Астана қаласында «Қазақстан білім беру ұйымдарының CIS ұйымына ену мүмкіндіктері» атты кеңес өтті

0
1504

26 қараша күні Астана қаласындағы Дарынды ер балаларға арналған «Білім-инновация» лицей-интернатында «Қазақстан білім беру ұйымдарының CIS ұйымына ену мүмкіндіктері» атты халықаралық аккредитация жөніндегі үйлестірушілер кеңесі өтті. Айта кетейік, СІS (Халықаралық мектептер кеңесі) – білім беру саласын дамыту үшін құрылған ұйым. Оған әлемнің 116 елінен 735 мектеп және 616 университет пен колледж мүше. CIS-тің құрамына халықаралық білім беру стандарттарына сай оқу орындары ғана кіре алады. CIS ұйымына қабылдану – оқу үрдісін жетілдіріп, мектептің тұрақты түрде дамып отыруына жол ашады. Қалалық деңгейде ұйымдастырылған семинарға білім беру ұйымдарының басшылары мен үйлестірушілері қатысты. Кеңес барысында CIS ұйымына мүшелікке үміткер мектептердің қызметкерлері тәжірибе алмасып, пікірлерін ортаға салды.  


ПІКІР ҚАЛДЫРУ