Қарым — қатынас психологиясына пайым…

0
12443

Өмірде қоғам мен адам өмірінің біте қайнасатын тұстарының аз еместігі баршамызға мәлім. Көршімен де, дос – жараңмен де, бауыр – таныспен де араласу ол – қоғаммен байланыстың бір бөлігі болып табылады. Сол қарым – қатынасты адамдар қазіргі таңда дұрыс қабылдай алмауының салдарынан, қоғамда жұртшылық белсенділігі бәсеңдеп, өмірге деген қызығушылық жәй күйбелеңге айналып кеткен. Оған дәлел ретінде соңғы жарты жылдықтан бері жалғасып келе жатырған падемия уақытын айта аламыз.

Пандемия кезеңінде жұртты әбіргерге салған қоғаммен салғырт қарым – қатынас болатын. Ауырған халыққа қажетті жағдай жасай алмаған билік, наразы дәрігерлер мен жеке кәсіпкерлердің шағымы қоршаған ортадағы қарым – қатынас резананссын туғызған еді. Күнделікті лакдаун тәртібі мен бекітілген сақтану шараларын сақтамаған тұрғылықты азаматтар мен азаматшалардың күннен күнге вирус жұқтыру деңгейі күрт өсіп кеткен болатын. Сол сәтте халықтың қарым – қатынас процесінде қоршаған ортаны қабылдай алу деңгейінің төмендігі айрықша байқалған болатын. Ал, егер дұрыс қарым – қатынас жасай алған кезде күрделі қауырт дәрежесі жеңілдермеді?

Қарапайым филосиофия – «Енесі мен келіні арасында болатын сыйластық. Егер келіні енесінің көңілін таппаса, оның қалау шарттарын орындамаса, сыйламайтын болса, әлбетте көресіні енеден көресің» сол секілді, қоршаған орта ол әр адамның тума енесі. Біздің парызымыз сыйластық пен түсіністік танытуда, сол кезде ғана өзімізге дәл сол қарым – қатынастың екі есе жылулығы мен қаттылығын ала аламыз. Егер короновирус кезеңінде адамдар өзге үшін емес, алдымен өзі үшін, өзіне деген құрмет үшін сақтық шараларын сақтаған болса, онда бүгінгі таңда ауырғандар мен қайтқандар саны көп санды тіркемес еді. Ал, ұйқысы қанбаған дәрігерлер мен биліктің бас қатыруы, шағын – орта бизнестің кризеске ұшырауы да аз болушы еді.

Қоғамды өзгерту үшін адам алдымен өзін өзгертуі қажет. Қоршаған ортаның саған берер қарым – қатынасының идеалды болуы тікелей өзіңді сыйлаудан басталады. Әрбір өзін сыйлайтын азамат қоршаған ортаны ластап, қоғамға жаман қарым – қатынас жасамайды, ал егер солай істер болса, онда алар жауабы да сол болмақ.

Не ексең – соны орасың. Өмірімізді гүлдендіруді қоршаған ортамен жақсы қарым – қатынаста болумен бастайық!

ПІКІР ҚАЛДЫРУ