Қашықтан оқыту – заман талабы

0
1398
Менеджмент қағидасында мектепішілік басқару дағдыларын жетілдіру, педагогикалық квалиметрия әдістері

Қашықтан оқыту – заман талабы

Елдегі төтенше жағдайға байланысты қашықтан оқып жатқанымыз бәрімізге белгілі. Қашықтан оқу ең әуелі, оқушы мен ата-ана үшін қиын болғаны анық. Дамыған елдің қатарына қосылатын мемлекет болған соң, төтенше жағдай оқушы мен ата-анаға интернетті дұрыс қолдануды меңгертіп, заман талабына сай болуды үйретіп жатыр.

«Оқимын», — деген балаға ешнәрсе кедергі болмайды. Қазір оқушылар қашықтан оқу ақпараттық және ғылыми негізделген тәсіл арқылы білім алу формасы екенін ұғынды. Бұл оқу жүйесінде екі компонент бар: оқытуды басқару және өз бетімен білім алу. Қазір мектептер арнайы сабақ кестесімен жұмыс істейді. Бірақ, оқушы мен ата-анаға ауыртпашылық түсіп жатқан жоқ. Қашықтан оқыту – педагог пен оқушыға шығармашылық еркіндік беріп, балалар үшін ойын форматы іспеттес болып тұр. Бұл әдістің тиімді тұсын атап айтар болсақ, кей бала сыныптастарының алдында сабақ айтуға ұялып, кері тартыншақтайтын еді. Ал, қазір үйде отырып, бала ашылып, сабақты еркін айтады. Нашар оқитын баланың өзі талпынып, жақсы баға алуға тырысып жүр.

Севастьянова М. В , №50 мектептің 3 сынып окушысы:

C:\Users\пк\Desktop\b72a2db9-62fa-4935-82db-07395496f3b1.jpgТелеарнадағы апайлар сабақты өте жақсы түсіндіреді. Кейде түсінбей қалған кезде өзіміздің сабақ беретін апайларымыз whatsapp желісі арқылы түсіндіріп береді. Бастапқыда қатты қиналғанымыз рас. Қазір үйреніп те қалдық. Апайымыз тапсырма береді. Біз оны мәтін немесе файл түрінде ұстазымызға жібереміз.

Оқушылар 40 минут өтетін сабаққа үйреніп қалған соң, телеарнадағы 10 минуттық сабақ аздық етеді. Бұл он минутта мұғалім тек жаңа сабақты түсіндіреді. Осыдан кейін біз өз сыныбымыздағы балалармен жеке жұмыс істеп, жаңа бағдарламаны түсініп алуына көмектесеміз. Мұндай кезде ата-ана өз баласына қолдау көрсетіп, барынша шыдамдылық танытқаны абзал. Форс-мажорлық жағдайда білім беру саласында болып жатқан процестер бізге тек пайдасын тигізеді деп сенемін.

Қашықтан оқыту — өткен сабақты қайта қарауға, кері байланыс жасап, тапсырмаларды қайталауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, бұл формат тестілеу жұмыстарын өткізуге және алған білімдерін бағалауға жағдай жасайды. Бұрын мұндай компаниялардың білім беру контенті ақылы болған еді. Қазір барлық керек ақпаратты және платформаны оқушы да, мұғалім де тегін пайдалана алады.
«Жаңа режимде жұмыс істеу педагогтер үшін де, балалар үшін де оңай шаруа емес, біраз күш-қуатты талап ететінін баса айтқым келеді. Бұл – отандық білім беру жүйесі үшін үлкен сын екені рас» , — деп  Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов түсініктеме жасаған еді. Төтенше жағдай кезінде мұғалімдерді, ата-аналарды немесе оқушыларды күштеп, платформаларға қосылыңдар деп мәжбүрлеп жатқан ешкім. Ата-ана өз баласының білімді, сауатты болуы үшін заманға сай ақпаратты үйреніп, жақсы көзқарас қалыптастырып келеді. Бұл уақыт оқытушы мен оқушы үшін тиімді уақыт екенін ұмытпаған абзал.

Назым Елубай
Алматы қаласы, Түріксіб ауданы,
№50 мектептің қазақ тілі пәнінің мұғалімі


ПІКІР ҚАЛДЫРУ