Анималистік жанр (Сабақ жоспары)

0
2314
Иллюстрация: Freepik.com
Пән: Бейнелеу өнері 6 сынып. Күні:
Тақырыбы:   Анималистік жанр.
Мақсаты:  Анималистік жанр түрімен танысады және басқа жанрлардан ерекшеліктерін ажырату арқылы суреттеп сала алады.
Күтілетін нәтиже:  Анималист – суретшінің  басты  міндеті – жануарларды  айнытпай бейнелеп,  сәндік  мазмұнын  ашу  немесе  жануарлар  арқылы  адамдарға  тән  қасиеттерді,  олардың  іс-  әрекеттері  мен  ішкі  жан  дүниесін

(мәселен,  ертегі, мысал  иллюстрацияларында) көрсету.

Осы әдісті меңгереді.

Керекті жабдықтар:  нұсқаулық, ресурс, парақтары,жұмыс дәптері, маркер, сурет альбомы, түрлі-түсті бояулар,слайд.

 

Сабақ кезеңдері                           Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу. Психологиялық дайындық. «Джигсо.» әдісі.

Үй тапсырмасын тексеру

Сұрақ-жауап арқылы өткен материалды еске түсіреді: «жуан», «жіңішке» сұрақтар

3 минут. Оқушыларды топқа бөлу. Сұрақтар:

1. Натюрморт- дегенімізді қалай түсінесің?

2. Кітап графикасы  қайда қолданылады?

3. Пейзаж — дегенімізді қалай түсінесің?

4. Живопись дегеніміз не?

Суреттеу арқылы дәлелдеу. 5- 7мин

Топтасыру: «Бағдаршам» түсі арқылы  топтасады.

Мұғаліммен амандасады.

Шеңберге тұрады.

Топтасады.

 

Сұраққа жауап береді.

Тұсаукесер   Анималистік жанр- бейнелеу  өнерінің бұл жанырының нысаны  жануарлар  болып  табылады.

Онда ғылыми  және  шығармашылық  бастамалар  қамтылған.  Анималист – суретшінің  басты  міндеті – жануарларды  айнытпай бейнелеп,  сәндік  мазмұнын  ашу  немесе  жануарлар  арқылы  адамдарға  тән  қасиеттерді,  олардың  іс-  әрекеттері  мен  ішкі  жан  дүниесін (мәселен,  ертегі, мысал  иллюстрацияларында) көрсету.

Бейнелеу өнерінде бұл бағыт

а н и м а л и з м  деп аталады

Жанрлар арасындағы айырмашылықты  суреттеп салу арқылы  ашып беру.

Топтастыру әдісін  жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

 

 

Аталған сөздерді суреттен көрсету арқылы, өз ойларын дәлелдейді.

Негізгі бөлім Анималистік жанрды қолдану арқылы

«жануарлар әлеміне саяхат»  көрінісін суреттейді әр топ  өз алдына жұмыстанады.

Түс үйлесімділігін сақтайды.
Қорытынды

 

 

 

 

 

 

 

Бағалау:

Берілген тапсырманы   топтасу арқылы қорғайды.

Суреттегі  ерекшеліктерді суреттейді.  Композициямен түстер арасындағы және  өмірмен байланысын  әр топ  салыстырмалы түрде айтып береді.

Заңдылықтарды қолданбай жұмыс жасау мүмкін бе?

Басқаша қалай орындауға болады?

Басқаша қалай жасауға болар еді? 7мин

«Бағдаршам» арқылы бағалайды.

Жасыл-мен сабақты жақсы меңгердім

Сары-маған көмек керек

Қызыл- мен түсінбедім

Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді.

Топтан бір оқушы қорғайды.

 

 

 

 

Топтар бірін-бірі бағалайды.

Үйге тапсырма

 

 

 

1 Анималистік жанр-  тақырыбына  нобайлар салу. Мыс:«Үй жануарлары»,  «Менің мысығым»,  «Сүйкімді күшік» т.с.с.

 

Үй тапсырмасын күнделікке жазады. Рефлексия.

Кесте толтыру.Не білемін?,

Не білдім? Не білгім келеді?

Дереккөз: zkoipk.kz

Басқа материалдар:

  1. Cызық пен штрих. Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары
  2. Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар
  3. Драмалық тек, драмалық бейнелеу
  4. Бейнелеу өнерінің даму тарихы (Сабақ жоспары)
  5. Ежелгі Египет мектебінің өнері (Сабақ жоспары)
  6. Живописьтегі түр-түстер. Түстік үйлесімділік (Сабақ жоспары)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ