«Арулар асыл жандар» атты сайыстың әзірлемесі

0
3214

Мақсаты: Қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын  қалыптастыру, қазақ халқының қыз тәрбиелеу салт — дәстүріне байланысты әдептілік, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін бойларына сіңіру.

Сайыстың өтетін орны: Қостанай гуманитарлық колледжі

Сайысқа қатысушылар : 1,2,3-курс студенттері

Көрнекілігі:  «Қыз — елдің көркі» (ұлттық киімді қыздардың суреттері), «Өнер таусылмас азық» (қолөнер түрлерінің фотосуреттері), мақал — мәтелдер, қанатты сөздер.

Байқау шарттары:

1 кезең «Мен қазақтың қызымын» таныстыру

2 кезең «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету

3 кезең «Сұлулық сыры» шәштің сән үлгісі

4 кезең «Туыстық атауларды білеміз бе?» сұраққа жауап

Ән:  Жуманов Мырзабектің тамаша әні

1-жүргізуші:

Құрметті жиналған қауым!

Бүгін біздің колледжімізде дүбірлі той,

Ден қойып тыңдаңыздар, көңілді қой.

Жырдан шашу шашылсын, күй күмбірлеп,

Қош келдіңіздер халайық ,сергісін бой.

2-жүргізуші:

Көктемнің мерекесі құтты болсын,

Басыңа баршаңыздың бақыт қонсын.

Көмкеріп ән-жырымен осы кеште,

Жүздеріңіз қуанышты күнге толсын!

1-жүргізуші:

Ажары жарық нұрдан жаратылған,

Жарқылдап,  жақсылыққа ара тұрған.

Мандайдың жұлдызындай, құндызындай,

Қыздар-ай , қазағымның дара туған.

2-жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмай –ақ сахнада,

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі- дей келе «Қыз сыны» байқауын тамашалауға келіп отырған қонақтарды, осы байқауға қатысқалы келген ару да сұлу қыздарды және төрелік жасайтын қазылар алқасын көктем  мерекесімен  құттықтай отырып, сайысымызды ашық деп жариялаймыз !!!

1-жүргізуші:

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,
Жанары жаны жаздай жайраңдаған.
«Қыз өссе елдің көркі» деген сөзді,
Қапысыз қалай айтқан қайран бабам.
— Ақылды да ажарлы, білімді де білікті, дарынды да талантты, ажарлы да сыпайы, сұлу да сымбатты  аруларымызды құрметтеп, қошеметтеп сахнаға шақырамыз!

1.Гүлназ ару акша мандай,

Үлкен – кіші мақтағандай.

2.Томирис ару өз әлінше,

Жақсыларды жақтағандай.

3.Маржан ару білімді,
Меңгерген бар ілімді.

4.Нұрсұлу ару үлбіреп,
Қос жанары мөлдіреп.

5.Айым ару  елгезек
Алады тез тіліңді.

6.Сая ару шығады
Бұрымдары желбіреп.

7.Атыңнан айналайын Азиза  деген
Үміті зор осы колледждің  саған деген

8.Әлемгүл ару отырар,

Ағажан деп кәрі – жасты

  1. Арай ару қара шашты,

Өзіне жарасады қиғаш қасы.

1-жүргізуші:    — Міне құрметті барша қауым осы сайысымыздың сайыскерлерімен де таныс болдық, ендігі

Шалқытып мерекеде ән салайық,
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдік пен шындықты арқа тұтқан
Әділқазы алқаларын қарсы алайық.

2-жүргізуші:

Сайыста бақ сыналар,бап сыналар

Бас жүлдені өнерлі, ару алар

Кім өнерлі, кім тапқыр шешу қиын

Қазылар алқасы нық сынар -деп әділқазылар алқасын сайлап алайық

1-жүргізуші: Ендігі сәтте бүгінгі байқауымыздың шарттарымен таныстырып өтсек деймін. Байқау 4-кезеңнен тұрады
Байқау шарттары:

1кезең «Мен қазақтың қызымын» таныстыру.  Әр ару өзін — өзі таныстырады. (5 мин)  2кезең «Өнерлі өрге жүзер». өнер көрсету   Әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (Барлық өнер түрлері жатады, оның ішінде ән, би, мәнерлеп оқу немесе қолөнерлер).( 10мин)

3кезең «Сұлулық сыры». Шаштің сән үлгісі  көрсету (10мин)

4кезең «Туыстық атауларды білеміз бе?». Сұраққа жауап (3мин)

2-жүргізуші:

Аружандар келіп жетті танысуға,
Бойындағы бар дарынды дарытуға,
Қорықпастан сахнаға келіп отыр,
Әдеппен, ізетпен танысуға,

1-жүргізуші:

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бір басына өнері жетер деймін.

Бәсекедегі арулар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін

Арулар сөз кезегі өздеріңізде 1кезең «Мен қазақтың қызымын» таныстыру  әр ару өзін — өзі таныстырады. (5 мин)   ( 1,2,3,4,5,6,7,8,9-арулар)

2-жүргізуші:

Таныс  болдық арулар тегіменен

Туып өскен мекені , еліменен.

Маған тартқан бәрі да ақын екен,

Таныстырып кетті ғой төгіп өлең-дей келе 2 кезеңге де келіп жеттік аруларымыз дайын болғанша  Садыров Айдарбектің тамаша көңілді әнін қабыл алыңыздар.

1-жүргізуші:

Өнер — білім тапқырлықтың тарланы,
Еңбектегі әріптестер мақтаны.
Өнеріңді ортаға сал, сайысқа
Өнер көрсет, құрбылармен жарыс та-дей келе сайысымыздың 2кезеңі  «Өнерлі өрге жүзер» өнер көрсету   әр ару өз өнерлерін көрсетеді. (10мин)

2-жүргізуші:

Көрдік міне өнерлері қаншалықты,

Би билеп біреулері ән салыпты.

Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға ,

Арулар аянбай-ақ жан салыпты-дей отырып, барлық аруларымызды құрметтеп 3 кезең «Сұлулық сыры» шаштің сән үлгісі  көрсету үшін ортаға шақырамыз

1-жүргізуші:

Шешендік, көсемдік бар тілімізде,

Оттылық ,тектілік бар өзімізде.

Ұрпағымыз-жаңа өмір, жаңа ғасыр,

Жарасып тұр үлгіміз сәнімізде

2-жүргізуші:

Сымбатына сән киімі жарасатын,

Аспандағы айменен таласатын.

Өнеріне өзі сай келіп тұрған,

Аруларға қызығып қарасасың- 10минут уақыт беріледі қасындағы ер балалар аруларға шаш үлгісін жасауы керек шаш үлгісі үстіндегі киіміне сай болуы керек. Шаш үлгісін жасап болғаннан кейін арулар сахнада қалуларыңызды сұраймыз.

1-жүргізуші:

Қыз балаларымыздың шаш үлгісі дайын болғанша Жуманов Мырзабектің тамаша әнін қарсы алыңыздар.

2-жүргізуші:

Қазақтың түрлі-түрлі дәстүрі бар,

Оның сырын біле ме біздің қыздар.

Сол себептен қоятын сұрақтар бар,

Ал, арулар сайысқа қалайсындар?.

1-жүргізуші:

Ақылдылық қыздарға жарасады,
Көзі ашықпен бәрі де санасады.
Келесі сұрақ – жауап сайысында
Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте 4кезең «Туыстық атауларды білеміз бе?»  сұраққа жауап  берейік.

  1. Ұлттық бас киімді ата. (сәукеле, тақия, бөрік т. б.)
  2. Малдың сүтінен дайындалатын ұзақ уақыт сақталатын тағам (құрт)
  3. Үш арсызды ата. (ұйқы, күлкі, тамақ)
  4. Киізге ою — өрнек басып жасалған кілемше (түскиіз)
  5. Табиғи жүнді, түбітті неден алады? (қой, ешкі)
  6. Иық бұйымына жататын қазақтың ұлттық киімі (камзол)
  7. Адам баласы тәуліктің қай мезгілінде жақсы тамақтану керек? (түсте)
  8. Шашқа тағатын әшекей (шашбау)
  9. Үйдегі машина, бірақ онымен ешқайда бара алмайсың. (кір жуатын машина, тігін машинасы)

2-жүргізуші:

Кімдер жүйрік өнерпаз білейікші,

Аруы деп колледждің жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал аруларға тек сәттілік тілейікш дей келе Әділқазы алқасына сөз кезегін береміз. Әділқазы алқасы дайын болғанша Тамаша әнге құлақ салайық. Қарсыалайық!!!!!

1-жүргізуші:

Жүзден жүйрік күшімен,

Мыңнан тұлпар шықты шың.

Арулардың ішінен

Шыққан ару мықтысың !

2-жүргізуші:

Құттықтайық ал енді,

Ару болған аруды

Өрге жүзіп өнері,

Тауға өрлесін талабы

Қуаныштан жанары ,

Шоқтай жанып барады – деп Әділқазы алқасына сөз береміз.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 

  1. 8-Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік
  2. 8-наурыз құтты болсын , Анашым! атты мерекелік сценарий
  3. «Мереке күніңмен!» атты 8-наурызға арналған сценарий
  4. 8-Наурыз халықаралық аналар мерекесіне арналған ертеңгілік сценарийі
  5. «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған…» (сценарийлік жұмыс)
  6. Ана-гүл, Ана-жыр, Ана-өмір шуағы! (мерекелік кеш)


ПІКІР ҚАЛДЫРУ