Аптасына бір мәрте өзіңізден есеп алып тұратын сұрақтар үлгісі

1
701
Иллюстрация: Freepik.com

Күніне болмаса да, аптасына бір мәрте өзіңізден есеп алып тұратын сұрақтар үлгісі.

1. Не білдім, не түйдім? Сәттілік құпиясы қарапайым – әр күн сайын бір қадам алға басамыз. Бір жылдан соң мақсатыңызға жетесіз не 365 қадам жақындайсыз. Оған тезірек, сәтті, белсенді түрде жету үшін жаңа ақпарат жәрдемдеседі.

2. Осы аптада қандай жетістікке жеттім?
Өз жетістігіңізді көрген сайын бойыңызға сенімділік ұялап, өзіңізді бұрынғыдан            да жақсы көре түсетін боласыз. Аяқталған іс сізді мықтырақ етеді. Егер нәтижесі болмаса – өзіңізден себебін сұраудың кезі келді. Өзіңізді жетілдіріп жүрсіз бе, кері кетіп жатырсыз ба?

3. Қашан тоқтадым? Уақытымды босқа құртып, қамсыз отырған кезім болды ма? Бұл миллионерлердің де басында болады. Бірақ осыны дер кезінде ескеріп, берекесіз уақытпен күрескендер ғана жеңіске жетеді. Осы аптада істелуі керек қай істі кейінге қалдырдым? Әр нәрсенің өз уақыты бар. Кей істі кейінге қалдыра тұруға да болады, ал кейбірі кейінге қалса, көп нәрседен қол үзіп қаламыз. Мұндай іс әр аптада бар.

4.Сымбатымды сақтау үшін немесе салауатты өмір салтын ұстану үшін не істедім? Дене қуатқа толы болғанда, күткеніңізден де көп аласыз.

5. Жақын-туыстарыма қанша уақытымды бөлдім? Бәріміз өзіміз үшін және бізге жақын жандар үшін өмір сүреміз. Ал олармен кемінде күніне бір сағат араласып тұрудан жақсы не бар?

6.Келесі апта менің өмірімнің ең соңғы аптасы болса, не істер едім? Бұл сұрақ өмірдегі ең маңызды істі кейінге қалдырмауға көмектеседі.

Әр аптада осы сұрақтарға шынайы жауап берсеңіз, жаңа мүмкіндіктер мен үміттерге қол жеткізіп отырасыз. Осылайша «ақырын жүріп, анық басып», барар жеріңізге тез жетіп аласыз.

Ұқсас материалдар:

  1. Өмірді өзгертетін ТОП-5 кітап
  2. Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз…
  3. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  4. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  5. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  6. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  9. Жас маманға 8 кеңес

1 ПІКІР

  1. Жақсы және дұрыс сұрақтар. Шынында да, әркім өзіне осы сұрақтарды қоюы керек. Себебі ең жақсы мотивация — өзіңді ынталандыру.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ