Әр істің қайыры бар

0
887

«Әр істің қайыры бар» деген нақылды білсек те, пендешілікке салынып, басымызға сәл қиындық түссе, тағдырды кәналап жататынымыз бар. Сондай қиын сәтте, мына әңгімені есіңізге түсірсеңіз, тәубаңызға келіп, сабыр сақтайтын боласыз.

Ертеде Африкадағы бір аймаққа билік жүргізетін бір патша болыпты. Патша кішкене кезінен бірге өскен жақын досын ешқашан қасынан тастамай алып жүретін. Сол досының ешкімге ұқсамайтын ерекше мінезі бар еді. Өзінің басына келген қандай да бір  іс немесе қандай да бір адамның жамандыққа ұрылуы мен жақсылыққа қарай бет алғанына бір ғана сөз айтатын: «мұнда да бір қайыр бар!» Бір күні патша мен досы аң аулауға шығады. Патшаның досы мылтықты оқтап патшаға беріп тұрды, патша дайын шүріппені басып отыра берді.Досы мылтықты оқтап жатқанда , белгісіз себептермен шүріптерді басқанда мылтық атылып кетіп, патша бас бармағынан айырылып қалады. Мұны көрген досы әдеттегі сөзін айтты: «мұнда да бір қайыр бар!»             Сонда патша ашуланып, досын зынданға тастатқызды. Арада біраз уақыт өтіп, патша адам жейтін тайпалардың аумағына аң аулауға барады. Жабайы тайпалар патшаны  ұстап алып, ауылдарына алып барады да, қол-аяқтарын байлап,ауылдың ортасына отын жинайды. Әлгі ұстап алған патшаны отындардың ортасына мықтап байлап қояды. Байлап жатқанда арасынан біреуі қолындағы саусағының  кемістігін байқап қалып босатып жібереді.Ол тайпалардың нанымдарында кеміс адамды жеуге болмайды, себебі басқа жамандық алып келеді деп сенетін. Содан патша кемтарлығының арқасында өлімнен аман-есен үйіне келгеніне қатты қуанады. Айырылмас досын зынданға тастағанына қатты өкініп, қателігін түсінеді де, дереу сол зындандағы досын шығарып алып, досына басынан өткендерін баяндап береді. -Сен сонда дұрыс айтқан екенсін!-деді де, сөзін былай сабақтады:»Саусағымның жұлынып кеткендігінің арқасында бір өлімнен аман қалдым. Мұның мәнісін кеш түсіндім, сенен кешірім сұраймын.Саған опасыздық жасаған екенмін». -Жо-жоқ қателесесің.Мұнда да бір қайыр бар дегенде Патша таң қалып: -Сен осы жынданғаннан саумысың? Досын зынданға қамап тастағанның қандай қайыры бар?-дегенде досы былай жауап берген екен: -Егер мен зынданда отырмағанда, сенімен бірге аңға шыққан болар едім. Солай емес пе? Одан ары не болатынын айта ғой!
Сол секілді жағдайлар өте жиі орын алатыны белгілі. Сондай сәтте сабыр сақтап, қайырын күту керек. Жақсы ой жақсылыққа жетелейді.

Әзірлеген: Жансая Ысқақ

Дереккөз: ғаламтордан алынды.

Суреn: mazhab.kz

ПІКІР ҚАЛДЫРУ