Бір күнде оқылатын қызық 5 кітап

0
1074
Иллюстрация: Freepik.com

ТАСТАМАШЫ, АНА

Айгиз Баймұхаметовтың шынайы өмірінен алынған оқиғалар бұл кітаптың негізгі бөлігін құрайды. Балалар үйінде болып жатқан былықтар мен бассыздықтарды көзімен көріп, қолымен ұстап, басы-қасында жүргендіктен, соны өмірдің бір новелласы секілді кітап етіп жазған. Мұнда достық та, сатқындық та, қатыгездік те, аяушылық та, бәрі бар.

В Казахстане издана книга «Тастамашы, ана!» («Не оставляй, мама!»)  башкирского писателя Айгиза Баймухаметова - Культурный мир Башкортостана

АЛА ЖІПТІ АТТАМА

Біреудің ақысына кіріп жатқанымызды байқамаймыз. Ақысын жеу – тек ұрлау не тартып алумен анықталмайды екен. Оның нәзік тұстары өте көп екен. Мысалы, түнгі уақытта айқайлап сөйлеу – көршілердің ақысына қол сұғушылық. Адам мен адамның, адам мен Алланың, адам мен мемлекеттің арасындағы ақы түрлеріне қаныққыңыз келсе, сіз іздеген кітап осы.

Ала жіпті аттама - Кітапхана

БАСҚА БӘЛЕ ТІЛДЕН

Үйде манты жеп отырып, әйеліңізге: «Пәленшелердікі енді ұят қой тіпті. Салаттары ашып кетіпті. Қонақтардың алдында өзім ұялып отырдым» десеңіз, жаны ашыған адамға ұқсайсыз. Алайда сіз мантымен қоса сол пәленшенің өлігін де жеп жатыр екенсіз. Себебі оны ғайбат дейді. Оны толық біліп алу үшін мына кітапты дереу оқыңыз.

Kitap.kz - онлайн платформа
КАК Я ВЫИГРАЛ ЖИЗНЬ?

Бәрімізге ертегі ұнайды. Себебі онда ауыр тұрмыстан шыққан бала соңында байып, бақытты болады. Ал осының өмірдегі мысалын көріп пе едіңіз? Нашар тұрмыстан шыққан Али есімді бала өз өмірін қолға алып, әке-шешесін және бауырларын кедейліктің шұңқырынан алып шығуға бекінеді. Ал оның жолы бола ма?

Как я выиграл жизнь - BookHouse китеп дүкөнү

ЕРТЕГІСІЗ ӨТКЕН БАЛАЛЫҚ

Бұл Айгиздің екінші кітабы. Біз ата-анамыздың құшағында, тәтті жеп, қыдырып, ойнап күліп жүргенде, балалар үйіндегі балалардың өмірі ащы күндер мен қиындықтың ортасында өтеді. Ата-ана дейтін алтын қазынамызды қалай қадірлей алмай жүргенімізді осы кітаптан оқып біліңіз.

В Казахстане издана книга башкирского писателя Айгиза Баймухаметова |  Новости Уфы и Башкирии

Ұқсас материалдар:

  1. Өмірді өзгертетін ТОП-5 кітап
  2. Өз өзіңізге деген сенімділікті арттырыңыз…
  3. Мұғалімдерге арналған 3 таптырмас сайт
  4. Ұстаздар қалай қосымша табыс таба алады?
  5. Ұстаздарға арналған тренинг: «Педагогтардың кәсіби жануы»
  6. «Көтеріңкі көңіл-күй-жанға қуат береді» сергіту тренингі
  7. «Сәттілік серік болсын» атты әлеуметтік-психологиялық тренинг бағдарламасы
  8. 11 сынып оқушыларына арналған тренинг- сабақ
  9. Жас маманға 8 кеңес

ПІКІР ҚАЛДЫРУ