Қаржыны басқару ұғымы

0
1748
Иллюстрация: Freepik.com

Басқару адам қызметінің барлық аясын,соның ішінде қаржы қызметіне де тән нәрсе.Ол белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысыналы ыкпал етуінің тәсілдері мен әдістерінің жиынтығы.

Адамдардың саналы,мақсатты қызметі ретіндегі басқару экономикалық заңдылықтарыны мен талаптарына негізделген.Осы заңдардың талаптарын танып білуге сүйене отырып жана оларды пайдаланудың нысандары мен әдістерін жасай отырып,мемлекеттік,шаруашылық және қоғамдық органдар арқылы қоғам ғаржыны,бағаны,кредитті және тағы басқаларын қоса,өндірістік қатынастардың нысандарын саналы түрде басқарады.

Қаржыны басқару- бұл қаржыга және шектес эканомикалық әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржы саясатын жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет шараларының жиынтығы.

Сөйтіп,қаржыны басқару- бұл тиісті қаржы саясатына жетудің мақсыты;қаржы механизмі-бұл мақсатқа жетудің құралы;қаржы саясаты-қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.Қаржы жүйесінде оны басқаруды арнаулы аппарат ерекше тәсілдер мен әдістердің,соның ішінде әр түрлі ынталандырмалардың және санкциялардың көмегімен жүзеге асырады.

Қаржылық ақпараттың ғылыми негізделген жоспарлау мақсаты үшін де,сондай-ақ бүкіл қаржы үдерісін оперативті басқару үшін де маңызы зор.Жоспарлау үдерісінде басқару шешімдері қаржы ақпаратына талдау жасау негізінде қабылданады,ол осыған байланысты жеткілікті толық әрі ақиқат болуы тиіс.Ақпаратты алудың ақиқаттығы мен уақтылығы негізделген шешімдер қабылдауды қамтамасыз еетеді.Қаржылық ақпарат бухгалтерлік,статистикалық және оперативтік есеп беруге негізделеді.

Жоспарлау(болжау)- қаржыны басқару жүйесінде маңызды орын алады.Бұл жоспарлы тапсырмаларды орындауға қажетті ақшаның мөлшерін және оның көздерін анықтау;орталықтандырылған және орталықтандырылмаған ақша қорлары арасында қаражаттарды бөлудің оңтайлы үйлесімін белгілеу;ресурстарды пайдаланудың нақты бағыттарын анықтау.

Ұйымдастыру-басқаарудың барлық буындарының жөнге салынғандығын,айқындығын,қаржы ақпаратының жоғары нәтижелігін,басқару жұмыскерлерінің жауапкершілігі мен тәртіптілігін білдіреді.

Қаржылық реттеу-бұл жоспарлы тапсырмалпрдың орындалуы үшңн қаржы икемді,шебер жұмсау,белгіленген нәтижеден теріс ауытқулардың барлық түрін алдын алуға және жоюға бағытталған;мұның әзі резервтік қорлары,жоспардан тыс қаржы ресурстары,пайдаланылмаған қаржылар есебінен қызметтердің барлық түрлерінде арақатынас пен үйлесімділікті қамтамасызс етуді білдіреді.

Бақылау-басқарудың элементі ретінде жоспарлау үдерісінде де,сонымен бірге оперативтік басқару стадиясында да жүзеге асырылады.Ол қоғамда барлық қаржы үдерісін жүргізудің дұрыстығы мен заңдылығын тексеру және қамтамасыз ету жөніндегі қаржы құқығының нормаларын басшылыққа алып отыратын қаржы аппаратының қызметін қамтиды.Бақылау қаржы ресурстарын пайдаланудың нақты нәтижелерін жоспарлы көрсеткіштермен салыстыруға,қаржы ресурстарын өсірудің резервтерін айқындауға,шаруашылықты неғұрлым тиімді жүргізудің жолдарын белгілеуге мумкіндік береді.

Қаржыны басқаруда басқа кез келген басқарылу жүйесіндегідей басқарудың объектілері мен субъектілері бар.Объектілер ретінде қаржылық қатынастардың сан алуан түрлері бола алады,басқаруды жүзеге асыратын ұйымдық құрылымдар субъектілер болып табылады.Қаржылық қатынастардың сыныптамасына сәйкес олардыі сфералары бойынша объектілердің екі тобын бөледі:шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысы,мемлекеттің қаржысы.Оларға басқарудың мына субъектілері сәйкес келеді қаржы қызметтері,қаржы және салық органдары.

Қаржыны басқаруды жүзеге асыратын барлық ұйымдық құрылымдар жиынтығы қаржы аппараты деп аталады.

Өткен кездің оңтайлы тәжіриесіне келеңсіз қарау қаржының дамуына,оны басқаруға қайшы келеді:бюджетке төленетін төлемдердің салық нысандары пайдаланылды;бюджеттен төленетін субвенциялардан бас тарту болды және т.б.осы және басқада себептерге байланысты қаржының рөлі төмендеді.

Экономиканы басқаруды қайта құру жаңа қаржы саясатын жасап ,жүзеге асыруды,қаржыны басұарудың қағидалы жаңа әдістеріне көшуді талап ететін барлық әдістер экономикаға қаржының реттеуші ықпалын күшейтуді қамтамасыз етуі,қоғамдық өндірістің тиімділігін өсіруге,әлеуметтік саланы дамытуға мүмкіндік туғызуы тиіс.

Дереккөз: internet-konkursy.com

Ұқсас материал: 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ