Арманға деген бір қадам..

0
1764

Арман — бұл дүниедегі ең асыл нәрселердің бірі. Адамды алға жетелеп, қанат бітіріп,
болашағына бағдар беретін де сол арман. Балалық шақтан асқақ арманның жетегінде жүріп,
журналист болсам деген мақсатпен мен де 2016 жылы Тұран университетінің табалдырығын
аттаған едім. Заман талабына сай жабдықталуы, университеттің қолайлы жерде орналасуы,
барлық жағынан университет өзіне баурап алды. Бұл мекеменің табалдырығын аттаған сәттен
университет ұжымы құшақ жая қарсы алып, барлық нәрселермен таныстырды. Жаздың соңғы
айында ректор грантына сынақ тапсырып, бағыма орай 1 жылдық грант жеңіп алдым. Содан
бастап журналист мамандығы бойынша білім алудамын. Көзді ашып-жұмғанша уақыт зырғып
өтіп, осы жылы 3 курс студентімін.Менің арманымның қадамы осылай басталған еді .Кезкелген білімге құштар азамат өзінің өмір жоспарын яғни,арманға деген қадамын құрастыра
білетініне нық сенемін


ПІКІР ҚАЛДЫРУ