Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: «Әдептілік әлемінде»

0
2647

Шығыс Қазақстан облысы. Семей қаласы

№ 11  «Ертөстік» ясли-бақшасының

II санатты тәрбиешісі

Жексенаева Жадыра Қаныбековна

 

Тақырыбы:  «Әдептілік әлемінде»

Мақсаты: Ізгілік туралы түсінік беру. Тіл мәдениетін жетілдіру. Мәдениетті болудың бастауы- әдептілік жайлы  түсініктерін бекіту. Мәдени мінез-құлықтары әдеттеріне баулу.

Кіріктірілген білім салалары: әлеуметтік орта, қатынас, шығармашылық.

Әдіс-тәсілдері: түсіндіру, әңгімелес, практикалық жұмыс.

Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі-түсті қағаз, қайшы, сазды әуен, сюжетті суреттер, слайд.

Әрекет кезеңдері Тәрбиешінің әрекеті Балалардың әрекеті
Әрекетті туындату, түрткі болу Балалар мына суреттерге қараңдаршы, сонда қай жерге келгенімізді  өздерің де түсінесіңдер

Балалар саяхатқа шығатынына қуанады.

— Бұл «Ізгі сөздер — патшалығы»

Ұйымдастыру, ізденіс жүргізу

-Дұрыс айтасыңдар балалар.

-Бұл патшалықта  қандай дүниеге үйренеміз?

 

 

— Жақсы балалар бүгінгі келген қонақтарға қандай құрмет қошемет сөздеріңді білдіресіңдер.

 

 

 

 

-Өте жақсы, балалар айтыңдаршы осы қошемет сөздерін қандай жағдайларда айтуға болады?

-Дұрыс айтасыңдар. Ал осы сөздерді  өмірде қолдансаңдар сендерді қандай балалар дейді?

-Ал әдеп дегеніміз не?

 

 

 

 

 

— Дұрыс айтасыңдар, ал әдептілік дұрыс амандасудан басталады екен.

Осындай әдепті, ізігі, мәдениетті сөйлеуді сендер қайдан үйренесіңдер?

— Тағы қайдан үйренесіңдер?

Балалар бүгінде біз «Ізгі сөздер патшалығына» саяхатқа  барайық.

Балалар бір  дыбыс естіліп тұрған сияқты, бізге біреу қонаққа келе  жатқан болар.

(Ханшайым келеді)

-Сәлеметсіңдер ме балалар!  Балалар «Ізгі сөздер патшалығында» бір келеңсіз жағдай болды. Ондағы суреттердің бәрі өзгеріп, ізгілік ағашының жапырақтары түсіп қалды сендер маған көмектесесіңдер ме?

 

Олай болса балалар жүріңдер «Ізгі сөздер патшалығына» саяхатқа барайық.

Мен түсінбей тұрмын біздің ізгілік патшалығының суреттері неге көрінбей тұр. Мұнда не бар екенін көрейінші.  Мына сурет  бұл патшалықта болмауға тиісті суреттер тұр ғой бұл қалай болғаны.

1-ші сурет:  Автобуста орын бермей теріс қарап тұрған бала, қасында үлкен кісі бар.

-Бала не істеуі керек еді және қандай мәдениетті сөздер айтуы керек.

— Ал қандай сөздер айту керек?

— Балалар сендер ізгі сөздер патшалығында жүрсіңдер ғой, енді мына суреттерді өзгертулерің керек. Ханшайым: -Суреттерді түзету үшін өздерің білетін әдептілікке, ізеттілікке байланысты мақал-мәтел айтуларың керек.

(суреттер ауысады)

2-ші сурет: Үлкен кісінің жолын кесіп немесе қағып  өтіп бара жатқан бала суреті.

Балалар мына суреттегі баланың қылығы мен, сөздері сендерге ұнай ма?

— Мына суретті қандай  сөзбен түзетуге болады?

-Балалар, қане,  енді тақпақтарымызды айтып берейік.

Ханшайым: — Ой балалар, өте дұрыс айтқан екенсіңдер әне сурет те түзетілді.

-Құрметті қонақтар біздің балалар өкен тақырыптағы «Қонақ келсе, құт»тақырыбында шағын көрініс дайындапты енді соны тамашалаңыздар.

Көрініс: «Қонақ келсе- құт»

— Ал, енді балалар  ізет ағашына көмектесейік ол үшін үстелдің басына отырып жайғасайық.

— Балалар жапырақтарды біз түрлі-түсті қағаздан қиып жасаймыз, бірақ қайшымен жұмыс жасамай тұрып бірінші қауіпсіздік ережесін есімізге түсіріп алайық:

 

 

 

 

 

 

 

Балалар енді жапырақтарды алып Ізет ағашына бір-бір әдепті сөз айтып орналастырайық.

Дұрыс сөйлеуге үйренеміз.

Мәдениетті сөйлеуге үйренеміз.

Әдепті болуға үйренеміз.

Ассалаумағалейкум, қонақтар! Қош келдіңіздер!   Сәлеметсіздер ме! Аман-есен жеттіңіздер ме?

Төр сіздердікі жайғасып жайлы отырыңыздар.

Үйімізге қонақ келгенде

Топ бөлмесіне үлкен кісі келсе

 

Әдепті бала дейді.

Әдеп деген – тәртіпті болу.

Әдеп деген- мәдениетті сөйлеу.

-Әдеп деген- үлкендерге деген қошемет, құрмет көрсету.

-Өзіміздің отбасымыздан үйренеміз.

— Оқу әрекетінен үйренеміз.

— «Ізгі сөздер патшалығы» этностудиясында үйренеміз

 

 

Балалар назарларын тәрбиешіге аударады.

 

Балалар сурет бойынша өз ойларын айтады

 

 

 

— Ия, көмектесеміз

 

Балалар патшалыққа саяхатқа барады.

 

 

 

-суреттегі баланың қылығын айтады. Олай етуге болмайды.

-Үлкендерді сыйлау керек.

-Ата немесе апа менің орныма отырыңыз!

 

 

 

Балалар өздері білетін әдептілікке байланысты мақал-мәтелдерді айтады.

 

 

 

 

Балалар тәрбиешімен бірге әнді орындап орындарына отырады.

Балалар сурет бойынша өз ойларын айтады.

 

-Өтіп кетіңіз немесе асығып жүгіремін деп қағып кеттім кешіріңіз.

Осы суретке байланысты өздері  білетін тақпақтарын айтады

 

 

 

 

 

 

 

Балалардың көріністері

 

 

 

Балалар ізет ағашына көмектесетіндерін айтады

 

Қайшыны ұшымен көзімізге жақын ұстамаймыз

Қайшымен жұмыс істеген кезде сөйлеспейміз.

Аузымызға қайшыны салмаймыз.

Жұмысты аяқтап болған соң, қайшыны жауып орнына қоямыз.

Балалар қағаздан жапырақтар жасап кезекпен-кезек ізгі сөздерді айта отырып ізет ағашына апарып  іледі.

Рефлексия – түзету жұмыстары

 

 

 

 

 

-Ал енді балалар бүгінгі келген қонақтарға арнап «Жақсы көремін» әнін орындап берейік.

-Тамаша балалар қонақтарға арнап қазақ халқының бойтұмарын сыйға тарту етейік.

Балаларды мадақтап жұлдызша таратады.

Балалар әнді орындап, қонақтарға ізгі ниетпен сыйлықтарын таратады.

 

Күтілетін нәтиже

Біледі: Әдептілік, сыпайылық жайлы мақал-мәтел, ізгілік туралы тақпақтар біледі.

Түсінігі бар: Үлкенге құрмет кішіге ізет білдіру жайлы түсінігі бар.

Орындай алады:  Сурет бойынша өз ойларын толық жеткізе алады, қайшымен жұмыс істей алады.

 

 


ПІКІР ҚАЛДЫРУ