Ана тіліміз — ұлттық құндылығымыз

0
2585
Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны

Осыдан тура 31 жыл бұрын — 1989 жылы 22 қыркүйек күні «Тіл туралы» заң қабылданған болатын. Бұл заңда Қазақ ССР-нің мемлекеттік тілі қазақ тілі, ал орыс тілі — ұлтаралық тіл деп бекітілген еді.

Тіл – қандай ұлтта, елде болмасын әрқашан қасиетті ұғым болып қала береді. Бүгінде қазақ жерінде 130 дан астам ұлт өкілдері өмір сүріп келеді. Және олардың әрқайсысының ана тілі мен ата дәстүрі бар. Дана халқымыз «Қанша елдің тілін білсең, сонша түрлі ілім білесің» деп бекер айтпаған. Яғни,  қазіргі ғылым мен техниканың дамыған заманында тіл білудің артықтығы жоқ. Күннен күнге қарыштап жатқан жаңа технологияларды игерудің ең бірінші жолы – тілді меңгеру. Дегенмен заман талабына сай жүре келе өз ана тілімізді ұмытпауымыз керек. Әрбір ұлт өз ана тілімен ғана қасиетті де қадірлі.

«Тіл – жұрттың жаны. Тілінен айырылған жұрт – жойылған жұрт» — деп Халел Досмұхамедұлы атамыз айтқандай, Тіл – халық қазынасы, ұлттың жаны. Ал ұлттың болашағы – ана тілінде. Әр ұлттың тілі – оның бақыты мен тірегі.Тілдің мәртебесі – елдің мерейі. Оның мерейін асқақтататын да, құтын қашыратын да мына өзіміз. Тіл отбасынан басталып, Отан аясында дамиды.Қазақ тілінің мәртебесін нығайту үшін барлық қазақстандықтар мен шет елдегі қандастарымыздың қазақ тіліне деген құрметін арттыру, қазақ тілінің табиғи қалпын сақтау қажет.

Заманына сай — адамы дегендей бірінші орынға өз ана тілімізді қойып, өзге тілді де қатар алып жүруіміз керек.

Елбасымыз айтқандай «Мен бүгінгі ұрпақтың үш тіл білуін қолдаймын. Мемлекетік тіл – мемлекет құрушы ұлттық тілі, ал орыс тілін білуі – ұлы байлық. Ағылшын тілі ілгерілеушілік пен технологиялардың тілі болғандықтан біз оны үйренуге тиіспіз. Ал қазақ тілі барлық Қазақстанды біріктіріп, жақындастырып өзара түсіністік пен сүйіспеншілікке жетелейді», деп өз ойымды қорытындылағым келеді.

Петропавл қ, «Ақ қайың» бөбекжай — бақшасы»

Мұғалім – логопед: Бүтінбай Ардақ


ПІКІР ҚАЛДЫРУ