«Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш сценарийі

0
2559
ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

1 қазан – Қарттар күніне арналған «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты мерекелік кеш сценарийі

Сценарий мақсаты: оқушы бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.

1-жүргізуші: Қош келіпсіз ақ жаулықты аналар,

Ақыл кенін арқалаған аталар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар

2-жүргізуші:Армысыз ауылымның асылдары

Жайнасын көңілдердің жасыл бағы

Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би

Сіздер үшін мереке шашулары

«Саяла» би тобының орындауындағы қазақша би

1-жүргізуші: Қымбатты ақылдың кенін арқалаған айбынды аталар! Ақ жаулықты аналар! Барлықтарыңызды қазан айының алғашқы мерекесі – қарттар қарттар күнімен құттықтаймыз.

Таңатарова Орынайдың орындауында «Ізін көрем» әні

2-жүргізуші:Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,

Зейнет емес бейнеттен арылмаған.

Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,

Қариялар өзіңді ел сыйлаған.

Каманова Раушанның орындауындағы «Күй шашу» биін қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Олай болса, әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты, ойы терең, ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне, осындай теңеуге лайық қарияларды жылына бір рет келетін 1 қазан – Қарттар күнімен құттықтай отырып, «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешімізге хош келдіңіздер.

Кезекті Сарыбаева Гүлназдың «Ана» туралы әніне береміз.

2-жүргізуші: Ата ардақты тұлға «Әкеден ұл тусайшы, ата жолын қусайшы» деп халық ұрпаққа атаның мұрасын жалғастыруды уағыздайды. Ата ұрпағының қайырымды, мейірімді, ақылды іскер болуын тілеп, сол үшін қамқорлық іс — әрекеттерін жерге жеткенше дамыта береді, өнеге көрсетеді, өсиет айтады.

Сүлейменова Камиланың сіздерге арналған ойтолғауын қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші: Той деп бүгін халқым шашу шашады.

Той деп бүгін әлем сырын ашады.

Қарттар күні мейрамына арналған

Бишілер өнерлерін шашады

Қазақ биімен «Айназ» би тобын қарсы алыңыздар!

2-жүргізуші: Егеменді ел болып қалыптастық,

Өркениетке нақты анық бастық.

Туған жердің тұғыры биік бол деп,

Шын жүректен ән – жырды сыйға тарттық.

Алдаберген Дамирдың орындауында «Әке-Ана» әні

1-жүргізуші: Абырой амандығың арта берсін

Бақ дәулет қызығымен қатар берсін.

Ұрпағың жақсы көрген жиі келіп,

Таусылмас дәм-тұзыңды тата берсін.

Тыныштық елімізге бере берсін.

Молшылық жерімізге ене берсін.

Соғыстан ел жұртымыз аман болып

Қызығын бейбіт өмір көре берсін!

Ендігі кезекті Шайахмедин Қарақаттың «Ерке сылқым» күйіне береміз.

2-жүргізуші: Қарттарым сіздерге Алла саулық берсін

Денсаулық ауыз-бірлік бола берсін

Тап-таза абыройлы болғаныңды

Қазіргі ел билеген жастар көрсін! — деп тілек тілеп, бүгінгі кешімізді аяқтаймыз. Зейін қойып тыңдағандарыңызға көп – көп рахмет. Енді сіздерден осы оқушыларымызға бата берулеріңізді сұраймыз.

Маңғыстау облысы,

Жаңаөзен қаласы

№ 10 орта мектебінің тәлімгері

Нүкеш Ұлжан Аитыманқызы

Басқа материалдар

ПІКІР ҚАЛДЫРУ