Қаржылық бақылаудың ұғымы

0
722
Ұлттық қолөнер - эстетикалық тәрбиенің негізі

Мемлекет пен муниципалдық құрылымдардың қаржылық қызметінің ажырағысыз құрамды бөлігі қаржылық бақылау болып табылады.

Қаржылық бақылау-қаржы жүйесінің барлық буындарының ресурстарын жасау,бөлу және оларды пайдаланудың негізділігін тексеруге бағытталған.Ол қаржыны басқарудың функциялық элеметтнрімен тығыз байланысты және бір мезгілде жүзеге асырылады.

Қаржылық бақылаудың болуы эканомикалық категория ретіндегі қаржыға бақылау функциясының тән болуымен объективті түрде шарттасылған.Бұл функция арқылы қаржы бөлудің қалыптасып отырған үйлесімі,қорлардың ара салмағы,оларды қалыптастырудың көшдері,пайдалануы туралы ескертіп отырады.

Қаржының бақылау функциясы материалдық игіліктерді өндіру,пайдалану,айырбастау,бөлу және тұтыну үдерісіне қоғам,ең алдымен мемлекет тарапынвн ықпал жасауға мүмкіндік береді.Бірақ бұл мүмкіндік тек қоғамдық қатынастарда ғана адамдардың қатысуымен мынадай белгілі бір шаттардың кезінде оларды білікті мамандармен толықтырғанда;бұл органдардың құқықтарын регламенттегенде шындыққа айналады.

Сөйтіп,бақылау функциясы қаржыны бақылаудың құралы ретінде пайдалану үшін объективті жағдай жасайды,ал оны саналы түрде қолдану қоғамдық өндірісте қаржының іс-әрекет ету барысында жүзеге асырылады.Егер қаржы эканомикалық базистік қатынастарды,яғни өндірістік қатынастардың бір бөлігін білдірсе,қаржыны басқару элеметтерінің бірі ретінде қаржылық бақылау қондырмалық категория болып таьылады.практикада қаржының бақылау функциясы қаржылық бақылау ныанында жүзеге асырылады,бірақ бұл бірдей деуге болмайды.

Бақылау функциясы-қаржының ішкі қасиеті,ал қаржылық бақылау қаржыға тән объективті мазмұн ретіндегі бақылау функциясын практикалық қолдану болыптабылады. Қаржылық бақылаудың арналымы мемлекеттің қаржы саясаттың ойдағыдай іске асыруға жәрдемдестігінде,қаржы ресурстарын қалыптастыру және тиімді пайдалану үдерісін қамтамасыз ететіндігінде.

Экономикалық категорияларды пайдаланумен байланысты бақылаудың ерекше саласы ретінде қаржылық бақылаудың ерекше саласы ретінде қаржылық бақылаудың белгілі бір қолдану сферасы мен тиісті нысаналы бағыттылығы болады. Ғылыми негізделген қаржы саясатын,тиімді қаржы механизмін қалыптастыруға жәрдемдесу қаржылық бақылаудың мақсаты болып табылады.

Қаржылық бақылаудың көмегімен қаржы көмегімен қаржы жоспарларының орындалуы,қаржы-шаруашылық қызметінің ұйымдастырылуы тексеріледі.Басқа жағынан,қаржылық бақылаудың нәтижелігі қаржылық жоспарлауда,оперативті басқаруда пайдаланылады.

Қаржылық бақылаудың объектісі қаржы ресурстарын,соның ішінде ұлттық шаруашылықтың барлық деңгейлері мен буындарында ақша қорлары нысанында қалыптастыру және пайдалану кезіндегі ақша бөлгіштік үдерістер болып табылады.

Алайда қаржылық бақылаудың объектісі тек ақша қаражаттарын ғана тексерумен шектелмейді. Түпкілікті қорытындыда қазіргі жағдайларда өндіру мен бөлу үдерісі ақша қатынастарымен ортақтастырылатындықтан ол елдің материал,еңбек ,табиғи және басқа ресурстарын пайдалануды бақылауды білдіреді.

Қаржылық бақылаудың өзіндік өзгешелігі-оның ақша нысанында жүзеге асырылатындығында.

Қаржылық бақылаудың іс-әрекеттің сферасы бақылаудың басқа түрлерімен; әкімшілік,құқықтық,әлеуметтік,техникалық,саяси бақылаумен жиі тура келуі мүмкін.

Тәуелсіздік қағидатымемлекеттік,қаржылық бақылау органдарының, мәслихаттардың тексеру комиссияларының,бақылау функцияларын жұзеге асыру кезінде олардың жүргізіп жатқан бақылау іс-шарасының тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін кез-келген араласушылыққа жол бермеу.

Бақылаудың объективтілік қағидаты-бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына,мемлекеттік қаржылық бақылау стандарттарына қатаң сәйкестікпен жүргізу,мүдделер қақтығысына жол бермеу,бақылау нәтижелері бойынша анықталған және құжаттармен расталған фкатілер негізінде ғана шешімдер қабылдау.

Бақылау нәтижелерінің анытық қағидаты-бақылау нәтижелерін бухгалтерлік,банктік құжаттармен мемлекеттік қаржылық бақылау объектісінің өзге құжаттарымен растау.

Бақылаудың ашықтық қағидаты-бақылау нәтижелерін баяндаудың айқындығы,мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының,мәслихаттардың тексеру комиссияларының Қазақстан Республикасының Парламентіне, Президентіне,Үкіметіне,мәслихаттарғаесепберетіндігі.

Құзырлылық қағидатымемлекеттік қаржылық бақылау органдары,ішкі бақылау службалары жұмыскерлерінің,мәслихаттардың тексеру комиссиялары мүшелерінің бақылауды сапалы жүзеге асыруы үшін қажетті кәсіби білімдермен дағдылардың жиынтығы.

Жариялық қағидаты-құпиялық режимін,қызметтік,коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге құпияны қамтамасыз етуді ескере отырып,бақылау нәтижелерін жариялау.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ