«Арайлы, алтын күз!» атты ертеңгілік

0
4859
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

«Арайлы, алтын күз!» атты ертеңгілік

Мақсаты:

Күз мезгілінің ерекшеліктері туралы, білімдерін бекіту. Табиғат әсемділігін эстетикалық түрде сезіну.

Күз көрінісін ән, би, ойын арқылы сипаттау. Жұмбақ, өлең арқылы байланыстыра сөйлеу дағдыларын дамыту.

Табиғатқа сүйіспеншілігін тәрбиелеу, қорғау, аялау сезімдерін қалыптастыру.

Залды безендіру: сахнаның ортасында жапырақтар тігілген түрлі түсті маталар, шарлар, залға ілінген күзгі жапырақтар.

Көрнекіліктер: Суреттер, топты безендіру, аппликация, жемістер, көкөністер муляжы.

Кейіпкерлер: Күз ханшайымы, күз мезгілінің айлары

Жүргізуші: Қуандырып біздерді

Мерекелді күз келді.

Кел жемісті алтын күз,

Кемелденсін ел енді.

Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де, мерекелі күз мерекесі құтты болсын! Ендеше «Арайлы, алтын күз!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз..

(Балалар музыкалық әуенмен қолдарына жапырақ алып кіреді)

Жүргізуші:

Қане кім күз айларын атап шығады?
-Қыркүйек, қазан, қараша (Бәрі хормен)
-Ендеше осы айларды ортаға шақырайық.
Қыркүйек айы:(___________) Менің атым –Қыркүйек. Күздің бірінші айымын. Байлықтың, барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?

Абдуррахман: Күн ғой бір ең тәуір,
Бірінші қыркүйек.
Қоңырау соғылды,
Күміс күй төгілді,
Білімге талпынған,
Балалар жиылды.

Қазан айы: (_____________) Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?
— Қарттар күні, ұстаздар күні бар.

Арина: Күздің қазан айында,

Алма, алмұрт піседі.

Жапырақтар сарғайып,

Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Қараша айы: (____________) Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын! Күннің суып, қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?

Нұрәлі: Қараша айы жасай бер,
Бар өмірдің белесі.
Адамзатқа бақ берген,
Он екі айдың төресі.
Жүргізуші: Жақсы балалар рахметімізді айтып күз айларын шығарып салайық.
Жүргізуші: Енді, балалар, мерекеміздің сәнін келтіретін Күз ханшайымын ортамызға шақырайық. (осы кезде әуенмен күз ханшайымы ортамызға шақырайық,қолында күзгі базарлығы бар)

Күз ханшайымы: Армысыздар балалар!
Күзгі бақтағы қонақтар!
Өздеріңе әкелдім,
Күздің сыйын көз тартар.
— Көп рахмет сізге, Алтын күз.(Бәрі хормен)
Жүргізуші:
Күз ханшайымы, мына сыйлықты балаларға берсек болады ма?

Күз ханшайымы: балалар оны еңбекпен алулары керек.
Жүргізуші: Күзгі жемістер мен көкөністер адамның еңбегімен келмей ме? Сондықтан Күз ханшайымы сіздерге жасыратын жұмбақтар алып келіпті, шешуін тапқандарға және өнерлерін көрсеткен балаларға сыйымды беремін дейді.

Күз ханшайымы:

Жұмбақтар:
1. Ағайынды бәрі, 2. Көк ала костюм киеді, 3. Қалың киімді ұнатады, Шықса жасыл, Күннің көзін сүйеді. Шешіндірсең жылатады.

Түссе сары. (Жапырақ) (Қарбыз ) (Пияз)

Жүргізуші: балалар енді Күз ханшайымына және келген қонақтарымызға өз өнерімізді көрсетейік.

Самира: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

НұрДуман: Алтын, сары, қызыл көк,

Алуан, алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп ,

Көз тартады атырап.

Жанагүл: Берекелі, мерекелі

Келді жомарт Алтын күз.

Қалада да, далада да,

Жаннның бәрі жарқын күз.

Алихан: Көбейді құт береке,

Астық толы қамбамыз.

Құтты болсын мереке,

Алтын күзді тойлаймыз.

Дарина: Жемісі мол беретін,

Күз дос екен бізбенен.

Бәрін тауып беретін,

Жомарт екен күз деген.

Жанерке: Ән салайық күліңдер,

Жайнап гүлдей жүріңдер.

Күздің тойын тойлайық,

Би билейік ойнайық.

Би: ___________________________________

Ойын: «Түрлі түсті жапырақтар»

Ойын шарты: Жерде жатқан түрлі түсті жапырақтардан өзіне тиесілі түстес жапырақтарды жинау.

Жүргізуші: Кезекті бүлдіршіндерімізге берейік….тақпақтар

Інжу Маржан: Күз мезгілі қамбаға

Қауын, қарбыз толады.

Біздің ауыл жайлауда

Күздеуге кеп қонады.

Дамир: Күздің айы тамаша,

Жеміс жидек піседі.

Астықтар оралып,

Қоймаларға түседі.

Арузат: Күзім, күзім, күзім

Пісті алма, жүзім

Тұрғанда бәрін күз беріп

Кел алайық, біз теріп.

Жандос: Күн шуаққа маужырап,

Жатыр еді атырап.

Ағаштардан жамырап,

Ұшты кенет жапырақ.

Жания: О, алақай тамаша

Шашу шашты жапырақ

Бақтың іші алаша

Алуан түрлі жапырақ.

Санжар: Берекесін сыйлауға,

Өлкемізге күз келді.

Жемістерін жинауға,

Шақырады біздерді.

Мирас: Нұрға бөлеп өмірді,

Жырға бөлеп көңілді,

Жарқыраған сәулелі

Күз әуені төгілді.

Би: ____________________________________

Ойын: «Көзбен көріп, қолмен ұстап атын айт» ойыны.

Ойын шарты: Көзбен көріп, қолмен ұстау арқылы қандай жеміс немесе көкөніс екенін табасыңдар.

Ән:

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар бүгінгі біздің «Арайлы, алтын күз!» атты ертегілігіміз өз соңына жетті. Көңіл қойып, тыңдағандарыңызға рахмет. Көріскенше сау болыңыздар.

Қыркүйек айы:(___________) Менің атым –Қыркүйек. Күздің бірінші айымын. Байлықтың, барлықтың айымын. Сендер мен туралы не білесіңдер?

Қазан айы: (_____________) Менің-атым-Қазан. Жиын-терімнің соңғы айымын! Еңбекқор елді той думанға кенелтемін. Балалар менде қандай мерекелік күндер бар?

Қараша айы: (____________) Күздің соңғы айы қараша деген мен боламын! Күннің суып, қыстың жақын екенін естеріңе саламын. Қыркүйек пен қазанға қарағанда менде қандай ерекшеліктер бар? Кім біледі?

Мирамбек Баян Мирамбекқызы
Қостанай облысы, Қостанай ауданы, Айсары ауылы
«Айсары орта мектебі» ММ

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ