«Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған…» (сценарийлік жұмыс)

0
2693

Мақсаты: Оқушыларға әлемнің жарығын сыйлаған аналар мерекесі туралы
түсінік беру. Мейірімділікке, сый — құрмет көрсетуге тәрбиелеу, ұлтқа тән
жақсы қасиеттерді қалыптастыру.

Көрнекілігі: Сынып бөлмесін мерекеге лайық безендіру, даналық сөздер
жазылған плакаттар.

  1. «Ана — өмірдің шуағы» (Сабақтын тыс іс-шара)
  2. 8-Наурыз аналар мерекесіне арналған ертеңгілік

Мұғалім сөзі:

— Қош келдіңіздер! Ана, Ана, Ана! Не деген мейірлі, не деген шапағатты сөз еді.
Осынау үш әріптен құралған қасиетті сөздің түбінде қанша ұлы сезім жатыр десеңізші! Сезім мен қасиетті, бар махаббат пен шапағатты сыйдырып тұрған ұлы ана сезімін қадірлейтін жан бар ма екен өмірде?! Жақсылық атаулының барлығы да ананың сүтімен жаралған. Олай болса, бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы да осы қасиетті Ана есімі болмақ!

«Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған…» атты тәрбие сағатымыз аналарға арналады. Сөз кезегін жүргізушілерге береміз.

1-жүргізуші: Көктем келер гүлін алып, жазда келер жырын алып, – деп ән мәтінінде
айтылатындай, нұрлы шуағы мол наурыз айы туып, ардақты аналар мен ару қыздарымыздың төл мейрамы 8 наурыз мерекесі келіп жетті.

2-жүргізуші: Сіздер ер – азаматтардың қолғанаты, тірегі мен жүрегі болып табыласыздар. Аналарымыздың, қыздарымыздың көңілдері көктемнің шуақты күніндей мейірім-шапағатқа бөлене берсін.

1- жүргізуші: Айналдым «ана» деген асыл аттан
Шуағын бар әлемге шашыратқан

2-жүргізуші: Ойнап жүрген құлынын даладағы
Үйде отырып даусынан ажыратқан.
Хормен барлығы: Жанымызды жайнатқан
Сіздерсіз ғой, аналар,
Зор денсаулық, мол бақыт
Тілейміз біз балалар!
Әлемнің жарығын сыйлаған аналардың мерекелері құтты болсын!

1-жүргізуші: Ән: «Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған…»
Мұғалімнің сөзі: Шуақты көктем келді гүлін алып,
Көктемнің мерекесі бүгін анық.
Өмірдің көктемі де, гүлі – аналар,
Ана деп бас иеді күллі халық, – деп бүгінгі тәрбие сағатымыз ерекше өткелі тұр, «8
наурыздағы қызықты сәт» атты ойын түрінде өтеді.

Ойын 4 кезеңнен тұрады. 2 топқа бөлінеді. І топ –«Аналар», ІІ топ – «Оқушылар».

І кезең: Таныстыру: (тақтада топтың ұраны ілулі, таныстырып өтеді)

2-жүргізуші: «Бала тілі – бал дегендей» балалардың шың көңілінен шыққан, аналарына деген жүрекжарды тілектері бар. Менің тілегімді жазыңызшы деп ұсыныс
білдірген балалардың жылы лебіздерін қабыл алыңыздар!

«Ана – өмірдің жүрегі». Оқушылар аналарына арнап өлең жолдарын оқиды.
Мұғалім сөзі:

ІІ кезең: «Ән – көңілдің ажары» атты өлең шумақтарды әртүрлі сазбен
келтіріп орындау керек.

1- жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз,
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.
Қуанышты жүзіңізбен әрдайым,
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз!

2-жүргізуші: Жарқыраған қызыл гүлдей,
Болсын әсем өміріңіз,
Сәуле шашқан әсем күндей,
Көтерілсін көңіліңіз! Сіздерге отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, осы мерейлі
мереке тек қана игі жақсылықтар әкелсін! Оқушылардың дайындаған «Жайдарманнан» үзінді көріңіздер.

Мұғалім сөзі: Ана – өмір қолдаушысы әлемнің
Шаңырақтың шаттығы мен шуағы
Сейілмесін жанарынан ананың
Тіршілікке төккен нұрлы шуағы
Аялайық аналарды әрдайым
Қуанышқа бөлейікші өздерін
Әжелердің, аналардың, қыздардың
Мұң шалмасын күлім қаққан көздерін.

Ана – барлық өмірдің бастауы. Ол адамды өмірге әкеледі, оны тәрбиелейді, өсіреді. Адам бойындағы барлық асыл  қасиет күннің нұрынан, ананың ақ сүтінен дариды. Ана – ұлы адам, Ана– құдіретті жан, ендеше бүгінгі мерекелеріңіз құтты болсын!

ІІІ кезең: «Көктемнің бейнесі» атты сурет-жұмбақ.

1-жүргізуші: Адамзат қуат алар ақ сүтіңнен
Мәпелеп әлдилеген пейілі кең
Аналық махаббатың кәусәр-бұлақ
Сөнбейтін ақ жүрегің мәңгі шырақ

2-жүргізуші: Мың бұралған арулар аңдап басып,
Келді міне ортаға толқып, тасып,
Аруларын сыйлаған халқым менің,
Қыздарды қошеметпен қарсы алайық! «Әгугай» биі.

ІV кезең: «Қызғалдақтай құлпырып, би билейік ортада» атты әртүрлі би өнерін тамашалайық.

1-жүргізуші: Менің анам алтын
2-жүргізуші: Менің де анам алтын

1- жүргізуші: Аналарды құрметтеп
2- жүргізуші: Қол соғыңдар жалпың

1- жүргізуші: Дүниенің жарық күні – анамыз,
Дана болсақ анаменен данамыз,
Тыңдаңыздар көңіл қойып, ағайын,
Анаға арнап тағы бір ән саламыз !

Ән: «Анашым». Балалар өздері дайындаған аналарына деген сыйлықтарын тапсырады.
Ұлдар қыздарға арнаған шағын сыйлықтарын тарту етеді.

2- жүргізуші: «Қыз өссе – елдің көркі, гүл өссе – жердің көркі» демекші, 8 наурыз мерекесі –қыздарымыздың да мерекесі.

Қыз емес, қыздың аты қызыл алтын,
Көрінер толған айдай жүзі жарқын.
Үлкеннің алдын орап, сөз сөйлемес,
Халқының сақтай білген, ізгі салтын.

Мұғалім сөзі: Балалар, аналарды құрметтейік,

Хормен: Ана – мақтан, ана – жыр,
Ана – бақыт, жанашыр.
Өмірде анаңнан артық адам жоқ, өйткені ол сені мәпелеп өсіреді, барын аузыңа тосады,дүниенің жақсысын саған сыйлайды, бар өмірін балаға арнайды.Түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін береді, сондықтан бала өз анасын ренжітпеуі тиіс. Анасы бар адам бақытты. Ана кешірімді жан. Сенің барлық қылығыңды кешіреді.

Құрметті аналар! Сіздерді тағы да көктемнің мерекесімен құттықтаймыз!

«Әлемнің жарығын, сыйладың сен маған…» атты тәрбие сағатын аяқтау, қорытындылау.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ