«Ұстаздық тәлімі мол тәрбие ошағы»

0
1095
Ұстаздық - ұлы қызмет

  «Ұстаздық тәлімі мол тәрбие ошағы»

«Ұстазы-жақсының, ұстамы-жақсы»-деген қанатты сөз тегіннен-тегін айтылмаса керек. Шыр етіп дүние есігін ашқан сәттен бастап, ата анадан алған тәлім-тәрбиесінен кейінгі, балаға білім беріп, бойында тұнған барлық жақсы қасиеттерді бүлдіршіндерге үйрететін, әрине ол-ұстаз.

«Ұстаз» — деген ең ұлы сөз. Адамзаттың даму тарихында қашанда болмасын алар орны бөлек, тілге орамды, құлаққа жағымды, жүректері мейірімді жандар. Қайсымыздың болса да жүрек лүпілінен шыққан ұстазға деген құрметіміз, ізеттілігіміз, сыйластығымыздың жөні басқа. Ал, бұл сөзді естіген кез-келген жанның көз алдында парасатты, білімді, жылы жүзді, ұлылардың ұлағатты сөздері мен би-шешендердің шырыны тамған шешімдерін айтқан, ұлағатты ұстаз елестейтіні сөзсіз. Өйткені, ұстаз – ғылым, білімнің, мәдениетіліктің, ұстамдылықтың, адамгершіліктің, имандылықтың символы.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев атап өткендей, Қазақстанның алдында бәсекеге қабілетті елдер қатарынан көріну міндеті айтылған.  Бұл өз кезегінде ұстаздарға екі есе жауапкершілік жүктеледі. «Үйренсең-өмір, білім-өшпес мұра, таусылмас тау кенінің арнасындай»-деп ақын Омар Шораяқұлы жырға қосқандай ғұмырымыздың жалғасы, өмірдің қымбат қазыналары, еліміздің бүлдіршіндері ертеңгі күннің қоғамдық-саяси, экономикалық мәселелерін шеше білетін білімді де білікті, өнерлі де дарынды ұрпақ тәрбиелеу ұстаз алдындағы негізгі міндет болып табылады. Жас ұрпаққа білім беру ісінде ерінбей еңбек атқарып жүрген, бала жанының бағбандары бола білген озық бөбекжайлардың бірі Маңғыстау облысы, Ақтау қаласындағы №26 «Қарлығаш» бөбекжайы педагогтарын лайық деп айта аламын. Педагогтардың біліктілігі, мінездерінің жұмсақтылығы, бөбектермен тіл табыса білуі, шеберліктері, ұстаздарға тән келбеттері, жүріс-тұрысы, сөйлеу, сөз сақтау мәдениетімен дараланады. Болашақ ұрпаққа кең көлемді анықта, түсінікті етіп білім бере отырып, биік белестер мен алып шыңдарға шыққанын қалайтын ерекше тұлғалар. Заман талабына сай білімді ұрпақ дайындауды мақсат еткен, зерделі де парасатты, жоғары білімді педагог №26 «Қарлығаш» бөбекжайының директоры Шингалиева Гульнара Зияшовнаны айта аламын. Білім нұры тұнған, жүрегінде от лапылдаған, бүлдіршіндерге бар мейірімін төгіп, тәлім-тәрбие беру ісінде бойына жақсы қасиеттерді дарытып, адамгершілік, имандылық рухта бағыт-бағдар беріп, жас буындарға білгенін үйреткен, тың ізденіс үстінде жүретін ұлы есімге лайықты жан. Ғұмырларын ұстаздыққа арнап, «балалардың бақыты үшін өздерінің уақытын аямаған», қабілетті балалардың ерекшеліктерін бағалаған, еңбекқор әріптестеріме талаптары тасып, ұстаз жолындағы еңбектеріне толағай табыстар, шығармашылық  қабілеттер, отбасы шаттығы мен мұңалмас шабыт тілеймін!

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы

    №26 «Қарлығаш» бөбекжайы тәрбиешісі

    Отарбаева Ақмарал Абдуллақызы


ПІКІР ҚАЛДЫРУ