Наурыз – жыл басы.

0
1837

Көктемнің жайма шуақ кезінде, наурыз айында, барша түркі тілдес халықтарға
ортақ мейрам – наурыз мейрамы. Күн мен түн теңелетін бұл күнді – жаңа күн,
жаңа жыл деп, яғни, жаңа өмір бастаған. Бұл күні барша қазақ үйі қазан
төңкеріп наурыз көже жасайды. 7 түрлі дәндерден жасалған бұл көжені 1 жыл
бойы аңсап, құмары қанғанша тойып ішу керек. Сонда 1 жыл бойы тоқшылық
болады деген сенім бар.
Наурыз – жыл басы. Күн ұзарып, түн қысқарып, барша жан-жануарлар оянып,
ағаштар бүршік жарып, қара жер жасыл түсті кілемге боялып, құстар ән салып
табиғат ыстық махаббатына бөлейтін кез. Бұрыннан келе жатқан наурыз
мейрамы барлығы үшін қуаныш. Бұл күні ренжіскен адамдар бір-біріне деген
өкпелерін ұмытып, төс қағысып татуласады. «Ұлыс оң болсын, Ақ мол болсын!»
— деп ақсақалдар бата беріп, ақындар айтысады. Ал, жастар болса, алтыбақан
құрып, көкбар тартысып, қыз қуу, жамбы ату секілді ұлттық ойындарымызды
ойнайды. Осы уақытқа дейін қазағымның басынан не өтпеді?! Сұм соғыстың да,
ашаршылықтың да дәмін татты. Ойын ойнамақ түгіл, барар жер, басар тау таба
алмаған кездер де болған. Бірақ, осының бәрін жеңіп, аман-есен осы күнге
жеткеннен кейін, наурызды қалай тойламасқа?! 6 жасар баладан, 60 жасар
қарияға дейін қуанышпен қарсы алатын бұл мейрамның орны әрқашан бөлек.
Қазақ – қай ғасырда да қазақ. Наурыз мейрамы қазіргі таңда да керемет
тойланып жүр. Қаланың әр бұрышында киіз үйлер тігіліп, концерттік
бағдарламалар жүргізіліп, ұлттық ойындарымыз ойналып жатады. Әр үй, әр
шаңырақ наурыз көже жасап, көрші қолан, туған туыстар бір-бірлерінің үйіне
кіріп төс қағысып жатады. Осындай ынтымағы жарасқан, бейбіт елде өмір сүріп
жатқан мен өте бақыттымын!


ПІКІР ҚАЛДЫРУ