Әлеуметтік желілер тақырыбында ашық сабақ

0
6112
Әлеуметтік желі

 

Күні 15.11.2018 ж.
Мұғалімі Кабиева Айгуль Мыктыбековна
Пәні Қазақ тілі
Сыныбы 9 «А»
Сабақ тақырыбы Әлеуметтік желілер
Сабақтың мақсаты  Интернет  қызметін ,әлеуметтік желілерді ұғыну.
Сабақтың міндеті

·        Интернет желілердің құрылу және жұмыс істеу жолдары жөнінде оқушыларға мағлұмат беру

·        Жаңа сөздердің мағынасын түсініп, ауызекі сөйлеу тілінде қолдануға дағдыландыру;

·        Зейін қойып тыңдау,мәнерлеп оқу,өнегелі білім алу.

·        Пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Жетістік критерийлері

Оқушының төменгі жетістігі (ОТЖ): ғаламтор, әлеуметтік желілер жайында айтады, оны басқаларға таныстыра алады.

Оқушының орташа жетістігі (ООЖ): ғаламтор жүйесін сипаттайды.

Оқушының жоғарғы жетістігі (ОЖЖ): сыныптастарымен өзі қолданатын әлеуметтік желі жайында тілдесе алады, сөйлеу үлгілері арқылы сұхбаттасады.

 

Сабақ жүрісі
Ұйымдастыру

o   Сыныппен амандасу;

o   Көңіл-күйлерін сұрау;

o   Оқушыларды түгендеу.

Балалар бүгін сабағымызда қонақтар отыр,сол себептен біз өзіміздің білімімізді көрсете білейік.

Психологиялық  күй.

o   Ал, балалар қане бүгінгі сабағымызды бастамай тұрып,алдымызда жатқан пазл  арқылы топқа бөлінейік,  

 

   

 Үй тапсырмасын  тексеру Әлеуметтік желілер туралы айтып беріңдер.Өз пікірлеріңмен бөлісіндер

І.Қызығушылықты ояту

 

 

Жаңа сабақ тақырыбын ашу, мақсат қою:

Қазіргі  біздің заманымызда  болып жатқан жаңалықтарды қайдан  білуге болады деп ойлайсыңдар?

Ендеше, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?  (Әлеуметтік желілер).

ІІ. Мағынаны тану

 

Сөздікпен жұмыс (сөз тіркесін құрастырту).

қолжетімді- доступный

серіктестері- партнеры

қолданушылар- пользователи

заман талабы- требование времени

 мүмкіндіктер- возможности.

ғаламтор  — интернет

 ақпарат   — информация

Мәтінмен жұмыс 

Мәтінге ат қою.

 

 

Мәтінмен жұмыс .  

   Қазір ғаламтор барлық адамдарға қолжетімді болды. Бұдан басқа ғаламторда Twitter, Instagram, VK, Whatsapp ,Skype, Viber, Однаклассники тағы басқа әлеуметтік желілері бар.

    Ғаламтордағы ең танымал — Facebook әлеуметтік желісі.Бұл желінің негізін 2004 жылы Марк Цукерберг және оның серіктестері Эдуардо Саверин, Дастин Московиц және Крис Хьюзбен қалаған.  Facebook-жаңалық алуға, дос табуға, уақыт өткізуге, ең бастысы көптеген пайдалы нәрселер алуға ыңғайлы әлеуметтік желі. Қолданушылар жасы 20-40 жастар аралығы. Дүние жүзінен достар табуға болады. Топтар ашып, көптеген жұмыс бітіруге болады.

     2013 жылғы зерттеулер бойынша “ВКонтакте”  күніне 43 миллион адам кірген. «Вконтакте» сайтының негізін салушы — Павел Дуров.

    VK  қолданушылардың жасы 16-30 жастар аралығында.Пайдасы достарынмен араласып, хат алмасып отырасың. Туыстарыңның,достарыңның фотоларың көресің. Жаңалықтан құр қалмайсың.Неше түрлі видеолар және кинолар көресің, кинотеатрға бармай-ақ. Бұрынғы және қазіргі заманғы әндерді таба аламыз.

     Бұл — заман талабы. Бізге қазіргі керегі оқу, білім алу. Сондықтан жастар үшін керекті, тиімді әлеуметтік желілердің көбейгені жақсы.

Мәтінмен жұмыс:

1.топқа:  Жоспар құрастыр .    

                Сын есім+зат есім  (сөз тіркесі ),

2.топқа: Мәтін бойынша сұрақтар құрастыр.

                Біріккен сөздерді теріп жаз

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ. Ой

толғаныс

 

Қорытынды

Жазылым. Көп нүктенің орнына демеулік шылауларды қойып жаз.

         Әлеуметтік желілердің пайдасы … . Әсел бүгін әлеуметтік желі де … ұзақ отырды. Айжан…. оның кішкентай інісі де әлеуметті желіде отырады. Бұл әлеуметтік желі — … . 

Қажетті сөздер: бар ма? тым, түгіл, ғой.
 

Топқа арналған тапсырмалар:

1.Әлеуметтік желілер адамға пайдасы.

2. Әлеуметтік желілер адамға әкелетін зияны   

Бейнеролик көру,ойларымен бөлісу

 

1.Әлеуметтік желіні қалай деп атайды?

    А) « қаражат көзі»

    В) «әлеуметтік медиа»

    С) «рухани байлық»

2. Facebook әлеуметтік желісін қай жылы қалаған?

    А) 2004жылы

    В) 2006 жылы

    С) 2002 жылы

3. Әлеуметтік желінің көбі неліктен көк түс?

    А)  көк түс адамға сенімсіздік,тәуелділік, қауіпсіздік сезімін береді

    В)  көк түс адамға сенімділік, тәуелділік, қауіпсіздік сезімін береді.

    С)  көк түс адамға сенімділік, тәуелділік, қауіпті  сезімін береді.

4. Көк түсті желілерді көрсет.

    А) Facebook, Twitter, Linkedin , Cacao Talk,

    В) Facebook, Twitter, Linkedin , Однаклассники,

    С) Facebook, Twitter, Linkedin, Vkontakte, Mail.ru

5.   В контактені қолданушылардың жасы –

    А) 16-30 жастар аралығында

    В) 18-30 жастар аралығында

    С) 15-30 жастар аралығында

6. 2013 жылғы зерттеулер бойынша “ВКонтакте”  күніне  …адам кірген.

     А)  43 миллион

     В)  41 миллион

     С)  45 миллион

6. «Вконтакте» сайтының негізін салушы -…

     А) Павел Дутов

     В) Павел Иванов

     С) Павел Дуров

1.В2.А3.В4.С5.А6.А7.С

Әлеументтік желіге қосылу үшін не қажет?(Қаражат)

Біздің ұлттық валютамыз не? Ол қай жылы айналымға енді?

1993 жылы 15 қарашада айналымға енді.

V. Бағалау

Оқыту үшін бағалау.

Рефлексия

Ұлттық валюта теңгемен бүгінгі сабаққа қатысқан оқушыларды бағалау: 20000 теңге -5

               10000 теңге -4

               5000 теңге -3

 Кері байланыс парағы.   

 

IV. Үйге тапсырма

Әлеуметтік желілер туралы жазып келу:одноклассники,твиттер

Жаңа сөздерді есте сақтау.

 

 

Қарағанды облысы, Балқаш қаласы «М.Горький атындағы Жалпы білім беретін №1 орта мектебі» КММ қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Кабиева Айгуль Мыктыбековна


ПІКІР ҚАЛДЫРУ