«Ана — өмірдің шуағы» (Сабақтын тыс іс-шара)

0
1562
Иллюстрация: Freepik.com

Мақсаты: Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ардагер,ұстаз-аналар мен аруларды мерекемен құттықтау, оқушыларды мейірімділік, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға ата-анаға деген құрмет сыйын арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

Көрнекілігі: аналар жайлы нақыл сөздер, мақал-мәтелдер.

Барысы. Кіріспе:

Жүргізуші: Кеш жарық, қымбатты ұстаз-аналар, арулар!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8 наурыз -Халықаралық әйелдер күні келді. Осынау көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек. Олай болатыны, аналарға деген ыстық сезім,алғыс пен құрмет ешқашан сөнбек емес.Олар-өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.

Мынау тынымсыз тіршілік пен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы. Бүгінгі мерекелік кешіміз де аналарға арналады.

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар.
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Құрметті аналар,біздің мектептің ұстаздары,қыздары!

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі құтты болсын! Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық, өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын. Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер.

Әйел-Ана, Әйел-өмір, Әйел-тіршілік өзегі. Өмір бесігінде іңгә тербетіп, адамзат баласына ұрпақ сыйлар ұлы құдірет иесінің  есімі әрқашанда қастерлі, сөзі-өсиет, тұғыры биік.

Алтын құрсағынан адамзаттың алабы жаратылған асыл ананың жүрегі үлкен, жүзі мейірімді, қолы қайырымды. Көңіл шуағына мейірім төгілген  аяулы жанның ӛмірден алар несібе жемісі-алтын босағасы мен сүйкімді перзенті болар. «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң да қарызыңнан құтыла алмайсың» деген ұлы ғұламалардың сөзі бар. Шынымен солай. Адамзат жүріп өткен небір ауыр жол, алмағайып заманнан ұрпағын аман-есен бүгінгі күнге жеткізген әйел-ана құдіретін жырмен өрнектеп, әнмен әлпештеп, сөзбен айтып тауысу мүмкін емес. Ана — болашақтың демеушісі, ұлттың жебеушісі.

Сіздерден өскен балалар
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар. (барлығы)

Көңілің Алатаудың ақ қарындай,
Мейірімің күннің шуақ шақтарындай.
Қалайша аяулы ана тына алармын,
Жыр болып сағыныштан ақтарылмай,-деп абзал аналарымыз қыздарымыздың құрметіне 1а-сынып оқушыларының тақпақтарын қабыл алыңыздар !

Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші. «Анасы бар адамдар ешқашан қартаймайды» дегендей, бақытты бүлдіршіндеріңіздің
әсем әнін қабыл алыңыздар.

Ән: «Ақ мамам », орындайтын сынып оқушылары

Тіршілікке нәр берген ана сүті қандай құдіретті. Әлемдегі жақсылық көзі, адамдық қасиет, ақ тілек мейірбандықтың бәрі ана деген сөзбен астасып жатыр.

Аяулысың, ауылымның асылдары,
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
Сендер үшін ән менен күй, өлең мен би,
Сендер үшін мереке шашулары, — дегендей, алдарыңызда сынып оқушыларының өз аналарына жүректен шыққан тілектері. Қабыл алыңыздар

Өскесін анама сыйлайтын сыйлық
Десек те уақытпен жарыспайды,
Қиялға қиялменен қарыштайды.
Шәкірттер шын жүректен
Жырларын аналарға бағыштайды.
Олай болса шәкірттеріңіздің аналар жайлы өлең шумақтарын тыңдайық. (1а-сынып оқушыларының жыр шашуы)

Ойын: «Өз балаңды тап! (Өз баласын мұрнынан табады.) Балалардың көзін байлап, аналарды қолынан табады.

«Сен білесің бе?» ойыны.

Нағашы деген кім?
Нағашы атаңның аты кім?
Анаң бос уақытында не істейді?
Анашың қандай түсті ұнатады?
Мамаң қандай тағамды ұнатады?
Анаң саған не берді?
Өскесін анаңды бағасың ба?

Жиренше шешеннің сұрақтары?

1. Дүниеде не тәтті?
2. Ал жұмсақта не жұмсақ?(Ананың алақаны) Ана туралы видео

Ана біздің-күніміз
Ананың біз-гүліміз
Арамызда әрдайым
Ұзақ өмір сүріңіз

Осы айтылғандардың бәрі шындық, бәрі шын, аналар ажалдан күштірек жапанға бір тоқтамсыз данышпандарды, ақындарды, ерлерді тауып беретін аналар. Барлық жақсылықты себетін де аналар. Ендеше сол аналар алдында бас иелік.

Ана –барлық қиындықты жеңетін сарқылмайтын күш, тіршіліктің қайнар бұлағы.Қазақ әйелінің дастарханы тоқ, қонағы ырза, дүниесі түгел. Олар үшін бірінші орында отбасының берекесі тұрады. Бөбегін бесікке бөлеп, әлдилеп аялаған ана бақыт құшағында емес пе?!

Барша ана,құтты болсын мерекеңіз
Әрқашанда ана сізбен берекеміз.
Ақтасақ ақ сүтіңді,асыл анам.
Сонда біз кісілікке теңесеміз.
Құрметті қонақтар, біздің «Сыйынар ем, Ана деген тәңірге» атты мерекелік
кешімізді көңіл қойып тамашалағандарыңызға көп-көп рахмет.

Дереккөз: «Ұстаз» ғылыми әдістемелік журналы

Басқа материалдар:

  1. «Жас математик» интеллектуалдық сайысы
  2. Математикадан «Ғажайыптар әлемі» сайысы
  3. «Физика» декадасына арналған «ХХI-ші ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалдық сайысы
  4. «Білімді информатик» сайысы
  5. Жасанды интеллект деген не?
  6. Информатика пәніне қатысты глоссарий
  7. Бұлттық технологиялар туралы толық мәлімет
  8. «Заман шындығы» бөлімі бойынша қазақ әдебиетінен тест тапсырмасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ