Бейнелеу өнерінің даму тарихы (Сабақ жоспары)

0
1795
Ұстаздар мерекесі
Пән: Бейнелеу өнері 6 сынып. Күні:
Тақырыбы:   Бейнелеу өнерінің даму тарихы.
Мақсаты: Бейнелеу өнерінің  даму тарихы жайлы мағлұмат беру.

Бейнелеу өнерін оқып үйрену арқылы, азаматтың даму тарихынан бастау алған  Сурет салудың өзіндік құпияларын білу.  Бейнелеу өнерін оқып үйрену арқылы, көне тарихымызды сақтап, заман талабы  мен ұштастыра отырып, бейнелеуге тәрбиелеу.

Алғашқы петроглифтік дәуірдегі суреттер мен өмір  сүріп отырған қоғамдағы  өзгерістерді салыстыра отырып, өзіндік бейнелеу әдісін қалыптастырудағы ой-өрісін дамыту.

Күтілетін нәтиже:   Ежелгі дәуірде ол тылсым сыры бар рәсімдердің бір бөлшегі ретінде қабылданды. Үңгірлердің қабырғасына момонтты, арқар мен жабайы жылқыны бнйнелегенде аңшы сол жануарды атып, олжаға кенелгендей мұны сәттілікке жорыған. Осылайша үңгір қабырғалары  мен тастарына салынған суреттер – петроглифтер пайда болды.Адамдар алдымен ежелгі аңшылардың тіршілік көзіне  айналған аңдардың  бейнесін «зерттеп», кейін шағын мүсіндер :бастапқыда әйелдердің  (венералар), содан соң ер адамдардың  кескінін жасай бастады.Қолөнер дамып, жаңа еңбек құралдарының пайда болуына байланысты  жартастарға салынған суреттерде адам бейнесі басты  орында тұрады._нер туралы ақпарат алады.
Керекті жабдықтар: Оқулық, нұсқаулық, ресурс, парақтары,жұмыс дәптері, маркер, сурет альбомы, түрлі-түсті бояулар

 

Сабақ кезеңдері                           Мұғалім әрекеті Оқушы әрекеті
Кіріспе Оқушылармен амандасу.

Шаттық шеңбер: «Құрбымды бағалаймын»

Шеңбердегі оқушылар көршілес құрбысының әрекетін қайталау арқылы, бірін-бірі тыңдай отырып бірдей жаттығу жасайды. Бірлескен жұмыстың көрінісін береді.

Мұғаліммен амандасады.

Шеңберге түрады.Мұғалімнің әрекетін кезекпен- кезек қайталау арқылы бірлескен жаттығу әрекетін жасайды.

Тұсаукесер  Испания, Франция, үңгірлерінің , Сахара, Карелия, Қазақстаннан табылған жартас суреттеріне,  сондай- ақ көптеген мүсіндерге қарап, ежелгі суретшілердің  аң, адам, аңшылық көріністерін бейнелеуде байқау қабілеттері жоғары және үлкен шеберліктің  иесі болғандарына  көзіміз  жетеді.

Қазақстан аумағында бірнеше дәуірден  бастап  бейнелеу өнерінің жартастардағы ғажайып  ескерткіштері сақталған. Олар таулармен асуларда, шоқылы  төскейлерде орын тепкен.  Солардың ең белгілілері – Қаратаудағы Арпаөзен, Жетісу өңіріндегі Таңбалы мен Ешкіөлмес. Жартастағы көріністер 10 000-ға суық сурет кескіндерді құрап. Қасиетті мекендерге айналған. Бұл тарихи ескерткіштер  алғашқы өнердің  дамуынан бастап , ежелгі дін мен мифологиядан құнды мәліметтер береді.

Әсіресе Таңбалы шатқалында бейнеленген кескін –суреттер ерекше қызығушылық туғызады.. Жоғарыда күн басты екі адам, ал төменде олардан кішірек адамдар мен жануарлар бейнеленген.

Төмендегі адамдар саны жылдың 12 айын білдіруі мүмкін  Бұл жерде 2000-нан астам қазақ халқының мұрасы табылды. Петроглифтер туралы алғашқы мәліметтерді  әйгілі қазақ ғалымы, әрі саяхатшы Ш.Уалиханов жинаған.

Сөздікпен жұмыс жүргізіледі. 7-10 мин.

Топтастыру әдісін  жүргізеді. Сөздердің мағынасын түсіндіреді.

 

Аталған сөздерді суреттен көрсету арқылы, өз ойларын дәлелдейді.

Негізгі бөлім  Интернет желісінен ақпарат іздеу арқылы бейнелеу  өнері жайлы  деректер іздестіреді. Топтық жұмыс орындалады. Флипчарт әзірлейді.  .Топта талқылау арқылы ортақ жобаның сызбасын дайындап, пікірлерін білдіреді.
Қорытынды «Бейнелеу өнерінің даму тарихы.»  деректерді  топтасу арқылы қорғайды.

Үлгідегі ерекшеліктерді суреттейді

Таныстырылымның  немен аяқталғанын топтар салыстырмалы түрде айтып береді

Оқушылар тапсырманы орындау арқылы, ортақ пікір білдіреді.

Топтан бір оқушы қорғайды.

1.Фото  дәлелдер, жапсырмалау әдісімен

«Ш.Уалихановтың еңбектеріне шолу» тақырыбына сурет құрастыру.2.Нобайлар салып келу

3. симметрия және ассиметрия тақырыбына  фото суреттер құрастыру.

Үй тапсырмасын күнделікке жазады.

Рефлексия.

(Чемодан,жәшік,

ет тартқыш)

 

 

Дереккөз: zkoipk.kz

Басқа материалдар:

  1. Cызық пен штрих. Бейнелеу өнері пәнінен сабақ жоспары
  2. Бейнелік шығармалар мен мүсіндік композициялар
  3. Драмалық тек, драмалық бейнелеу

ПІКІР ҚАЛДЫРУ