Кітап оқуға деген құлшынысты қалай арттыруға болады?

0
1859
Иллюстрация: Freepik.com

Күн сайын қалай үзбей кітап оқуға үйренуге болады?

1. Кітапты дұрыс таңдаңыз. Бестселлердің бәрі керемет емес.

2. Алдағы уақытта оқитын кітаптардың тізімін жасай беріңіз. Біреудің кітап туралы ерекше жазбасын оқысаңыз, енгізіп қойыңыз.

3. Кітап дүкендеріне барып тұрыңыз. Олар оқуға құлшыныс береді. Түрлі кітаптармен танысасыз.

4. Күніне 10-20 минут тапжылмай кітап оқыңыз. Қалыптаса келе көлемін көбейтіңіз.

5. Кітап оқуға жайлы атмосфера, орта жасаңыз. Яғни, телефон, ТВ, компьютерді, артық дыбыс шығаратын құралдарды басқа бөлмеге құртыңыз.

6. Кітаптың көлеміне мән беріңіз. Қалың кітап мақтаныш емес. 200 беттік кітаптардан бастаңыз.

7. Рахатты ойлаңыз. Тек іскерлік кітап оқи берсеңіз, іш пысады. Арасында әдебиеттерді оқып тұрыңыз.

8. Бірден 1-3 кітапты қатар оқыңыз. Одан көбі көп боп кетеді.

9. Тез оқып бітірем деп асықпаңыз. Кітаппен сіңісіп кетіңіз.

10. Достармен талқылаңыз. Солай кітаптың мазмұны есте ұзақ сақталады.

11. Электронды кітаптарды оқуға болатынын есте ұстаңыз. Оларды алып жүру қолайлы. Көлемі кішкентай кітаптарды да алыңыз. Кезекте тұрғанда оқуға жақсы.

12. 1 айда 2 кітап оқимын деген секілді мақсат қойыңыз. Мақсатты орындаңыз.

13. Жылдам оқуды меңгеріңіз.

14. Челлендж жасаңыз. Досыңызбен кітап оқып жарысыңыз.

Басқа материалдар:

  1. Вендинг кәсібінің артықшылығы мен кемшілігі
  2. «Шаштараз» бизнесін қалай бастауға болады?
  3. Фотостудия кәсібін қалай дамытуға болады?
  4. ҰБТ тапсырушы түлектерге ақыл-кеңес
  5. Мектеп оқушыларына 6 кеңес
  6. ҰБТ тапсырушыларға Шиара Құдайбергеновадан кеңес
  7. Интернет-маркетологтың қызметі қандай?
  8. SMM маманы деген кім?
  9. Data Scientist — деректер ғалымының қызметі қандай?
  10. Web-дизайнер деген кім?
  11. Кофе-киоск кәсібін бастау үшін…

ПІКІР ҚАЛДЫРУ