітіп, мұңайтпаймын ешқашан.
Қадіріңді ұмытпаймын анашым.

Жанболат:

Мейірім төккен баршаға

Онымен өмір қаншама?

Анасыз өмір бола ма,

Айтыңдаршы, баршаң да?

Айсара:

Сен қуансаң мен бірге қуанам
Саған ғага сенемін, жұбанам
Аспандағы ай-күнімсің сіз маған
Баға жетпес байлығымсың анашым!

Айғаным:

Анам менің – аялаған ақ гүлім
Анам менің – бақытым мен шаттығым

“Анашым” – деп балаң жырын арнаған
Ести берші сәбиіңнің тәтті үнін!

Айзере:

Анам менің – өмірдегі тірегім
Анам менің – кеудемдегі жүрегім
Егер менің қасымда сен болмасаң
Бұл өмірде қалай ғана жүремін.

Еңлік:

Aна дейміз бәріміз де аңқылдап
Ана дейді жас сәби де жарқылдап
Aна деген-бәйтерегі өмірдің.
Ана деген –алтын қазық, алтын бақ.

Мәди:
Ана деген- асыл жандар болаттай
Ана деген- мөлдір жандар бұлақтай.
О, адамдар қадірлей біл ананы
Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай.

Саяжан:

Кезің жоқ мейірленіп тіл қатпаған,
Сөзің жоқ өнегесін тыңдатпаған.
Осынау дөңгелеңген дүниеде,
Жан АНАМ, кім бар сендей қымбат маған?!

Б.Алмат:
Бағаңды жүрмін сезініп,

Күн-Анам менің, Ай-Анам,

Өзіңді ойлап көз іліп,

Өзіңді көріп оянам.

Тұнық:
Бар мейірімділік анада

Ана деген бір жанды

Мейірімділік ананың

Болмас еш бір адамда.

Шыңғыс:
Аналарды теңейміз ғой құндызға,

Күнге де, айға да, жұлдызға.

Өмір бақи анаменен

Бақытты ғой ұл-қыздар!!!

Жамбыл:

Жарқын жузді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

шаттык кетпес баладан

Асыл анам — алтын жан, асқар тауым,
Арайланып алдымнан атқан таңым.
Әлпештедің, әлдилеп, аяладың.
О, анашым, бір өзіңсің сая бағым! – дей келе ортаға «Гүлдер» биін орындау үшін сұлуу қыздарымызды шақырамыз.

Бұл сыныптың ұлдары да қалыспайды,

Шетінен қазақтың ер, батырлары.

Өнерлерін сіздерге арнайын деп,

Келіп тұр қарсы алайық батырларды.

  1. Замануи би : «Флешмоб» Орындайтын: 2 сыныптың ұлдары

Мың бұралған бишілер,

Көрген адам сүйсінер.

Шақырайық ұл мен қызды,

Қане ортаға келіңдер!

5. Испан биі :. Орындайтындар: Ақниет, Аманжол, Мәди, Жанет Санжар, Айғаным, Ардақ, Мәрмәр, Саяжан.

6. Халқымызға билік айтар даналар,
Даналардың өзі аналардан жаралар.
Жүрегінің бір бөлшегі бала үшін,
Сізден жақын адам бар ма, аналар?! – дей келе ортаға «Әже» әнімен Әлібек пен айсараны шақырамыз.

7. Біз ғана емес қадір тұтқан балалар,
Аналардан туған небір даналар,
Ана деген тіршіліктің тірегі.
Аман болсын қасиетті Аналар! – дей келе ортаға Қазақ биін ордау үшін Айзере, Ардақ, Айсара, Саяжан, Зарина, Еңлік

8. Аяулы да алтын нұрлы анашым,
Жүрегіммен мәңгі бірге боласың.
Сeн асқарсың, сен аспансың, биіксің,
Сен дархансың,
Сен жомартсың, данасың! – дей келе аналарға барлық хошеметті арнай отырып ортаға «Бақыт құсы» биін орындау үшін Айғаным, Айзере, Заринаны

  1. Ана — бала, бала — ана бір ұғым,
    Бір — біріңсіз жоқ олардың бақыты.
    Ана — бала, бала — ана әрдайым,
    Бірге жүрсін, бірге көрсін шаттықты –
  2. Ана десем сезім билер тым ыстық,
    Жарасымды адамдарға туыстық.
    Бар адамға берсе ананың мейірімін.
    Орнар еді бар әлемде тыныштық. — Сіздерге арнап ән салатын Тілеухан Шыңғысты шақырайық
  3. Балаға ең жақыны сіз ғой ана,
    Сіздің ыстық құшағыңыз бізге пана.
    Сіздерге теңестірер еш нәрсе жоқ,
    Теңесе алар оған тек Отан ғана.-
  4. Өзіңсің сүйікті ана, құдіретім
    Жанымды жадыратып күлдіретін
    Сендегі маған деген махаббатты
    Нұр толы қос жанарың білдіретін
    Бар ана туған елдің гүлі дер ем
    Анажан қайғың болса күңіренем
    Таусылмас тау суындай ақылың бар
    Сен барда менің әр бір күнім өлең – деп аналарымызды, әжелерімізді, барлық қыздарды ардақтай отырып өздеріңізге деген Мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Әсетбек Құнайып, Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Сейдахметқызы сынып жетекші Аксубаева Раушан Жұмағалиқызы өз тілегін білдіреді.
    — Осымен біздің мерекеміз аяқталды, қымбатты да аяулы аналар мен әжелер! Мерекелеріңіз құтты болсын! Әлемдегі ең сұлу, ең мейірімді, ең қамқор адам осы отырған сіздерсіздер. Дендеріңіз сау, көңілдеріңіз шат болсын, әрқашан аман болайық!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ