Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: «Қысқы орманға саяхат»

0
6692

 

Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы

№ 11  «Ертөстік» ясли-бақшасының

II санатты тәрбиешісі

Джамбаева Жұлдыз Бейсембековна

 

Тақырыбы: Қысқы орманға саяхат

Мақсаты:Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай білуге үйрету.

Білімділік: Қысқы табиғат құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық: Балалардың жыл мезгілдеріне байланысты білімдерін кеңейту және ары қарай дамыту.

Тәрбиелік:  Бір-біріне деген құрмет, достақ қарым-қатынасқа тәрбиелеу.

Көрнекі құралдар: шана, жемсалғыш, қоян, орманшы, қыс мезгіліне байланысты көрініс, сәбіз, .

Жаңа сөздер:  Қыс-зима, қар-снег, аяз-мороз

Тәсілдері, кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Ынталандырушы, оятушы Тәрбиеші балаларды  шаттық шеңберінне , бір-біріне жылы лебіздерін білдіруді ұсынады.

Амансын ба, алтын күн!

Амансын ба, көк аспан!

Амансын ба, жер ана!

Амансын ба, достарым!

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу.

-Қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінде ауа-райы қандай болады?

Қыс мезгілінде адамдар қалай киінеді?

Қыста балалар қандай ойындар ойнайды?

Қардан аққала жасап, қар лақтырып, шана, шаңғы теуіп ойнайды.

Әуен ойнап топқа орманшы ата келеді

Орманшы ата: -Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерге орманнан келдім. Қыста орман сондай тамаша болады. Менімен орманға барғыларың келе ме? Онда менің шанама отырып барайық.

(Бораннын дауысы жазылған әуен естіліп тұрады.)

Тәрбиеші: -Балалар боран соғып тұр. Беттерін тоңдырып алмандыр, қолдарымен бораннан қорғанайық. Міне орманға да жеттік. Орманның ауасы неткен таза. (Тыныс алу жаттығуы. Қане біріміз терең дем алайық)

Тәрбиеші: Ағаштарға қарай жүрейік

Қармен жүрген дауыстар естіледі. — Қырт-қырт

Балалар, ненің дыбысы естіледі?

 

— Ал қардың неліктен сықырлайтындығын білесіңдер ме?

— Бүгін күн суық, аяз болғандықтан сықырлайды екен.

— Ал күн сәл жылынса, қар сықырламайды.

— Балалар , айнала көз салыңдаршы, не байқап тұрсыңдар?  Балалар, ағаштарға қараңдаршы, қандай өзгеріс байқап тұрсыңдар?

Дұрас айтасыңдар, ағаштар  қар жамылған. Ағаштардың бұтақтары майысып тұр. Олардың бұтақтарына қар жабысып қалған.

Мына ағаш қандай?

Ал мына ағаш қандай? Екеуін салыстырайық.

Бұл ағаштар да қар жамылған. Ал қысқы күнгі суықты аяз деп айтамыз. Қане, бәріміз қайталайық

Қыс-зима, аяз-мороз, қар-снег

Қар туралы бір ертегі көргілерің келе ме?

Мына жерге жайғасып отырып көрейік.

Ертегі мазмұнымен жұмыс

Ал енді тәжірибе жасап көрейік. Қардың түсі қандай? Қолдарына қарды ұстап көріңдерші.  Ол суық па әлде жылы ма? Нені байқадыңдар? Қолдың жылыумен қар ери бастайды. Қар су болады. Демек, қар ол қатып қалған су.

Жақсы қолдарын сүлгіге сүртіңдер. Саяхатымызды жалғастырайық.

Орманда суық екен тоңдандар ма? Қанеки жылынып алайық. Сергіту жасап алайық.

Ал мынау ненің ізі?. Бұл қоянның ізі.

(Ағаш арасында тығылып жүрген қоянды көреміз. Қоян балаларға қарай келеді)

Қоян: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мені таңыдындар ма? Мен мына суықта тонып қалдым, қарыным аш. Маған өзім жейтін тамағымды тауып беріңдерші.

Тәрбиеші : Балалар қоян не жейді? Себетіне сәбіз тауып, салып берейік.

Д/о “Қоян не жейді”

Қоян: Рахмет балалар. Қоян шығып кетеді.Құстардың шулаған дыбысы естіледі.

Мынау не шу?

Ағашта отырған не?

Қандай құстар отыр екен?

Балалар құстарға не жасаған?

Дұрыс, құстар аш қалмасын деп адамдар жемсалғыш жасап, оған жем, нан салады.

Қане жемсалғышқа жем салайық.

Жақсы жарайсыңдар.

Тәрбиеші: Ал енді топқа қайтатын уақытымыз болып қалған сияқты.

Орманшы ата: Шанаға отырыңдар. Мен сендерді жеткізіп салайын.

Орманшы ата: Мен де үйіме қайтайын. Сендерге саяхат ұнады ма?

Тәрбиеші: Рахмет ата, біз орманға барып көп нәрсеге үйрендік.

Орманшы ата: Сауболыңдар балалар.

Ата шығып кетеді

-Қазір жылдың қыс мезгілі

-Қыста ауа-райы суық болады.

-Қар жауып, боран соғады.

-Қардан аққала жасап, қар лақтырып, шана, шаңғы теуіп ойнайды.

-Сәлеметсіз бе!

 

 

Ия, барғымыз келеді. Балалар шанаға отырады.

 

 

Балалар шанадан түсіп, тыныс алу жаттығуын жасайды.

 

 

 

 

 

 

Балалар ағаштарға қарай жүреді

Ол біздің жүріп келе жатқан дыбыс

 

 

 

 

Балалар сұрақтарға жауап береді. Айнала аппақ қар. Ағаштар да қар жамылған.

 

 

 

 

Балалар ағаштарды салыстырып.

Биік

Аласа

 

 

Балалар сөздерді екі тілде айтады.

Ия, көргіміз келеді.

Балалар жайғасып отырып, ертегені көреді.

Балалар қарды қарайды түсін, иісін анықтайды.

Қолына ұстап суық екенін айтады және ол еріп кететіні жайлы айтады.

 

Балалар қолдарын сүртіп, ары қарай жүреді.

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады, қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

 

 

 

 

 

 

Балалар ағаш арасында, жерде жатқан сәбіздерді жинап береді.

 

 

 

 

 

-Құстар.

-Қарға, сауысқан, торғай.

-Жемсалғыш.

Балалар ыдыстан жем алып, жемсалғышқа салады.

 

Балалар шанаға отырып топқа қайтады.

Балалар шанадан түседі.

 

 

-Ия, ұнады.

Рефлексия түзету жұмыстары

— Балалар біз қайда бардық?

— Сендерге саяхат ұнады ма?

Нелерді  көрдік?

Қыста қандай ойындар  ойнаймыз?

Осы ойындарды не үшін жазда ойнауға болмайды?

Демек, қыстың көркі қар екен.

Жақсы қатысқан балаларды мақтау, мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді

 

 

 

Жазда қар болмайды.

Балалар мақтағанға риза болады.

 

Күтілетін нәтиже:  

Біледі:  Қысқы табиғатты бақылап, қарапайым өзгерістерді атай біледі. Жыл мезгілдерін біледі.

Түсінігі бар:  Қысқы табиғат құбылыстары туралы түсініктері бар. Қар тек қыста болатынын түсінеді. Қар жылы жерде еріп, суға айналатыны жайлы түсініктері бар.

Орындай алады: Сұрақтарға толығымен жауап бере алады. Тәжірибе жасай алады.

Өз ойларын жеткізе алады.


ПІКІР ҚАЛДЫРУ