“Ана- тіршілік тірегі” балабақша ертеңгілігі

0
2923
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Тақырыбы: “Ана- тіршілік тірегі”

Залда музыкалық әуен ойналып тұрады, залдың дәл ортасында үлкен бос себет тұрады

Жүргізуші Көктем болып кіреді. Залды безендіріп, айналып, көктем мезгілінің келгенін білдіріп.

Жүргізуші: Наурыз айы көктеммін, күлімдеп күмбез көкте күн.

Жайқалған жасыл әлемге, жылулық нұрын төккенмін.

Сәлеметсіздер ме,  қымбатты аналар, арулар және әжелер!  Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезіммен нұр құйып,  8-наурыз халықаралық әйелдер күні де келді. Аналар -өмірдің гүлі, көңілдің жыры,  әр отбасының алтын діңгегі. Бүгінгі мерекелік кешіміз сіздерге арналады.

                              Біз ғана емес қадыр тұтқан балалар

Аналардан туған небір даналар

Ана деген тіршіліктің тірегі

Армысыздар қасиетті аналар мен әжелер.

Десекте уақытпенен жарыспайды,

Қияға қиялменен қарыштайды.

Шәкірттер шын жүректен тебіреніп,

Өнерлерін анаға бағыштайды — дей келе ортаға “Айгөлек” тобының тәрбиеленушілерін ортаға шақырамыз!

(әуен ырғағымен балалар қолдарына гүлдерін ұстап залға кіреді, жарты шеңбер құрайды, би қимылдарын жасайды)

ӘН — «Көктем келді» (әнді орындап болған соң  алдымен ұлдар гүлдерді себетке салады, сосын қыздар салады. Ән біткен соң ғана орындарына отырады)

ТАҚПАҚ : 

Жүргізуші-Көктем:

Шатырлайды найзағай,

Жарқ-жұрқ етіп жатты аспан

Жаңбырдың да ғажабы,

Түрлі-түсті түсімен, кемпірқосақ шығады.

— дей отырып қыздарымызды  «Радуга» биімен  қабыл алыңыздар.

ОЙЫН балалар ойыны «гүлді құрастыр»

Жүргізуші-көктем: Бұл тапсырманы керемет орындап шықтыңдар! Жарайсыңдар!

Балалар барлығы жарты шеңберге тұрады. кейір балалар ортаға шығып тақпақ айтсын

ТАҚПАҚ: «ана туралы»

Кәусар: Шашымды өріп тараған

Қабағыма қараған

Үлкен кіші демейді

Сыйлайды оны бар адам

Айдана:Ақ анашым аппағым

Өзің жайлы тақтағым

Өзің жайлы әнімде

Арнадым саған бәрінде

Інжу: Асыл анам нұр шашқандай келбетің

Сенсіз басып журе аламба жер бетін

Бір қолыңмен бала жатқан бесікті

Бір қолыңмен ұлы әлемді тербеттің

Ақерке: Әлпештеген баласын

Ана-бақыт, ана-күн

Әркім суйер өзінің

Мақтан етер анасын

Айша: Жердегі бар тағамнан

Ана сүті нәрлі екен

Бұл жалғанда анамнан

Сүйікті адам бар ма екен

Даниал:  Сенен өскен балалар

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті аналар

Нұрымжан: Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан 

Сайфулла: Күн нұрындай шуақты

Мейірбанды нұр жүзің

Сау бол әр кез қуатты

Деп тілейді ұл қызың

Ерасыл: Мерекені қарсы алып

Мәз болады барша жұрт

Гүл ұсынып анаға

Бердім өзім ән салып

Тақпақ айтқан балалар орындарына тұрады

ӘН «Құттықтаймын мама…»

Жүргізуші: Кунінде гүл көктемнің нұрын шашып

Жасқанбай әр қадамын нық-нық басып

Биімен көрерменді тәнті ететін

Балақайлар келді міне толқып тасып-     деп «Көңілді бесіктер» биін қабыл алыңыздар.

БИ «КОЛЯСКА»

Жүргізуші: Ән айтылса ұйып тыңда жаныңмен

Өшпес ыстық алаулаған жалынмен-дей келе ортада жігіттердің «Қыздар ай» әнін қабыл алыңыздар.

ОЙЫН балалармен

ӘЖЕ туралы тақпақтар

Нұрымжан: Әжем менің ақ әжем

Ешкімде жоқ әжем

Ертегі айтып береді

Маған да сол керегі

Сайфулла: Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа уйретіп

Жамандықтан шектейді

Әжеме ешкім жетпейді

Даниал: Менің апам бұл апам

Айтқан сөзі дәл апам

Аман болса көрді

Қызығымды әлі апам

Ерасыл: Мені ертіп жетектеп

Осы күнге жеткізген

Бізді бағып өсірген

Аман болсын жан әжем

Айдын: Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Мейрам күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз

Балалар жарты шеңберге тұрады

ӘН «Әжем менің»

Жүргізуші: Ару ана өмірдің асылдары

Жайнасын көңілімнің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен жыр шырқалуда

Сіздер үшін мереке шашулары- дей отырып “Айгөлек” тобымыздың ұлдары мен қыздарыдың биін қарсы алыңыздар.

БИ «СТИРКА»

Жүргізуші:

Құрметті қонақтар, біздің “Ана- тіршілік тірегі” мерекелік ертеңгілігімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға рахмет.

Демеңіз біз өнерді аяп қалды

Мезгілде біраз жерге таяп қалды

Қош болып тұрыңыздар көріскенше

Осымен концертіміз аяқталды.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ